Тақырыбы 11
|
Публицистикалық стиль
|
Мақсаты:
|
Публицистикалық стиль ерекшеліктері мен қолданылу аясы туралы мәліметтер беру. Күнделікті өмірде публицистикалық стиль мәдениетін пайдаланып, мақала жазумен айналысуға ізденіс жасау.
|
Күтілетін нәтиже
|
Публицистикалық стиль ерекшеліктері мен қолданылу аясы туралы мәліметтер алады. Күнделікті өмірде публицистикалық стиль мәдениетін пайдаланып, мақала жазумен айналысады.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Ыстық орындық» әдісі, «Презентация», негізгі идеяны суреттеу стратегиясы, ашық және жабық сұрақтар стратегиясы,
|
Қолданылатын ресурстар
|
Бейне көрсетілім, кеспе қағаздары, оқулық, А3 қағаз, маркер
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
|
«Сөзі қандай болса, адам сондай», «Сөйле, сенің қандай екеніңді білейін» (Сократ)
«Сөзіне қарап, кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма» (Абай)
Публицистикалық стиль дегеніміз ...
|
Тыңдайды.
|
Білу
|
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады. Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар етеді.
Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
Шешендік сөздер, даналықтар көп қолданылады.
Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады. Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.
|
Публицистикалық стиль туралы айтады.
|
Түсіну
|
2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
Мақала не туралы жазылған ? Мазмұнына тоқталыңдар.
Мақала қандай стильде жазылған ? Оның стильдік ерекшелігі неден көрініп тұр?
|
Арманы туралы жазады.
|
Қолдану
|
Оқушы редакцияға келіп түскен мақалаларды сұрыптап, газет бетіне жариялауға тырысады.
Газетті редакция алқалары қорытындылайды.
|
Мақалаларды сұрыптайды. Жариялайды.
|
Талдау
|
Сұрыптап жариялаған мақалаларын талдайды.
|
Талдайды.
|
Жинақтау
|
«Суретті кеспелер» әдісін қолдана отырып сабақты қорытындылаймын.
|
Сурет бойынша көркем әдебиет стильіне тән сөйлемдер құрастырады
|
Бағалау
|
Мен көркем шығарманың адам өміріне пайдалылығымен келісемін, себебі ...
|
Ойларын айтады. Дәлелдейді
|
Рефлексия
|
«Сабақ бойынша ойыңды білдір»
|
Сабақта білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады.
|