Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Сурет 5– Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үрдісінің құрылымы



бет19/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Сурет 5– Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үрдісінің құрылымы
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.

Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.

Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.

Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.

Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.

Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.

Сөйтіп, оқу-танымдық белсенділік – оқушының іс-қимыл жағдайы ғана емес, осы іс-қимылдық сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани ерік, күш-жігерін, оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді.

Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытынды жасауға әкелді: белсенділік – оқушының алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет-тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.

Көптеген ғалымдар оқыту әдістерін мазмұнына, қолданылуы мен іс-әрекет түрлеріне, мақсатына, мәніне қарай түрліше топтайды. Жалпы оқыту әдістерін талдап, жүйелей отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістері тобын мынадай негіз бойынша топтауға болады:

1. Ақпараттың берілуі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстүрлі әдістер жүйесі (А.Я.Голанд, И.П.Огородников, С.П.Петровский): сөздік әдіс (әңгіме, әңгімелесу, дәріс,т.б.); көрнекілік (демонстрация, көрсету, т.б.) [104, 105, 106].

2. Оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті бойынша – Лернер – Скаткин топтаған әдістер жүйесі: баяндау, иллюстративті әдіс, репродуктивтік әдіс, проблемалық баяндау әдісі, ішінара-іздену немесе эвристикалық әдіс, зерттеушілік әдіс [62, 17 б.78, 23 б.].

3. Мұғалім іс-әрекетті компоненті бойынша – Ю.К.Бабанскийдің әдістер жүйесі, бұл оқыту әдісіне 3 үлкен топ әдістер кіреді [73, ]

а) оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру (сөздік, көрнекілік, практикалық, репродуктивті және проблемалық индуктивті, өзіндік жұмыс).

б) оқу-танымдық әрекеттегі мотивация және реттеу әдісі (қызығушылықты қалыптастыру әдісі: танымдық ойындар, өмірдегі жағдайларды талдау, т.б.; оқытуда жауапкершілік пен міндетті қалыптастыру: оқытудың қоғамдық және жеке тұлғалық маңызын түсіндіру, педагогикалық шарттарды ұсыну).

в) бақылау және өзіндік бақылау әдістері (ауызша және жазбаша бақылау, лабораториялық және практалы жұмыс, бағдарламаланған бақылау, т.б.)

4. Оқушы мен мұғалімнің ішкі және сыртқы іс-әрекеттерінің сабақтастығы бойынша – М.И.Махмутовтың әдістер жүйесі [73, 23 б.] проблемалы дамыта отырып, оқыту әдістері орта мекеп жағдайында жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруда тиімділігі тәжірибе жүзінде анықталды. Әдісті нақты жағдайда қодану үшін оны төмендегідей жоспар бойынша талданды: белгілері-анықтамасы - негізгі қызметі-ережесі-қолданылуы-басқа әдістерден айырмашылығы.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің қазіргі жағдайын анықтау үшін аталған қасиеттің даму деңгейлері және оны бағалау туралы мәлімет қажет.

Зерттеушілер бұл мәселе бойынша түрліше пікірлер айтады. Мысалы: Н.А.Половникова оқушының танымдық әрекетінің мынадай деңгейлерін көрсетті [53, 101-б.]:

- бірінші деңгей – (көшірмелі әрекет) – танымдық әрекеттің негізгі формасы үлгілерінің көшірмесін жасай білуі;

- екінші деңгей – (өндіру-таңдау) – танымдық әрекеттің негізгі тәсілдерін игеру, оларды таңдау және алғашқы шығармашылық тұрғыда қолдану;

- үшінші деңгей (шығармашылық) – танымдық әрекеттің барлық тәсілдерін таңдап, оларды шығармашылық деңгейде қолдану.

П.И.Пидкасистый танымдық дербестіктің даму деңгейлерін былай сипаттайды [70, 23 б.].

- репродуктивті деңгей (неғұрлым төменгі) – танымдық тапсырманы тек қана үлгі бойынша орындайды;

- қайта жаңғыртушы деңгейі – оқушы белгілі үлгілер, нұсқаулар бойынша әрекет етеді;

- вариантты (ішінара іздену) – жаңа тапсырмаларды өздігінен орындайды, бірақ кейбір тұстарын оқытушының көмегімен орынайды;

- шығармашылық (жоғары) – мәселені оқушы өзі талқылап, өзі шешеді.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.

Мазмұнды оқулық ақпаратында оқытудың мазмұнын құрайтын материалдан басқа оқытушы мен оқушының нысаналы қарым-қатынасын қамтамасыз ететін ақпарат қамтылады. Келтірілген пайымдауда оқу үрдісіне қатысушылар арасындағы тығыз қарым - қатынас рөлі ерекше атап көрсетіледі.

Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.

Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.

Белгілі бір дәрежеде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу-танымдық іс-әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі (6-сурет). Оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет