Ащы ішектегі ас қорыту.ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Ұйқы безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу және даму қарқындары бауырда да байқалады.
Ішек бүрлерінде астың қорытылуы.ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителиінің микробүрлері болады (34-сурет). Олардың саны оте көп — 1 мм2ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым жоғары, сондықтан мұнда ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді. Ас қорытудың осы ерекшелігін мембрандық ас қорыту дейдій
Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Аш ішектің сөлінің ферменттері аттас белсенділігі аз ферменттер тоқ ішектің ащы ішекпен шектес жерінде аздап өндіріледі. Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен бірнеше улы заттар — индол, скатол, фенол т. Б. Пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алды-мен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Мұнда улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.
Сіңу.белоктар пептидтер, амин қышқылдары, нуклеозидтер мен нуклеотидтер түрінде қанға сіңеді. Сіңгек заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді.
Майдың сіңуінде бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ май тамшыларына айналдырады да, ішек қабыр-ғасынан өтуіне мүмкіндік жасайды. Және май қышқылдары мен глицерин өттің құрамындағы заттармен қосылып мицеллаға айналады, олар ішек эпителиінен оңай өте алады. Осы құбылыс кезінде босаған өт қышқылдары қанға сіңеді де, қан тамыры арқылы бауырға барады. Сөйтіп май өнімдерін тасуға көмектескен өт қышқылдары қайтадан өз қызметін орындауға дайын болады. Мөлшері аз болғанымен (3,0-3,5 г) өт қышқылдары бір тәулікте 70-100 г май қышқылдарын тасуды қамтамасыз етеді.
Ішектің бүрлерінде нейтральді майлар өндіріледі де, олар ішек қабырғасындағы лимфа жүйесіне хиломикрон түрінде өтеді. Хиломикрондардың құрамында 84-87% үшглицеридтер, 4-7% фосфатидтер, 2-5% холестерин, 2% белок болады. Хиломикронның диаметрі 120-1100 нм. Көкірек лимфасының өзегі арқылы хиломикрондар жалпы қан айналысына косылып, зат алмасуына қатысады.
Көмірсуларының ақырғы өнімі моносахаридтер — глюкоза, фруктоза мен галактоза қанттары тікелей қанға сіңеді де бауырға келеді. Мұнда көмірсу зат алмасуына қатысады.