Бақылау: Гүлзардағы гүлдердің 2-3 түрінің айырмашылық белгілерін анықтауда үйрету; оларды ағаштардан ажырата білу; олар қайда өсетінін білу (орман, бақша т.б.). Күзгі гүлдердін сұлулығына қызығушылықпен, махаббатпен қарауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Бақшадағы тауықтар» Ағаштарға өрмелеп, белгілі бір жерге секіріп түсуді үйрету. Ойын барысында достық қарым-қатынасты сақтауға тәрбиелеу.
Еңбек: Гүлбақшада жұмыс (жер қазу)
Ересектерге белсенді көмек көрсеткен балаларды мадақтау, марапаттау. Ұжымдық тапсырманы бірлесіп орындауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар «Геометриялық пішіндерді түскен жапырақтармен әшекейлеу»
Әр балаға өз еңбегіне қанағаттанарлық жұмыс жасауына көмектесу. Сөздік қорын дамыту.
Ортаңғы топ
№ 12
Түскен жапырақтарды бақылау.
Жұмбақ Ағайынды бәрі
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
Бақылау: Балалардың назарын ағаштардағы жапырақтардың азайғандығына аудару: жапырақтар түсіп, айналып, түстерін өзгертуде. Жапырақтардың маусымдық өзгерістеріне, сұлулығына сүйсіне қарауға тәрбиелеу.
Тәжірибе: Құрғақ жапырақтардың үстімен жүру.
Қорытынды: Жапырақтар аяқ астында сусылдайды.
Қимылды ойын: «Тыныш жүгіріп өт» Жапырақтардың үстімен белгілі бір уақытта ақырын жүріп өту. Ережені сақтай отырып (мәреге дейін жүгіріп, кері қайту). Ойындарға белсенді қатысуын талап ету.
Еңбек: Түскен жапырақтарды жинау Белгіленген жерге түскен жапырақтарды тырмамен жинап тасуды үйрету. Балаларды бірігіп жұмыс істеуді қадағалау.
Өз бетімен ойындар: «Жапырақты кілем» Балалардың бірлескен ойынының келісімді болуын қадағалау, бақылау.