15-тапсырма. Әр үшбұрыштың х - белгісіз қабырғасының ұзындағын табыңыз.
16-тапсырма. Өндірілген тұз суретте көрсетілгендей конус тәрізді үйіндіде сақталады. Конустың табаны 80 фут. Конус 320 бұрышпен көлбеу жасайды. Конустың h биіктігін табыңыз. Содан кейін үйіндінің s ұзындығын табыңыз.
17-тапсырма. Діңгекті бекіту үшін 4 трос орнату керек. Әрбір тростың бір ұшы 12 м биіктікте, екіншісі мачтадан 5 м қашықтықта жерге бекітілуі тиіс. Мачтаны бекіту үшін 50 м кабель жеткілікті ме?
18-тапсырма. Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті тепе-теңдік жағдайынан 60° бұрышқа бұрды. Жіптің ұзындығы АС=20 см. Жүктің биіктігі тепе-теңдік жағдайымен салыстырғанда қаншалықты өзгерді?
19-тапсырма. Футбол добы биіктігі 8 м қақпадан 10 м қашықтықта тұр. Футболшы допты соқты. Соққан доп қақпаның жоғары кермесіне тиді. Ойыншы допты жерден қандай бұрышпен соққан? Доп қанша ұзындыққа ұшқан?
20-тапсырма. Асан үйден шығып, батысқа қарай 500 м жүрді. Содан кейін ол солтүстікке бұрылып, 300 м жүрді, содан кейін ол шығысқа бұрылып, тағы 100 м жүрді. Үйге қайтып оралу үшін ол шығысқа қарай қандай бұрышпен жүруі керек? Жауапта градустың бүтін санын көрсетіңіз. (Калькулятор немесе тригонометриялық функциялар кестесін қолданыңыз).
21-тапсырма. Орманшы орманға кіріп, екі сағат бойы солтүстікке қарай, содан кейін бір жарым сағат сол жылдамдығымен шығысқа қарай жүрді. Ол орманға кірген жерге қайта оралу үшін оңтүстікке қарай қандай бұрыш жасап жүруі керек? Жауапта градустың бүтін санын көрсетіңіз. (Калькулятор немесе тригонометриялық функциялар кестесін қолданыңыз)
22-тапсырма. Ұзындығы 50 м өрт сөндіру сатысы 72° бұрыш жасап қабырғаға сүйеп тұр. Егер ол жерден 1 м биік орыннан қойылған болса, сатының жерден жоғарғы ұшына дейінгі биіктікті табыңыз.
23-тапсырма. Биіктігі 30 м құрылыс нысанының жердегі көлеңкесі 45 м. Калькуляторды немесе тригонометриялық функциялар кестесін қолдана отырып, күн сәулесінің көлбеу бұрышын табыңыз. Жауапта градустың бүтін мәнімен көрсетілген жуық санды көрсетіңіз.
24-тапсырма. Үйдің баспалдағының көлбеу бұрышы 58о. Ені 20 см болатын баспалдақ сатыларының биіктігін табыңыз.
25-тапсырма. Саяжай үйінің ені 6 м, оның көлбеу шатырының ұзындығы 5 м. Шатыр неше градуспен көлбеу жасайды?
26-тапсырма. Жердегі бір нүктеден таудың шыңы 30о жасап көрінеді. Тауға 1000 м жақындаған кезде оның шыңы 45о бұрышпен көрінді. Таудың биіктігін табыңыз (жуықтап). Жауабын бүтін мәнге дейін дөңгелектеңіз.
27-тапсырма. Суретте көрсетілген деректерді қолдана отырып, кемеден АВ жағалауына дейінгі қашықтықты табыңыз. Жауабын бүтін мәнге дейін дөңгелектеңіз.
28-тапсырма. М. В. Ломоносов атындағы ММУ бас ғимараты мұнарасының биіктігі 240 м. Осы мұнара 200 м қашықтықтан қандай бұрышпен көрінеді?
29-тапсырма. Футбол қақпасының ұзындығы 8 ярд. Өлшемі суретте көрсетілгендей қақпашының тіктөртбұрышты алаңы белгіленген. Осы алаңның C нүктесінен қақпа көрінетін бұрышты табыңыз.
Жазықтықтағы векторлар. Векторларды қолданып геометриялық есептер шығару 1-тапсырма. Векторлар арасындағы бұрыштарды табыңыздар.
1) және ; 2) және ; 3) және ; 4)және ; 5) және; 6) және .
2-тапсырма.ABCD – параллелограмм, ВМ = МС, . векторын және векторлары арқылы өрнектеңіз
3-тапсырма.. Берілген векторларды және векторлары арқылы өрнектеңіз:
=
=
=
4-тапсырма. АВСD – ромбы берілген. Е ϵ ВС, ВЕ : ЕС = 3 : 1, К – DC-ның ортасы, , . , және вектрларын және векторлары арқылы өрнектеңіз.
5-тапсырма. АВСD квадратының СD қабырғасында P нүктесі белгіленген: СР = PD, О-диагональдардың қиылысу нүктесі. BO, BP, PA векторларын a=BA, b=BC векторлары арқылы өрнектеңіз.
6-тапсырма. АВСD квадратының СD қабырғасында Е нүктесі орналасқан: СЕ = ЕD.
О - диагональдардың қиылысу нүктесі. векторларын векторлар арқылы өрнектеңіз.
7-тапсырма. Дәрия мен Әли көліктерді көлбеу жазықтықта сырғанатып ойнайды. Суретте машинаға әсер ететін күштер көрсетілген –– қалыпты тірек реакциясының күші, – ауырлық күші және–үйкеліс күші.
1) векторлардың қосындысын пайдаланып, сары машинаның неге қозғалмайтынын түсіндіріңіз.
2) балалар қызыл машина үшін жазықтықтың бұрышын арттырды. Бұл жағдайда көліктің неге төмен сырғығанын түсіндіріңіз.
Жазықтықтағы түрлендірулер. Жазықтықтағы түрлендіруге есептер шығару
1-тапсырма. О нүктесіне қарағанда А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін салыңыз.
2-тапсырма. О нүктесіне қарағанда АВ кесіндісіне симметриялы А1В1 кесіндісін салыңыз.
3-тапсырма. Үшбұрышқа тиісті емес кез келген О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы А1В1С1 үшбұрышын салыңыз.
4-тапсырма. MKE үшбұрышына тиісті О нүктесіне қарағанда MKE үшбұрышына симметриялы М1К1Е1, үшбұрышын салыңыз
5-тапсырма. а түзуіне қарағанда А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін салыңыз
6-тапсырма. а түзуіне қарағанда АВ кесіндісіне симметриялы А1В1 кесіндісін салыңыз.
7-тапсырма.Кезкелген а түзуіне қарағанда көпбұрышқа симметриялы көпбұрыш салыңыз.
8-тапсырма. Кезкелгенкөпбұрыштың бір қабырғасына қарағанда оған симметриялы көпбұрыш салыңыз
9-тапсырма. А нүктесін сағат тілімен О нүктесінен 60° бұрғанда пайда болатын нүктені салыңыз.
10-тапсырма. АВ кесіндісін сағат тіліне қарсы О нүктесінен 105° бұрғанда пайда болатын кесіндіні салыңыз.
11-тапсырма. Үшбұрышты сағат тілімен кез келген О нүктесінен 70° бұрғанда пайда болатын фигураны салыңыз.
12-тапсырма. Көпбұрышты сағат тіліне қарсы оның кезкелген бір төбесінен 45° бұрғанда пайда болатын фигураны салыңыз.
13-тапсырма. А нүктесін А1 нүктесіне ауыстыратын параллель көшіруде С нүктесі ауысатын С1 нүктесін салыңыз.
14-тапсырма. А нүктесін А1 нүктесіне ауыстыратын параллель көшіруде ВС кесіндісі ауысатын В1С1, кесіндісін салыңыз.