Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Модельдер нақты заттарды (текшелер, таяқшалар және т.б.) қолдануды қамтитын материалдық



бет77/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Модельдер нақты заттарды (текшелер, таяқшалар және т.б.) қолдануды қамтитын материалдық немесе заттық модельдер және таңбалық-символдық және вербалды белгілерді қамтитын идеалды модельдер болып бөлінеді.
Таңбалық-символдық модельдер аналитикалық (өрнектер, теңдік, теңсіздік, теңдеулер) және графикалық (суреттер, шартты суреттер, схемалар, сызбалар, кескіндемелер) болып бөлінеді.
Вербалды модельдерге қысқаша жазба, кесте және сценарийлер әдісі кіреді, оған жоспар құру, кез келген тапсырманы орындауға қатысты нұсқаулар, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, алгоритмдер құрастыру кіреді.

Идеалды модельдерге вербалды (ауызша-қадамдық алгоритмдер) және таңбалық-символдық (тірек сигналдар: блок-сызбалар, формулалар, кескіндер) болып табылатын алгоритмдер жатады. Ал барлық алгоритмдік модельдер сызықтық, тармақталған, циклдік модельдер болып бөлінеді (28-сурет).



28-сурет. Модельдердің жіктелуі

Математикалық модельдеу бастауыш сынып оқушыларының математикалық іс-әрекетінің жиынтық әдісі ретінде келесі дағдыларды дамытуға ықпал етеді:



  • мектептегі сабақтарда ғана емес, кез келген өмірлік жағдайды модельдеу,

  • модельдерді қолдана отырып, кез келген проблеманың шешімін табу,

  • жаңа білімді меңгеру.

Сондықтан балаларды оқыту мақсатты, жүйелі, дәйекті түрде нақты жағдайға сәйкес модель құрумен, оны процестің динамикасына сәйкес түрлендірумен, жағдайдан модельге және керісінше – түрлендірілген модельден бастапқы жағдайға көше отырып жүзеге асырылады.
15-кестеде ұсынылған бастауыш сынып оқушыларына математикалық модельдеуді үйретудің келесі кезеңдері қарастырылады.


15-кесте. Бастауыш сынып оқушыларына математикалық модельдеуді үйрету кезеңдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет