Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Кезең Кезеңнің мазмұны



бет78/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Кезең

Кезеңнің мазмұны

1. «Модель» ұғымының көлемі мен мазмұнын қарастыру

Балалар «модель» ұғымының мәнін және модельдерді қолдану мақсатын түсінеді. «Модель» термині енгізіледі, бірақ анықталмайды, балалар оны түсіну деңгейінде игереді. Зерттелетін объектінің өзі болмаған жағдайда балалар оның орнына бейнелеуге немесе қолдан жасауға болатын басқа заттарды пайдаланады

2. Ұсынылған модельдедің ішінен жарамды модельді таңдау қабілетін қалыптастыру

Модель мен объектінің сәйкестігін анықтауға арналған жаттығулар орындалады

3. Қолданыстағы модельдерді түрлендіру қабілетін қалыптастыру

Модельді аяқтауға, артық элементтерді жоюға, яғни модельді түрлендіруге арналған жаттығуларды орындайды

4. Модельді құрастыру

Объектінің маңызды және маңызды емес белгілері ерекшеленеді және осы белгілерді ескере отырып модель құрастырылады

5. Салынған модель бойынша объектіні зерттеу

Құрастырылған модельдің қолданыстағы қасиеттермен өзара қатынасы мен өзара байланыстары анықталып, қорытынды жасалады

6. Модельден объектіге немесе нақты жағдайға көшу

Модель бойынша қорытындылар нақты объектіге қолданылады

Бастауыш сынып оқушыларына оқу іс-әрекеті процесінде модельдер құрастыруды және қолдануды үйрету зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруда табысты жүзеге асыруға болады. Мұндай жағдайда пәндік, алгоритмдік және басқа модельдер қолданылады. Бастауыш сыныптағы зертханалық-тәжірибелік жұмыстар оқыту әдісі ретінде қарастырылады, оқушылар мұғалімнің басшылығымен және алдын ала жоспарға сәйкес тәжірибелік жұмыстарды орындайды және оларды орындау барысында математикалық модельдеуді қолдана отырып, жаңа оқу материалын зерделейді және түсінеді, жаңа білімді меңгереді (ережелер, формулалар және т.б.). Зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында балалар әртүрлі құралдарды: сызғышты, ораманы, палетканы және т.б. қолданады. Мұндай құралдармен жұмыс істеу балалардың ойлау қабілеті мен ойлау тәсілдерін қалыптастыруға оң ықпал етеді.


Бастауыш сынып оқушыларына математикалық модельдеуді үйрету тек сабақ барысында ғана емес, сонымен қатар үй тапсырмасын ұйымдастыруда да жүргізілуі керек. Шығармашылық жұмыстарды құрастыру бойынша үй жұмысын ұйымдастыра отырып, тапсырмалар құрастыруда, иллюстрациялар жасауда вербалды модельдерді (жоспар – шығарма, баяндама, әңгіме, ертегі жазу кезінде; нұсқаулық – қолөнер жасау, жоба орындау кезінде), заттық модельдерді (қолөнер бұйымдарын жасау), графикалық модельдерді қолдану қамтылады.
Математикалық модельдеуді үйрету сонымен қатар оқушылардың әртүрлі модельдерді жасау және қолдану процесінде жүзеге асырылады: суреттер, шартты суреттер, сызбалар, диаграммалар, кестелер, алгоритмдер (ауызша-қадамдық, формулалар, графиктер, блок-схемалар) және т.б.; дайындалған иллюстрацияларды, қолөнер бұйымдарын жасау және пайдалану, шығармашылық жұмыстарды құрастыру: шығармалар, баяндамалар, әңгімелер, ертегілер, жобаларды орындау, есептер құрастыру тапсырмаларын қолдану кезінде, яғни оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.
Оқушыларды математикалық модельдеудің әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыру
Математика сабағында белгілі бір тақырыпты зерделеу кезінде сыныптағы әрбір оқушы бастапқы математикалық модельдеуді қолдану барысында нұсқау-карточкалар әдісін қолдана отырып, үш түрлі (жаттығу, іздену, шығармашылық) өз бетінше оқып-үйрену жұмыстарын дәйекті түрде орындайды, өз бетінше жұмысты орындау барысында балалардың әрқайсысы өзіне қажетті деңгейдегі нұсқауды таңдайды.
«Тіктөртбұрыштың ауданы» тақырыбындағы үш түрлі үлгідегі өз бетінше оқып-үйрену жұмыстарына мысалын келтірейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет