2-тапсырма. Кесілген мата қиындысы шаршы пішінді екеніне көз жеткізу үшін тігінші оны диагоналінің бойымен бүктеп, екі жағын бір-бірімен беттестіріп көрді. Осылай тексеру жеткілікті ме?
3-тапсырма. Бірдей өлшемді стақандарды барлығы өзара жанасатындай бір-біріне тигізіп қойылған. Барлық стақандардың саны қанша
4-тапсырма. Шиенің жұмсақ бөлігінің көлемі оның сүйегінің көлемінен неше есе артық? Жұмсақ бөлігінің қалыңдығын сүйектің қалыңдығына тең деп есептейміз.
5-тапсырма. Қандай жұмыртқаны сатып алған тиімді: 100 теңгеден ұзындығы 60 мм жұмыртқаны ма, әлде 75 теңгеден 55 мм-лік жұмыртқаны ма?
6-тапсырма. Қаңылтыр ұсталары мен ағаш шеберлері шеңбердің ұзындығын анықтау үшін көбіне мынадай техниканы қолданады: олар берілген шеңбердің 6 радиусына тең ұзындықты алып, оған осы шеңберге іштей сызылған шаршының қабырғасы қиятын кіші сегменттің биіктігін қосады. Осы тәсіл нәтижесінің дәлдігін бағалаңыздар.
7-тапсырма. Біреу қалыңдығы шаштың жуандығындай (0,1 мм) секундтық бөліктері бар транспортир жасағысы келеді. Мұндай транспортирдың радиусы қандай болу керек?