Диэлектрлік шығынға полимер тізбегіндегі
буындардың химиялық құрылысы, полюстік топтардың табиғаты мен саны, орынбасарлардың ауқымы, төмен молекулалық қоспалар (пластификатор, толық- тырғыш),
көлденең тігілу, қысым және т.б. әсер етеді. Жоғарыда келтірілген факторлар негізінен буындар мен сегменттердің қозғалғыштығына, яғни релаксация уақытына әсер етеді.
Диэлектрлік өтімділік пен диэлектрлік шығынның мәндері полимерлерді диэлектрик ретінде іс жүзінде қолданғанда өте қажет.
Полимерлік жартылай өткізгіштер
Жартылай өткізгіштер деп электр өткізгішітігі 10-9-10-3 см/м полимерлерді айтады. Оларға қос байланысы қосарланған полимерлер, заряд тасымалдайтын полимерлік комплекстер,
тәуелді емес тұрақты; ∆Е
ө − өткізгіштіктің активтену энергиясы.
Активтену энергиясы қос байланыстың саны артқан сайын артады, бірақ олардың саны
белгілі бір мөлшерге жеткенде, активтендіру энергиясы тұрақталады. Молекуладан ірі құрылымды өзгерту арқылы диэлектриктің өткізгіштігін реттеуге болады.
Заряд тасымалдайтын полимерлік комплекстерде электрөткіз- гіштік донор-акцепторлы комплекстің түзілуімен түсіндіріледі, электрон донор орбиталінен акцептор орбиталіне өтеді.
Жартылай өткізгіштер ретінде ток өткізгіш толықтырғыштар енген диэлектриктерді пайдалануға болады. Толықтырғыштар болып металл ұнтақтары, графит және техникалық көміртек қолданылады. Бұл полимерлердің электрөткізгіштік қасиеті толықтырғыштың мөлшеріне және бөлшектердің орналасу сипатына, бөлшектердің бір-бірімен жанасуына байланысты. Осы
параметрлерді өзгерте отырып, композицияның электрөткізгіштігін кең ауқымда өзгертуге болады, яғни жартылай өткізгіштік немесе электрөткізгіш материал алуға қол жеткізіледі.
Электрөткізгіш полимерлер
Соңғы 20 жылда кейбір электрөткізгіш металдардан кем түспейтін, яғни полимерлердің жаңа түрі − электрөткізгіш полимер- лер табылды. Бұл бүкіл ғылым саласындағы үлкен таңғаларлық оқиға