Ортаңғы топ
№ 7
Бұлтты бақылау
Жұмбақтар Ақ мақта, Жүзіп барады бір жаққа. (Бұлттар)
Көзі жасты –жылжып, келе жатыр бір алып,
Жабырқаса, жылайды, жадыраса, құлайды. (Бұлт)
Бақылау:
Балалармен бірге бұлттарды бақылаймыз. Бұлт өлі табиғатқа жатады. Бұл аспанда ұшып, көшіп жүреді. Бұлттар әртүрлі пішінді болады. Бұлттар аспанның ішінде жүзіп бара жатқан қайықтарға ұқсайды. Бұлттан қар жауады, жаңбыр жауады.
Қимылды ойын: «Кең қадам»
Сызықты баспай, балаларды белгілеген жерге секірту. Жалпы ережені сақтауға тәрбиелеу (сызықты басып қалсаң – ойыннан шығасың).
Еңбек:Гүлзардағы жерді қопсыту
Үлкендерге қысқа дайындық кезеңінде көмек беруге тәрбиелеу.
Әдептілікке, өзінің еңбек құралдарын жинауға үйрету.
Өз бетімен ойындар: «Қайықтар»
Балалардың өз жолдастарымен бір шешімге келуі және бір іс-әрекетті жасауы.
Ортаңғы топ
№ 8
Өрмекші мен өрмекті бақылау.
Жұмбақ
Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады. (Өрмекші)
Бақылау:
Өрмекшінің өмірі жайында терең білім беріп және олардың жоғалып кетуі жайлы әңгімелеп беру. Өрмекті елестетіп, өрмек ол өрмекшінің ұсақ жәндіктерді қоректену үшін құратын жіңішке, әрі берік өрілген жібі екендігін айтып беру. Байқампаздықты қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Маймылдар»
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, ілулі тұрған заттарды алуға үйрету және эстафетаны келесі ойыншы жалғастыруы қажеттігін үйрету. Ойын барысында жылдам шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Еңбек: «Өрмектеп жинау»
Кезекшінің міндеті және берілген тапсырманы мүлтіксіз орындау,қабілетін дамыту.
Өз бетімен ойындар
Басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |