Біз серуенге шығамыз



бет8/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

13




Шалшық суды бақылау
Көркем сөз
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға бетіңді жу.
Тазалықтың досы,
Су дегенім осы.


Бақылау:
Балалардың назарын жаңбырдан соң жиналатын шалшық суларға аудару. Жаздың ыстық күнінде шалшық сулардың тез сіңіп, ал күзде, салқын түскенде ақырын сіңіп кететініне мән бергізу.


Тәжірибе. Суға тастар мен жаңғақтарды лақтыру.
Мақсаты: Кейбір заттардың суға батып кететінін, ал кейбірулерінің су бетінде қалқып жүретінін бақылау.


Қимылды ойын: «Бір аяқпен жолдан секіру»
Ойын алаңындағы ережені сақтай отырып, бір аяқпен алға жылжып секіруді үйрету.


Еңбек:
«Балалармен бірге балабақша алаңын жылы сумен жуғанды бақылау» Еңбектің маңыздылығын сезінуге және үлкендерге көмектесуге үйрету.


Өз бетімен ойындар:
Гимнастикалық құралдарға өрмелеу (баспалдақ т.б.)
Балалардың қосалқы ойындарға деген қызығушылықтарын дамытып, достық қарым-қатынаста ойнауға қадағалау.



Ортаңғы топ

14




Аула сыпырушының жұмысын бақылау


Мақал-мәтел
Еңбексіз өмір – сөнген көмір.


Бақылау: Аула сыпырушының еңбек ету барысын бақылау. Еңбек нәтижесін атап көрсету (таза жолдар, бау-бақшаларда түскен жапырақтардан тазалау) және оның маңыздылығы; еңбек құралдарын атап беру ( сыпырғыш, қалақ, күрек, қоқыс жәшігі). Аула сыпырушы еңбегінің нәтижесіне ұқыпты қарауға үйретіп, тәрбиелеу.


Қимылды ойын: « Құнан шабысы» (Қырғыз ұлттық ойыны)
Ойын ережесін сақтауға (белгіден соң жүру, бірін-бірі итермеу) үйрету. Жылдамдықпен күш жігерді дамыту.


Еңбек:
Аула сыпырушыға көмектесу
Балаларды ересектерге көмектесуге үйрету. Еңбектенуге деген құштарлықтарын дамытып, тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Доппен ойын
Әр балаға доппен ойнау мүмкіндігін беру. Олардың ойын барысында еркіндік пен қуаныш сезімін оята білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет