Білім беруді дамыту орталығы 10-11-сыныптарға арналған



бет22/76
Дата12.03.2023
өлшемі1,38 Mb.
#73460
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Байланысты:
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі Нурсапина С.У. (2) (1)

Тақырыбы 16

Ғылыми стильдің негізгі жанрлары

Мақсаты:

Оқушыларды ғылыми стильдің негізгі жанрларымен таныстыру; Сол жанрларды тәжірибе барысында пайдалану.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ғылыми стильдің негізгі жанрларымен танысады; Сол жанрларды тәжірибе барысында пайдаланады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары

Қолданылатын ресурстар

АКТ, кестелер, сөздіктер

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту

Әр маман иесіне қажетті стиль қандай?

Сұраққа жауап береді.

Білу



1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
1.Ойды дәл және тұжырымды етіп жеткізуді көздейді.
2.Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады.
3.Осы талаптарға жету үшін эмоцияға,экспрессияға көп жол берілмейді.
Ғылыми стильдің тілдік көріністері.
1.Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын ,соған арналған терминдер мол орын алады.
2.Процестерді ,тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп ,түйіндеп айту негізгі тәсіл болады.
3.Тұрақты үлгідегі сөздер,сөйлемдер ,сөз тіркестері молынан жұмсалады.
4.Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады.
5.Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады.

Оқиды. Сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.
Ғылыми мақала – түсінік берілмеген, арнайы терминдері көп. Құрмалас сөйлемдер. Оқулық – қатаң классификация, жалпыдан жалқыға, арнайы терминдері түсіндірілген. Энциклопедия – терминдері аз (нақты түсіндірілген), түсінуге жеңіл.
Ғылыми мақала дегеніміз не? ...

Оқиды. Әңгімелейді.



Қолдану

3-тапсырма.Термин сөздерді жазады. Термин сөздердің жасалу жолдары туралы білімдері еске түседі.
Кәртішкедегі теориялық мәліметтер негізіне сұрақ дайындаңдар. Ғылыми стильдің ерекшелігін атаңдар, түрін анықтаңдар.
Мәтінді оқып, стилін анықтаңдар, мысал келтіріп дәлелдеңдер.
Мәтін ... жатады. Себебі ... . .... ерекшеліктері бар.
Ғылыми мәтіннің ерекшелігі, тілі, түрі.
Адам органикалық әлем жүйесінде өмір сүру керек. Қаптаған бағдарламалар рөлі. Неге ақтық сөзін айтады? (ғылыми стильге жататынын тауып дәлелдеңдер).

Жазады.

Сұрақтар дайындайды.



Талдау

4-тапсырма. Ғылыми мәтін. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңдер.
Қандай қызық ақпарат алдыңдар?
Стилін анықтап дәлелдеңдер.
Мәтінге атау қойыңдар.
Мәтінді талдаңдар.
1.«Тағы да» кілті - жаңалық ашылды! Эврика
2.«Салыстыру» кілті - ғылыми стиль мен көркем әдебиет стильдерін салыстыру
3. «Конструктор кілті» -«Болмасаң да, ұқсап бақ» ғылымдағы соңғы жаңалықтар.
4. «Жаңа дизайн» кілті - кітапқа басып шығару үшін берілген мәтіннің иллюстрациясын жасаңдар (сурет салу, таныстыру)

Оқиды.

Талдайды.



Жинақтау

5-тапсырма. Жай мәтінді ғылыми стильде жазыңдар.

Жазады.

Бағалау

Сөз байлығы маған болашақта .... қажет. Сөздік қорымды байыту үшін мен біріншіден ..., екіншіден ... және т.б. жасап еңбектенемін.

Ойларын айтады.

Рефлексия

Смайликтер
Барлығы түсінікті;
Жартылай түсінікті;
Түсінген жоқпын.

Оқушылар жартылай түсінгендерін, түсінбегендерін жазып, плакатқа жапсырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет