Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
 
Қалаң
 
Бір күні кезекті бұзақылығымның арқасында жеңгемнен күштілеп тұрып шапалақ
жедім. Содан ойбайға басып, нағашы апамның қойнына тығылдым. Ешқашан дауыс көтермей-
тін апамның айқайға басқанын көрсеңіз сол күні! Маған емес, әрине.
Мен шапалақ жеген күні үйдің іші салқын тартты. Ертесінде шешем келді. Апам шақыр-
тқан екен.
– Әй, Тұрлығайша, балаңды қолыңа алып, өзің тәрбиеле, менің енді оған шамам жоқ.
Оның үстіне мына жақта жүріп, жеңгелеріне жексұрын болғанша, жейтін таяқты өзіңнен
жесін.
Шешем үнсіз мені қолымнан жетектеп, көлікке отырғызды.
Біз силикат кірпіштен қаланған, ақ қаңылтырмен төбесі қапталған, ауласы ат шаптырым-
дай үйдің алдына кеп тоқтадық. Анамның осы үйде тұратынын айтпай-ақ түсіндім. Әлгінің
үйі шынымен үлкен екен, өзі бақуатты тұратын кісі екені анадайдан көрініп тұр.
Аулаға имене кірген мен, ең алдымен, сиыр сауып келе жатқан бір апаны көрдім. Апа
жүрген жердің бәрі мейірімге толы болады деп ойлайтынмын. Оным бекер болып шықты. Қора
жақтан шапшаң жүріп жеткен кейуана сүйкімсіз қап-қара кемпір екен. Мені көре сала кемпір-
дің көзі бағжаң ете қалды. Мойнын сол иығына әнтек бұрып, шырт түкірген ол жарты шелек
сүтін қоюға кілет үйге кіріп кетті. Мен бүрісе түсіп, шешемнің бауырына тығылдым. Біздің
жарылқаушы әкеміз малда жүрген болып шықты. Онымен таныстығым жоқ әзірге. Сыртынан
бір көргенім болмаса.
…Кешке жақын машинасын гүрілдетіп «әкеміз» де үйге жетті. Бойы биік, мойыны жуан.
Білектерінде бұлшық еттері ойнақшып, тамырлары білеуленіп тұр. Құстұмсық. Өне-бойынан
қара күштің қорқынышты ызғары еседі. Қабағы үнемі түксиіңкі жүреді екен. Екі сөзінің бірі
«әкеңнің ауызын бәлен қылайын…». Шашы бурыл тартқан. Атжақты, дөңқабақ. Көзі үлкен,
көкшіл. Бірдеңе ұнамай қалса, тісін шықырлатып қояды. Қысқасы, мендей нәзік балаға мұндай
қуатты, қарадойыр адам ұнаған жоқ. Қатігез екенін байғұс жүрегім бірден сезді. Барар жер,
басатын тау жоқ, осы ызбарлы кісімен бірге өмір сүретін болдық.
Мені шешем оған таныстырып, сөзі үйлеспей кібіртіктеп бірдеңе айтып жатыр: «Нағашы
апасы осында жіберіп еді… Осында тұрса деп едім… Қасымда болсыншы… Апаратын жерім
жоқ… Туыстарым тәмам бала-шағасымен қуықтай ғана үйде тұрады… Бұл өзі көп тамақ та
жемейді…Киім-кешегін үкімет төлейтін зейнетақыдан алып берем ғой… Бұзық емес… Тілді
алады… Бір жағынан қолқанат бала да керек дегендей…»
Анау маған ызбарлана бір қарады да: «ой, әкеңнің ауызын…» – деп бір сыбап өтті. Көше-
дегі балалар осы бір сұмпайы боқтық сөзді маған қарата айта қалса, жағаласа кетуші едім.
Қазір оның іске асуы өте қиын екенін түсініп тұрмын. Әзірге әліптің артын бағайын деп өзімді
өзім сабырға шақырдым. Кейін оның боқтығына етім үйреніп кетті. Әуелі ішімнен «сенің де
әкеңнің ауызын ұрайын», – деп күлімсіреп тұратынды шығардым.
Кенет әлгі «әкетайым»: «Шалбарыңды шеш!» – демесі бар ма?! Онысы несі деп шешеме
жалтақ-жалтақ қараймын. Шешем оны естімегенсіп, кілетке сүйеулі тұрған сыпыртқыны ала
салып, жанұшыра ауланы сыпыра бастады. Мен кірерге тесік таппай тұрмын. Шалбарды шеш-
кені несі?
– Әй, мақау! Кереңсің бе не, шалбарыңды шеш дедім ғой? – деген күркіреген дауыстан
селк ете қалдым.
– Неге, папа?
– Қайдағы папа? Мен саған папа емеспін! Мені «аға» деп атайтын боласың, ұқтың ба?
– Жарайды…
– Шалбарды шеш, кәні!


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
20
– Шешпеймін! Ұялам!
– Уахахаха! Ұялатындай қыз емес шығарсың, а?!
– Ұлмын мен!
– Дәлелдеші, кәне, ұл болсаң!
– Мәңіз ендеше!
– Өй, Томаш, мына балаң кәпір ғой!
Бұл үйге мен сияқты «кәпірлерге» кіруге болмайды екен. Ертесінде мәшинесіне мінгізіп
алып, өгей әкем Ғабит деген хирургке апарып, шырылдатып отырып сүндетке отырғызды. Қара
жер хабар жеткізбесін, Қалиасқармен таныстығым осылай басталған-ды. Оны былайғы жұрт
«Қалаң» деп атайды екен.
Екі аптадай нағашы апайымның менімен жасты қызының көйлегін киіп ап, етегін жел-
пілдетіп ауланы сыпырып, су тасып жүріп мені мұсылман қылған Қалиасқарды зерттеумен
болдым. Кез келген адам қандай жағдайға тап болмасын, бірінші кезекте қауіпсіздігін ойлайды
екен. Мен де сол ойдың жетегінде жүрдім. Қауіпсіздігімді қамтамасыз ету үшін келесідей нәр-
селерді істемеуге өзіме-өзім уәде бердім:
Бірінші – көп сөйлемеу. Екінші – салғыласпау. Үшінші – айтқанын бұлжытпай істеу. Осы
үш ұстаным мені оның жұмыр жұдырығынан аман алып қалатын секілді боп көрінді. Бірақ
өзімді қанша тиып ұстасам да, мені бала деп аямаған сол кездегі қатал тағдырым бәрін түкке
тұрғысыз етті. Оңаша жерде желкеден түйіп қалудан басталған Қалаңның маған тиісуі күн
өткен сайын үдеп-дамып, түрленіп, мың құбылып, жаңа формаларға ие болып, өгей әкемді тың
ізденістерге жетеледі. Қалекең баланы ұруды өнер деңгейіне көтерген адам. Мысалы, былай:
«Әй, иттің ғана күшігі бері кел!» – деп айқалайды. Үшінші ұстанымымды іске асыру
үшін, алдына жетіп келем. «Сені кім шақырды, ей?!» – деп ол мені күректей алақанымен иек-
тің астынан періп қалады да, мұрттай ұшырады. Артынан қарқылдап, әлдебір мақұлықтарша
үн шығара күледі. Мен безе жөнелем. Келесі жолы тағы шақырады. Тағы ұратын шығар, бар-
май-ақ қояйын деп, қора тазалап немесе малға шөп салып жүре берсем, тағы да пәлеге қалам.
«Шақырғанда неге келмейсің, сілімтік?» – деп енді қолдың қырымен дәлдеп тұрып, желкеден
ұрады. Тоңқалаң асасың. Жылауға тағы болмайды. «Шешеңе айтсаң, өлтірем!» – дейді. Жыла-
сам, көзім ісіп кететінін екеуміз де білеміз. Сондықтан мен жыламауға үйрендім. Бұл маған
көше төбелестеріне қатысу үшін зор тәжірибе болды. Күйреп жатқан жерлерден де жеңістің
жалауын көтеріп шығуға болатынына мен содан бері машықтанып алдым.
Көше төбелесі демекші, әлгіндей соққылардан кейін, мен бала-шағаның жұдырығын
маса шаққан құрлы көрмейтінмін. Ал өзім Қалаңның маған қолданатын әдіс-тәсілдерін қарсы
келген жүгірмектерге мейілінше пайдаланатын едім. Жарты жылдан кейін, біз тұрған көше-
дегі балалар мені екінші атаман етіп сайлап алды. Мен тек қана Тілеукештен ғана именем. Ол,
шындығында, шымыр және өте әлді бала болатын. Кейін екеуміз адам айыра алмайтын дос
болып кеттік. Екеуіміздің басымыздан кешкеніміз жайлы төменде әңгімелейтін боламыз.


А. Елгезек. «Болмаған балалық шақ»
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет