«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм»



бет4/19
Дата23.01.2023
өлшемі104,21 Kb.
#62446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Т

Тіл- татулық тірегі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, қасиеті шексіз. Ол әрбір адамның бойына ана сүімен бірге еніп, дариды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп атап өткен.
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір бірінен даралап тұратын басты бойтұмары-туған тілі. «Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті», – деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап,аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, яғни бабалардан аманат болып келе жатқан күмбезді тілімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің заманымыздың үлесінде. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры, ол тек мемлекеттің саясатымен, мемлекеттік мекеменің ісімен шешілмейді. Мемлекеттік тілдің дамуы жолында қазақ халқының әр перзентінің атқаратын қызметі мен қосатын үлесі зор. Өйткені, тіл мәселесі өте маңызды мәселе, біріншіден, тіл – өзімізді ұлт ретінде сақтаудың қорғаны, екіншіден, барлық қазақ-стандықтарды біріктіруші ортақ байлығымыз. Олай болса, мемлекеттік тілді білу – әр жанұяның, әр ұжымның негізгі мақсаты, біз тіл арқылы ғана ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды ұрпаққа аманаттай аламыз.
Қазіргі таңдағы біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру. Бұл мәселені шешу жолдары «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі – мемлекеттік тілді ұлт бірлігінің басты факторы ретінде нығайту, екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат – Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
Қазіргі кезде Қазақстан дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Ашық демократиялық қоғам орнатып, әлемдік кеңістікке кіру үстінде. Қазақстанның даму жолы бүгінгі күні посткеңестік елдердің көпшілігіне үлгі-өнеге боларлық. Мұндай жетістіктерге қол жеткізуде көптеген даму стратегиялары белгіленіп, сол стратегияларды жүзеге асыруды басымдықтармен жіктеп, оның жүзеге асырылуын Елбасымыз қатаң қадағалап, жылма-жылғы халыққа Жолдауында дүйім жұртқа мәлімдеп отыр. Сондықтан, басты нысананың бірі – мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің, ұлттық тіліміздің даму үрдісін үдету, мерейін асқақтату, толыққанды өз қызметін атқара алатын, еркін өмір сүре алатын жанды, өшпес жүйе ретінде орнықтыру.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік… біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санасады. Бұл орайда біз – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызуымыз қажет» – деп атап көрсеткені әрқайсымыздың күнделікті жұмысымыздың асыл арқауына айналуы керек. Мен қазақ тілінің жанашыры, тәжірибелі маман ретінде қазіргі таңда мемлекеттік тілге толыққанды көшу үшін және қазақ тілінің беделін одан әрі нығайту үшін, ең алдымен, мемлекеттік тілді оқытудың мазмұны мен сапасына көңіл бөлу қажет деп есептеймін. Өйткені, анамыздың сүтімен бойға даритын тілдің әр адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы орны ерекше. Бүгінгі қоғамның да алдымызға қойып отырған басты талаптарының бірі – өз ойы мен пікірін өз ана тілінде еркін жеткізе алатын, сол арқылы кез келген ортаға тез бейімделе білетін, сөйлеу тілі қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Басқарманың мемлекеттік тапсырыс аясындағы жоспары бойынша мемлекеттік
Еліміздің күнтізбесінде 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі ретінде белгіленген. Тіл – қатынастың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені, ана тілінің өмір сүру кеңістігін тілді сақтау, ал тілді сақтау ел тұтастығын сақтау.
Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі. Тіл – ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры. Сол болашақтың берік іргетасын бүгін қалауымыз қажет. Осы қағидатты ұстанып отырған құзырлы орган – Алматы қаласы Алатау аудандық Әділет басқармасының ауқымды істері өз жалғасын таба беретін болады, өйткені тіл білу бәсекеге қабілетті бүгінгі заман адамының міндеті.

Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, мәселен, өркениетті елдердің қай-қайсысына барсаңыз да, мемлекеттік тілдерінің үстем екенін байқайсыз. Сол елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлеп, бір тілде тіршілік жасайды. Ал, бірақ ұлттары әртүрлі болуы мүмкін. Демек, мемлекеттік тілдің өзі қоғамды топтастырып, елді біріктірудегі тигізер үлес-салмағы аз емес. Осы тұрғы­дан келгенде мемлекеттік тілді ар­дақтап, құрметтеуді әрбір қоғам мүшесі саналы түрде үйренсе дейсің. Президентіміздің жуыр­дағы мақаласында санамызды өзгерту жайы жақсы айтылды. Сананы өзгертудің бір ұшы мемлекеттік тілге деген оң көзқарас орнықтырып, соған сай әрекет етуге көшуде жатқан жоқ па?!


Еліміздің ұлтаралық саясаты – достыққа, бірлік пен ынты­маққа негізделіп келеді. Бұл дұрыс. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ал енді осы құндылықтар арқылы қоғам мүшелері қазақ тілі­нің дәрежесін арттыруға күш салып, белсенділік танытулары керек-ақ. Бірақ ондай белсенділік әзірге байқал­май келе жатқанын несіне жасы­райық. Бұған қашан және қай уақытта жетеміз? Жету үшін соған деген ниет, ықылас та, ең бастысы қолдау керек. Әрбір азамат мемлекеттік тілді мең­геріп алуды өзі үшін парыз деп білсе және соған мақсатты түрде әрекет жасаса, нәтиже де ойдағыдай болады.
Ашығын айтайық, қазақ тілін үйренуге көбі әлі де сел­қос, немқұрайлы қарап жүр. Ал мем­лекеттік тілге басымдық берген елдің тұтастығы берік болатындығын да ұмытпағанымыз абзал. Елбасымен жүздесуінде жазушы Смағұл Елубай ағамыз жақсы айтты. "Біз қазір біртілді болмауымыздан екіге бөлініп отырмыз" деді жазушы. Шын мәнінде солай. Қазақтілділер бір бөлек, орыстілділер бір бөлек кеңістікте өмір сүруде. Осы мәселені мемлекеттік тіліміздің мүддесіне орайластырып шешетін кез келген сияқты.
Екінші бір мәселе, Кеңестік кезден қалған түсінік пе, біз мемлекеттік тілімізде батыл сөйлеп, кеңінен қолдануды үйрене алмай келеміз. Мұның да өз әсері бар. Көп жағдайда қазақ тілінің мәртебесі биік екені білінбей қалып жатады. Осыны қаперімізден шығармасақ екен. Қоғамның өзі мемлекеттік тілді өркендетіп, туын биікке көтеруге серпіліс жасауы керек.
Тіл – татулық тірегіне айналсын. Бір шаңырақ астында жарасымды тіршілік кешіп жатқан түрлі этнос өкілдері қазақ тілін жаппай меңгеруге күш салса, «бір ұлт – бір ел» ұстанымы жүзеге асқан болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет