Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет79/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
1-үлгідегі өзіндік жұмыс
Ені 2 см және ұзындығы 5 см болатын тіктөртбұрышты сызыңыз. Оның ауданын табыңыз.
1-нұсқау: Егер ұзындығы мен ені белгілі болса, тіктөртбұрыштың ауданын қалай тапқанымызды есіңізге түсіріңіз.
2-нұсқау: Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейту керек.
3-нұсқау: Тіктөртбұрышқа қараңыз. Бос шаршыны толтыру арқылы тіктөртбұрыштың ауданын таба аласыз.



2 см
5 см

S = 2 =  см2



2-үлгідегі өзіндік жұмыс
Ауданы 8 см2 және ұзындығы 4 см болатын тіктөртбұрышты сыз.
3-үлгідегі өзіндік жұмыс
Ауданы 12 см2-ге тең қанша түрлі тіктөртбұрыш бар, сен оларды сыза аласың ба? Тіктөртбұрыштарды сыз.
2 және 3-үлгідегі өзіндік жұмыстар үшін нұсқаулар 1-үлгідегі өзіндік жұмыс сияқты әзірленеді. Бақылау кезеңінде өзін-өзі бақылау жұмысы ұсынылады, оны ұйымдастыру кезінде оқу барысындағы өзіндік жұмыстарға құрастырылатын нұсқау-карточкалар қолданылады. Өзін-өзі бақылау жұмысының нәтижелері бойынша мұғалім балалардың осы тақырыпты меңгеру деңгейін бағалайды және қажет болған жағдайда жеке түзету жұмыстарын жүргізеді.
Балаларға математикалық модельдеуді үйрету үшін жоғарыда сипатталған математикалық модельдеуді үйрету процесінің әр кезеңін жүзеге асыратын тапсырмаларды ұсынуға болады. «Модель» ұғымының аясы мен мазмұнын анықтау үшін мұғалім оқушылардың белгілі бір жағдайда заттардың орнына қолдануға болатын басқа заттарды таңдап, іріктеуін ұйымдастырады (мысалы, тапсырмада айтылған алмаларды дөңгелек таңбалар арқылы бейнелеуге болады).
Дұрыс модельді таңдауға берілетін тапсырмалар оқушылардың ұсынылған модельдер ішінен қолайлы модельді таңдау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар балалардың назарын объектінің маңызды белгілеріне (түсі, пішіні, өлшемі, жалпақ немесе көлемді зат) аударады. Мысалы, балаларға ұсынылған фигуралардан тақтаның моделі болатын фигураны таңдауды (сағаттың циферблаты, сыныптағы аквариум және т.б.) немесе мәтіндік тапсырмада қарастырылған жағдайға сәйкес модельді таңдауды ұсынуға болады.



Модельді жалғастырып құрастыруға, артық элементтерді алып тастауға берілетін тапсырмаларды орындау арқылы балалар қолда бар модельді жетілдіру дағдысын қалыптастырады. Мысалы, балаларға дециметр моделін аяқтау тапсырмасы ұсынылады.



Балалар 1 дм = 10 см екенін еске түсіреді және 9 кесіндіге ұзындығы 1 см жетіспейтін кесіндіні жалғап, модельді аяқтайды.
Балалар модельдің құрылысын объектінің маңызды және маңызды емес белгілерін ажыратудан бастайды. Мысалы, балаларға уақытты бір сағатқа дейін дәлдікпен анықтауды үйрету үшін сағаттың моделін жасау қажет. Балалар осы объектінің маңызды белгілерін: бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан 1-ден 12-ге дейінгі сандары бар циферблатты, бір нүктеден шығатын екі нұсқар – кішкентай (сағат) және үлкен (минут) сағат тілін анықтайды, содан кейін көркем еңбек сабағында сағаттың моделін жасайды.
Осыдан соң әзірленген модель бойынша (құрастырылған модель бойынша объектіні зерттеу) балалар уақытты бір сағатқа дейінгі дәлдікпен анықтауға жаттығып дағдыланады. Бұл жағдайда фронталды жұмыс жүргізіледі (мұғалім уақытты айтады, ал балалар оны өздері дайындаған сағат модельдерінде көрсетеді); жұптық жұмыс (бір бала уақытты айтады, ал екіншісі оны сағат моделінде көрсетеді); үй жұмысы (балалар дәптерлде жазылған уақытты өз бетінше көрсетіп жаттығады, келесі сабақта мұғалім ішінара тексереді).
Модельден объектіге немесе нақты жағдайға көшу, мұнда балалар модель арқылы қойылған сұрақтың жауабын немесе шешімін тауып, проблемалық жағдайға оралып, табылған шешімді осы жағдайға ауыстырады. Мысалы, балалар уақытты сағат бойынша қалай анықтау керектігін білсе, мұғалім оларға тапсырма береді:
«Мектептегі алғашқы сабақ 8.30-да басталады. Майра үйінен 8.00-де шығады. Мектептің алдында ол әжесіне барады. Майра өз үйінен әжесінің үйіне дейінгі жолға – 14 минут, әжесімен сөйлесуге – 3 минут, әжесінің үйінен мектепке дейінгі жолға 10 минут уақыт жұмсайды. Майра сабаққа кешігіп қалмай ма?».
Тапсырманың сұрағына жауап беру үшін балалар сағат моделін пайдаланып, сол арқылы Майраның мектепке 8 сағат 27 минутта жететінін анықтайды. Осы уақытты анықтай отырып, балалар модельден алшақтап, тапсырмада қарастырылған жағдайға оралады және тапсырманың сұрағына жауап береді: Майра сабаққа кешікпейді.
Математика сабағында зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерді орындау нәтижесінде қорытындылар жасауына, «жаңа білімді» меңгеруіне мүмкіндік береді.
Зертханалық-тәжірибелік жұмыстың мақсаттарына сүйене отырып, мұғалім тапсырмалар әзірлейді және оларды балаларға ұсынады. Мысалы, тіктөртбұрыштың ауданын оның ұзындығы мен ені бойынша анықтау формуласын «ашу» мақсатында мұғалім келесі тапсырмаларды тұжырымдайды:

    1. Палетканың көмегімен тіктөртбұрыштың (тікбұрышты қағаз парағы (заттық модель)) ауданын табу.

    2. Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енін өлшеу (тікбұрышты қағаз парағы).

    3. Дәптерге тіктөртбұрышты салу және оның ұзындығының, енінің және ауданының анықталған мәндерін жазу.

Зертханалық-тәжірибелік жұмысқа қадамдық нұсқаулық (вербалды модель) әзірлеу мақсатында алдын ала құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу түрінде оқушылардың білетіндерін жаңғыртып, еске түсіру жұмыстары жүргізіледі.
Зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау үшін қажетті жабдықтар айқындалады: сызғыш, тікбұрышты қағаз парағы, палетка.
Осыдан кейін мұғалім балалардан білімді жаңғырту кезеңінде айтылған барлық кезеңдерді қайталауын сұрайды.
Осындай жұмыс нәтижесінде зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау бойынша қадамдық нұсқаулық жасалады. Балалар (ауызша) құрастырған нұсқаулық тақтада немесе оқушылардың парталарындағы қағаз парақтарына жазылады:

  1. Қағаз парағын партаға қойы;

  2. Палетканы тіктөртбұрыштың бетіне тіктөртбұрышты тұтас жабатындай етіп және тіктөртбұрыштың жоғарғы сол жақ бұрышы палетка торларының бірінің жоғарғы сол жақ бұрышына сәйкес келетіндей етіп сал;

  3. Тіктөртбұрыштың ішіндегі шаршының санын есептеп, төртбұрыштың ауданын анықта;

  4. Алынған ауданның мәнін дәптерге жаз;

  5. Сызғыштың көмегімен парақтың көлденең (ұзындығы) және тік (ені) қырларын өлше;

  6. Еркін тіктөртбұрышты сыз және оның ұзындығының, енінің және ауданының анықталған мәндерін жаз.

Балалар құрастырылған нұсқауларға сәйкес тапсырмаларды орындайды. Тәжірибелік бөлімді орындағаннан кейін балалар қорытынды жасайды (жаңа ереже, формула шығару және т.б. ). Оқушылар тіктөртбұрыштың белгілі бір шамасын палеткамен өлшей отырып, ұзындықтың мәнін еніне көбейту арқылы ауданның шамасын анықтайды.
Мынадай формула «шығарылады»: S = а b, мұндағы а – ұзындығы, b – ені.
Осы тәсілмен балаларға жоғарыда аталған басқа әдістемелік жолдарды қолдана отырып, математикалық модельдеуді үйрету жұмыстары жүргізіледі. Балаларға математикалық модельдеуді үйрету бойынша осындай жұмысты ұйымдастыру балалардың бастапқы математикалық модельдеу ұғымын игеруіне, кез келген жағдайды модель ретінде ұсынуына, оны зерттеуге және өз бетінше қорытынды жасауына мүмкіндік береді [84].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет