Бауыр қанда мына заттардың Глюкоза,холестерин,фосфолипидтер мөлшерін реттеуге қатысады.онда қан плазмасы белоктарының Аминқышқылдарының синтезі қарқынды өтеді, апобелоктардың органдық арнайылығы бар. Ферменттердің, гликогеннің, урон Қышқылының, гексозаминдердің, холестериннің және оның эфирлерінің синтезі өт қышқылдарының, кетон Денелерінің фосфолипидтердің түзілуі, креатиннің(2-сатысы), холиннің, коламиннің, пуриндік және пиримидиндік негіздердің синтезі, а Витаминнің каротиндерден, d витаминнің активті Алмасу формасының 25-(oh)-d3 және басқа да заттардың түзілуі жүреді.
Көмірсу алмасуында бауырдың атқаратын қызметі
Бауыр глюкостатикалық қызмет атқарады. Бауырда гликогеногенез, глюконеогенез, гликогенолиз процесстері жүреді. Бауыр осы процестерге байланысты қанның құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшерін тұрақты етіп ұстап тұрады.
Қан құрамында глюкозаның қалыпты мөлшері 3,4-5,6ммоль.л
Бос билирубин глюкурон қышқылымен байланысып тікелей билирубин түзіледі. Су-тұздардың алмасуы ауырда қорға темір, мырыш, натрий, калий, кальций, хлор, су жиналады.
Бауырдың функционалдық сынамалары;
Бауырдың функционалдық сынамалары N N N көмірсулар алмасуы-галактозамен тест. Ақуыз алмасуы-бауырдың зақымдалуымен диспротеинемия байқалады. Бұл ақуыз-шөгінді сынамалармен анықталады: сулемова, тимолова, Вельтман сынамасы. Сонымен қатар, бауыр зақымданған кезде альбуминоглобулин коэффициенті төмендейді. Электрофорез әдісімен глобулиндердің ақуыз фракцияларын дәлірек зерттеуге болады. Липидтер алмасуы-бауыр зақымданған кезде холестеринді этерификациялау коэффициентінің төмендеуі байқалады. Өте ауыр зақымданулар кезінде гипохолестеринемия да байқалады. Бауырдың залалсыздандыру функциясы-бауырда әртүрлі заттардың залалсыздандырылуы жүреді. Клиникалық тәжірибеде бауырдың бейтараптандыратын қызметін бағалау үшін бензой қышқылы натрийі бар сынама қолданылады. Шығару функциясы-ол бромсульфалеин сынамасымен бағаланады. Ферменттердің белсенділігін анықтау-бауыр зақымданған кезде қан ферменттерінің белсенділігі артады. Аспарагинді (ACT) және аланинді трансаминазалардың (АЛТ), лактатдегидрогеназаның, гаммаглутамилтранспептидазаның, сорбитол - дегидрогеназаның, орнитинкарбомоилтрансферазаның, сілтілі фосфатазаның белсенділігі артады. Пигменттік алмасу-билирубинді анықтау. Микроэлементтердің алмасуы-жедел гепатиттерде қан сарысуындағы темір мөлшері артуы мүмкін, ал механикалық сарғаю кезінде - мыс.