11.6. Тақырыбы: Құзырет және құзыреттілік: ҚР 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының негізгі бағыттары
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
«Құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарының мәні.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасындағы түйінді құзыреттіліктер.
Оқу нәтижесі ретіндегі түйінді құзыреттіліктер: ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шеше білу.
Студенттердің өз әрекеттерін жоспарлауы
Дәріс тезисі
Құзыреттілік-міндеттерді шешудегі адамның қабілеті. Ю.Скжипчак пікірі бойынша құзыреттіліктер ішінде кейде бір нәрсеге қабілеттіліктің білім, білікке және осы қабілеттілікті қолдану қажеттілігімен сенім дәрежесіне, басқа сөзбен айтқанда, бір міндетті орындау мотивациясына бағынышты құзыреттер бөлінеді. Құзыреттіліктерді топтарға (оқу және кәсібилік қызметтегі құзыреттілік, оқу және кәсіби қарым-қатынас құзыреттілігі және оқушы және мұғалім тұлғасын жүзеге асыру құзыреттілігі) және әр топ ішінде түрлерге бөлуге болады бір-бірімен байланысты тұлғалық қасиеттер (білім, білік, дағды, әрекет тәсілдері) жиынтығы
Құзыреттіліктерді топтау:
Оқу және кәсіби құзыреттілік
Оқу және кәсіби қарым-қатынас құзыреттілігі
Оқушы және мұғалім тұлғасын қалыптастыру құзыреттілігі
Әдебиеттер
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім.
Ж.Б.Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев.Педагогика.Алматы,2009ж
С.А.Мұсаева., Т.Б.Бегалиев.Жас ерекшелік педагогикасы.Астана, 2009.
В.Н.Дружинина. Психология.Санкт-Петербург, 2010.
12 жылдық мектепте оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы ереже.
Астана, 2009
Достарыңызбен бөлісу: |