Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
«Дос доспен!» сергіту ойыны 
Нұсқау: Қазір сендер өте бір қызық ойынды ойнайсыңдар. Ол үшін 
жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңе серіктес 
тауып алып, тез-тез онымен қол алыс. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»: 
Оң қол оң қолмен! 
Мұрын мұрынмен! 
Ал «Дос доспен!» деген бұйрықты естігенде жұптарыңды айырбастайсыңдар. 
Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін 
білеміз. 
-Сезім деген не? 
-Олар қалай бізге әсер етеді? 
-«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалдың мағынасы қандай? 
-Біз бір нәрсені жасар алдында, ойлануға үлгереміз бе? Қандай мысал келтіре 
аласыңдар? 
«Сүйсіну және ренжу» ойыны 
3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жұмып, сүйсінген және ренжіген уақытта не 
істейтініңді ойла. Бірінші сүйсінген сәтіңді елестет. Осы тұста сен не сезіндің? 
Сүйсінуіңді денеңнің қай жерінен сезіндің? Сонда сен не істейсің? Енді ренжіген 
сәтті елестет... Не сезіндің? Денеңнің қай тұсында не пайда болады? Не істейсің? 
3-4 рет терең тыныс ал да, көзіңді аш, ренжіп жүрмін деп анық та айқын ойлап, 
бөлмеде ары-бері жүр. Бір минутқа тоқтап қал. Көңіл-күйіңді өзгерт. Сүйсінген 
сәтте өзіңді қалай ұстар едің, еш қысылмай өзіңді еркін ұста... 
«Жаңбыр жауып тұрғанда мен... туралы ойлаймын» жаттығуы 
«Күннің көзі шығып тұрғанда, мен... туралы ойлаймын»... 
Далада жаңбыр жауып тұр деп ойла. Мұндай күндері сен не туралы ойлайсың? 
Не сезінесің? Не жасайсың? Енді күннің көзі шықты, жайма-шуақ тамаша, сен 
ұнататын жыл мезгілі деп елестет. Осындай күндері сен не ойлайсың? Не 
сезіндің? Не істегің келеді? Осыны бейнеле. 
Талдау. 


22 
Сабақтың рефлексиясы 
Менің бұл сабақтан алған тәлімім... 
Маған ұнағаны... 
Маған ұнамағаны... 
Менің естігім, білгім, жасағым келгені... 
Жаттығудың аяқталуы « Шеңбер бойынша қол алысу» 
Жаттығудың қорытындысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет