Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


«Математикалық модельдеу»: тапсырмалар және математикалық



бет76/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82
«Математикалық модельдеу»: тапсырмалар және математикалық
модель, есептерді талдау және шешу, тапсырмалар құрастыру, салыстыру,
есептерді шығару тәсілдері, тапсырманы модельдеу, математикалық тіл


Бастауыш мектепте математиканы оқыту кезінде қолданылатын модельдер дегеніміз белгілі бір құбылысты (процесті, жағдайды) зерттеу, зерттелетін құбылысқа (процеске, жағдайға) ұқсас қажетті дәрежеде осы құбылыстың (процестің, жағдайдың) сипаттамалық қасиеттері мен қатынастарын қамтитын нақты мәселені шешу тәсілін анықтау мақсатында, яғни зерттелетін процесті, жағдайды жеткілікті түрде көрсететін оқушылар жасаған көрнекі объектілер болып табылады, ал математикалық модельдеу – бастауыш сынып оқушыларының есептерді шығару және математиканы оқу барысында жаңа теориялық ережелерді меңгеруде аналитикалық (өрнектер, теңдеулер, теңдік, теңсіздік), графикалық (суреттер, шартты суреттер, сызбалар, схемалар, кестелер), вербальды модель (сценарийлер әдісі: жоспар, нұсқаулық; қысқаша жазба; кесте), алгоритмдік (сөздік-қадамдық, тірек сигналдары: блок-сызбалар, формулалар, бағандар) модельдерді құрастыру, меңгеру және қолдану процесі.
Бастауыш сынып оқушыларына математикалық модельдеуді үйрету балалардың мынадай дағдыларын дамыту ретінде қарастырылады:

  • зерттелетін құбылыстың (процестің, проблемалық жағдайдың) маңызды сипаттамаларын атап көрсету,

  • барлық ерекшеленген қасиеттер мен қатынастарды бейнелеу арқылы осы құбылысты (процесс, жағдай) көрнекі түрде көрсету (яғни, барабар модельді қалыптастыру);

  • модель шеңберіндегі жағдайды шешу, нәтижеге қол жеткізу, содан кейін оны зерттелетін құбылысқа (процесс, жағдай) пайдалану (түсіндіру),

  • жинақтап қорыту, қорытынды тұжырым жасау.

Осының нәтижесінде бастапқы модельдеу тәсілдерін игеру негізінде математикалық білімді жүйелі және дәйекті түрде қолдануды қамтитын және қажетті дәрежеде көмекті қолданудан тапсырмаларды өз бетінше оқуға ынтасы мен ерік-жігері артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет