Биохимия асқорыту туралы түсінік


Бауырдың атқаратын қызметтері



бет12/28
Дата12.05.2023
өлшемі256,78 Kb.
#92649
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Бауырдың атқаратын қызметтері;

Ол келесі негізгі қызметтерді атқарады:
1.метаболиттік қызмет. Тағамдық заттардың қорытылу өнімдері асқазан-ішек трактісінен қақпалы вена арқылы бауырға түседі. Бауырда белоктар мен аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар, биологиялық активті заттардың (гормондар, биогенді аминдер және витаминдер), микроэлементтердің, судың алмасулары реттелуінің күрделі процессі өтеді. Бауырда басқа мүшелердің қызметіне қажетті көптеген заттардың синтезделуі өтеді, (мысалы, өттің).
2.деполаушы қызмет. Бауырда көмірсулардың (мысалы, гликогеннің), белоктардың, майлардың, гормондардың, витаминдердің, минералдық заттардың қор ретінде жиналуы өтеді. Ағзаға бауырдан күрделі молекулаларды синтездеуге қажетті құрылымдық блоктар макроэргиялық қосылыстар тұрақты түсіп тұрады.
3.бөгеттік қызмет. Бауырда, тағам құрамында түскен, ішектерде түзілген, сонымен бірге экзогендік көздер арқылы түсетін бөтен және улы қосылыстардың залалсыздануы (биохимиялық трансформация) атқарылады.
4.экскреторлық қызмет. Эндо- және экзогендік көздер арқылы түскен әртүрлі заттар бауырдан өт жолдарына түсіп өт құрамыда шығарылады (40-тан астам қосылыс), немесе қанға өтіп, ол арқылы бүйрекке жеткізіліп шығарылады.
5.гомеостатикалық қызмет. Бауыр қанға әртүрлі метаболиттерді синтездеп, жинақтап, оның тұрақты құрамын ұстауда (гомеостаз), қан плазмасының көптеген компоненттерін трансформациялау және экскрециялауды қамтамассыз етіп маңызды қызметті атқарады.
Бауырдың, мұндай, әртүрлі қызметтері оның өзінің және жеке жасушаларының құрылысының ерекшеліктері бойынша қамтамассыз етіледі. Гепатоцитте эндоплазмалық ретикулумның (жазықта, бұдырлы да) (эр) жүйесі жақсы дамыған. Эр-дің негізгі қызметінің бірі – бұл басқа мүшелерде, ұлпаларда қолданылатын белоктардың (альбуминдердің), немесе бауырда қызмет ететін ферменттердің синтезі. Олардан басқа, бауырда фосфолипидтер, триглицеридтер және холестерол синтезделеді. Жазық эр құрамында ксенобиотиктер детоксикациясына қатысатын ферменттер болады.
Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.
Алкогольді ішімдіктер, вирустар мен майлы (жирный) тағамдар бауырдың қас жауы. Сондықтан ондай заттардан сақ болуымыз қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет