Ортаңғы топ
№ 5
Аспанды бақылау.
Жұмбақ
Бір түкті кілем
Бір түксіз кілем. (Аспан)
Бақылау:
Табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылау жұмысын жалғастыру. Бұлттар сұр түсті болатынына назар аударту. Тірі және өлі табиғттардың арасындағы өзгерістерді байқату: күннің суытуы, құстардың ұшып кетуі. Табиғат туралы түсініктерін әрі қарай дамыту.
Қимылды ойын:«Ұшақтар»
Дабыл бойынша қимыл жасау, алаң ішінде іс-қимылдарды бекіту. Көтеріңкі, көңіл күйде болу.
Еңбек:
Құрғақ жапырақтарды жинау, гүлзардағы гүлдердің тұқымын жинастыру.
Үлкен адамдардың тапсырмаларын орындауға үйрету. Оларға көмектесу. Бастаған істі аяқтауға талпындыру.
Өз бетімен ойындар: «Ұшақтар»
Ұсынылған тақырып бойынша ойынға өз еркімен қатысуға тәрбиелеу. Балалардың іс-әрекетті ұйымдастыруға көмек беру.
Ортаңғы топ
№ 6
Жаңбырды бақылау
Жұмбақ
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)
Бақылау: Жаңбыр кезінде, ауа райындағы өзгерістерді білуге үйрету: сұр аспан, бұлтты,бұлыңғыр жаңбыр жауып тұр. Өзгерістерді көрсету; күзгі жаңбыр ұзақ және сирек, жаңбырдан кейін суық жердегі сулар көпке дейін құрғамайды, өйткені күннің көзі жоқ, жәндіктер тығылып қалған, құстардың тамақтары азайған соң олар оңтүстікке ұшып кетеді.
Қимылды ойын: «Кең қадам»
Сызықты баспай, балаларды белгілеген жерге секірту. Жалпы ережені сақтауға тәрбиелеу (сызықты басып қалсаң – ойыннан шығасың).
Еңбек: Гүлзардағы жерді қопсыту Үлкендерге қысқа дайындық кезеңінде көмек беруге тәрбиелеу.
Әдептілікке, өзінің еңбек құралдарын жинауға үйрету.
Өз бетімен ойындар: «Қайықтар»
Балалардың өз жолдастарымен бір шешімге келуі және бір іс-әрекетті ұжыммен жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: |