Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУДА ҚИЫНДЫҚТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



бет81/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚУДА ҚИЫНДЫҚТАРЫ БАР БАЛАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



«… Әлемдегі он баланың алтауы бастауыш білімді аяқтайтын кезге жеткенде әлі оқи алмайды немесе математикалық сауаттылықты меңгермеген. Ересек өмірде тәуелсіз болу үшін қажетті негізгі дағдыларды үйренбеген балалар мен жасөспірімдердің саны 600 миллионнан асады (56%) (ЮНЕСКО Статистикалық институты, 2017). Олардың саны математиканы оқуда қиындықтары бар балалар санынан асып түседі. Дүние жүзіндегі математикалық білім берудегі бірінші кезектегі және ең өзекті мәселе – жалпы білім беру сапасын жақсарту және барлық балалардың лайықты білім алуы үшін мүмкіндіктер ұсыну болатыны сөзсіз [87].
Клиникалық нейропсихолог,
University of Turku даму бойынша менеджері
Пекка Рясянен





Матаматиканы оқудағы қиындықтар: акалькулия, дискалькулия
Біздің өміріміз және қоршаған ортамыз әртүрлі сандарға толы. Қазіргі қоғамның иерархиясында математика жоғары орын алады, бірақ соған қарамастан математикалық қабілеттерді неліктен дамыту керек екендігі туралы толық түсінік жоқ, балалар мен ата-аналар мектепте есептеу дағдыларын меңгеруде көбіне қиындықтарға кездеседі. Сонымен қатар біздің айналамыздың барлығы – математика, ал санау бала кезден игеруі қажет және одан әрі технологиялық тұрғыдан күрделене түсетін қоғамда өмір бойы дамытып отыруы керек негізгі дағдылардың бірі болып табылады.
Есептеуге қабілетсіздік (акалькулия, дискалькулия) – математикалық дағдыларды дамытудың бұзылуы, логикалық ойлауға жауап беретін мидың маңдай бөліктерінің, сондай-ақ арифметикалық амалдарды орындауға тікелей жауап беретін ми бөлігінің белсенділігі төмендеуімен байланысты [88].

Есептеу қабілетінің бұзылуы





Акалькулия

Дискалькулия





Мидың дамуындағы бұзылыс – баланың басынан математикалық дағдыларды меңгермеуі (орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) перинаталдық зақымдануының салдары), туу жарақатының салдары, гидроцефалия, психовербалды дамудың кешігуі, интеллектуалдық қабілеттердің төмендеуі, аутизм көріністері, ЖСЖ (жалпы сөйлеудің жетілімсіздігі) және т.б. [87]
Нарушения развития головного мозга – то есть ребенок изначально не усваивал математические навыки (последствия перинатального поражения центрально нервной системы (ЦНС), последствия родовой травмы, гидроцефалия, задержка психоречевого развития, снижение интеллектуальных способностей, аутистические проявления, ОНР (общее недоразвитие речи) и др [1].

Жүре пайда болған бұзылыс (мысалы, баланың бас сүйек-ми зақымының салдарынан немесе менингиттен кейін санауды ұмытып қалуы) [87]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет