Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет20/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Үшінші дағды: ұғыну және бағалау (мәтін хабарламасы). Ұғыну және бағалау мәтінмен танысқанға дейін оқырманға белгілі болған білімге, идеялар мен сезімдерге сүйенуді қамтиды. Ұғыну сұрақтары салыстыру, қарама-қайшы қою және болжау үшін оқушыдан өз тәжірибесіне немесе біліміне жүгінуді талап етеді. Бағалау сұрақтары оқырманға өзінің жеке білімі мен өмірлік тәжірибесіне негізделген пікір білдіруді ұсынады. Мәтіннің мазмұнын ұғыну және бағалау үшін оқырман мәтін ақпаратын басқа мәтіндік емес ақпарат көздерімен байланыстыруы керек, мысалы – мәтінді мақұлдаумен келісу немесе келіспеу. Көбінесе оқырманнан мәтінде талқыланатын тақырыпқа өз көзқарасын білдіру және негіздеу сұралады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің назарын оқу сауаттылығын қалыптастырудағы анағұрлым тиімді білім беру технологияларының әдістері мен тәсілдеріне аудару керек.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер арасында ең тиімді және танымал әдістер – оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы, өнімді оқу технологиясы (авторлар Е.В. Бунеева, О.В. Чиндилова), сабақта бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамыту әдістемесі (Г.А.Бакулина). Сонымен қатар бұл технологиялардың жекелеген әдістері кез келген оқу пәнін оқытуда тиімді болып табылады.
Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамытудың негізгі әдістемелік тәсілдеріне тоқталайық (5-кестеде).


5-кесте. Сыни ойлауды дамытудың әдістемелік тәсілдерінің кестесі



Белсенді оқу және тыңдау әдістері

Бұрын алынған білімді жандандыру әдістері

Оқу материалын графикалық ұйымдастыру тәсілдері

Оқушылардың шығармашылы
ғын талап ететін тәсілдер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет