Борибаева сафура болатовна



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#3383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

глагольное:
  Колокол  зазвенел,  сани  стали  раскачиваться,  и 
ветер  свистит  под  полозьями  (Л.  Толстой).  Если  в  повествовательном 
предложении  дается  характеристика  признака,  то  сказуемое  будет 
именное
: 
Тиха  украинская  ночь  (Пушкин).  Ссора  была  большая,  неприятная 
(Л. Толстой)» [35, 296 б.] - автор  хабарлы  сөйлемдегі  етістікті,  есімді 
баяндауышты сөйлемдерді осылай сипаттады. 
Н.Ю. 
Шведованың 
пікірінше, «номинативное 
субъектное 
с 
детерминантом» [36] болса, В.А. Белошапкова осы детерминантты кеңейтілген 
(«в  расширенную»)  сөйлемнің  құрылымды  схемасына  енгізіп,  оларды 
«кеңейтілген схеманың» элементтері деп санайды [37].  
Н.М. Александров «О предикативном строении» деген еңбегінде: «Забегая 
вперед,  мы  можем  сказать,  что  глагол  как  семантический  компонент 
предложения  все  больше  теряется  в  различных  языках.  Вызывает  удивление, 
что  иранисты  и  тюркологи  недостаточно  уделяют  внимания  интереснейшему 
явлению, которое мы находим в иранских и тюркских языках» [38, 133 б.] деп 
етістіктің  сөйлемдегі  рөлі  туралы,  етістіктің  сөйлемде  қолданудан  шыға 
бастағанын  айтады.  Бұл  пікірден,  əрине,  біз  ғалымның  əр  түрлі  тілдер 
зерттеулерінен  туындағанын  байқаймыз.  Сондай-ақ  ғалым  иран,  түркі 
тілдерінде  бұл  құбылыстың  бұрыннан  келе  жатқанын,  дегенмен  осы  уақытқа 
дейін əлі оған көңіл аударылмағанына таңқалады.  
Орыс  ғалымы  Г.А.  Золотова  «О  структуре  простого  предложения  в 
русском  языке»  деген  еңбегінде  есімді  сөйлемдерді: «...такие  предложения 
являются  двусоставными  с  неличным  носителем  предикативного  признака, 
выраженным  свободной  синтаксемой» - деп  ойын  былай  жалғастырады: «В 
предложении  определенной  структуры  отражается  та  или  иная  разновидность 
отношений объективной действительности, и наоборот, для отражения того или 
иного  характера  реальных  связей  в  языке  имеются  структурно-определенные 
разновидности предложений» [39, 90-91 бб.]. 
Г.А. Золотова «Очерк функционального синтаксиса русского языка» деген 
еңбегінде: «Еще  столетие  назад  русскими  лингвистами  было  признано,  что 

 
32
глагол  не  является  необходимым  структурныя  элементом  русского 
предложения,  не  является  единственным  носителем  предикативности» [40, 
127 б.] - деп  етістіктің  сөйлемде  аса  қажетті  құрылымдық  элементі  емес 
екендігін,  бұдан  жүз  жыл  бұрын  да  орыс  тілшілерімен  мойындалғандығын 
ескертеді.  
К.Қ. Оңалбаева шет ел, орыс тіл білімі ғалымдарының сөйлемдер туралы, 
оның  ішінде  есімді,  етістікті  түрлері  туралы  пікірлеріне  тоқталады.  Мысалы: 
В. Вунд,  А.  Решкевич,  П.  Гиро,  Г.  Шульте,  А.  Брайнт,  Дж.  Хук,  Э.  Метьюз, 
И. Рис, Г. Куфнер, Г. Харт, Г. Якоби жəне т.б. ғалымдардың еңбегіне.  
А.  Решкевич,  П.  Гиро,  Г.  Шульте  сияқты  ғалымдар  есімді  сөйлемдерді 
сөйлем  деп  есептемейді,  ал  А.  Брайнт,  Дж.  Хук,  Э.  Мэтьюз  сияқты  ғалымдар 
«Частичными  предложениями» - деп,  ондай  сөйлемдерді  аздап  болса  да 
мойындайды. И. Рис есімді сөйлемдерді «второстепенными предложениями» - 
деп етістікті сөйлемдерден кейін екінші орынға қояды.  
Қ.Қ. Оңалбаева өз еңбегінде есімді сөйлемдер туралы пікірін былай жинақтап 
берген: «Есімді, етістікті сөйлемдердің қайсысы бұрын деген мəселеде орыс тілі 
т.б.  тілдер  бойынша  А.А.  Потебня,  Г.  Харт,  Г.  Якоби,  Н.М.  Александров, 
З.П. Табакова,  Е.А.  Твердохлебова,  Я.И.  Рословец,  Г.  Винклер,  түркологияда 
Э.В. Севортян,  А.П.  Поцелуевский,  Н.З.  Гаджиева  т.б.  алдымен  есімді  сөйлем, 
келе-келе етістікті сөйлем пайда болды» деген шешімге келеді [16, 9-10 бб.]. Орыс 
тілінде  осы  тақырып  бойынша  З.П.  Табакова  «Структурно-семантические  типы 
безглагольных  предложений  в  современном  русском  языке»  деген  докторлық 
диссертация қорғады. Өз еңбегінде З.П. Табакова орыс тіліндегі «безглагольные» 
сөйлемі  туралы: «Полного  и  системного  описания  безглагольных  предложений 
нет,  не  установлены  структурные  и  семантические  признаки,  отличающие  их  от 
глагольных предложений» [41] - деп, бұл мəселенің осы уақытқа дейін əлі орыс 
тіл  білімінде  толық  жəне  жүйелі  түрде  анықталмағандығын,  сондай-ақ  олардың 
құрылымдық  жəне  семантикалық  белгілерінің  етістікті  сөйлемдерден 
айырмашылығы  анықталмағандығын  көрсеткен [41, 5-8 бб.].  Сонымен,  есімді 
сөйлемдер  мəселесі  туралы  пікірлер  орыс  жəне  еуропа  тілдерінде  бұрын 
қалыптасып,  бірқатар  ғалымдар  есімді  сөйлемдерді  арнайы  зерттесе,  қазақ  тіл 
білімінде де профессор М. Балақаев есімді сөйлемдерді жеке бөліп қарастырады. 
 
1.2 Есімді сөйлемдердің ерекшелігі 
Қазіргі  кезде  есімдердің  баяндауыш  құрамында  сөйлемді  тиянақтау 
дəрежесі  жылдар  өткен  сайын  үнемі  өзгеру  үстінде.  Өйткені  есімдердің 
баяндауыштық  қызметі  сол  сөз  таптарының  əрқайсысының  морфологиялық 
өзгерісіне  байланысты  үнемі  өзгеріп  отырады.  Тек  зат  есімнің  өзі  тəуелдік 
жалғау,  көптік  жалғау,  жіктік  жалғау,  септік  жалғаулар,  тіпті  септік  жалғаулы 
сөздерге  түрлі  көмекші  сөздердің  түйдектелуі  арқылы  да  сөйлемді  тиянақтау 
қасиетін  өз  бойында  сақтай  алады.  Бұған  қарағанда,  сөйлем  тек  етістікті  ғана 
болу  керек  деген  пікірге  енді  есімді  сөйлемдер  де  сондай  дəрежеде  жұмсала 
алады деп білеміз. Есімді сөйлемдер де етістікті сөйлемдердей коммуникативті 

 
33
қызмет  атқара  алады.  Осыдан  барып  есімді  сөйлемнің  бір-бірінен 
айырмашылығы туындайды [16, 47 б.]. 
Есімді сөйлем мен етістікті сөйлемнің негізгі айырмашылығы – қай түрінің 
алғаш  пайда  болуы  туралы  біз  жұмысымыздың  бас  жағында  сөз  қозғадық. 
Əрине,  тарихи  жағынан  келетін  болсақ,  бұл  екі  сөйлемнің  түрі  адамдардың 
қарым-қатынасында  ерекше  қызмет  атқарды,  атқарып  келеді.  Көптеген 
авторлар  тарихи  жағынан  есімді  сөйлемдер  бұрын  қалыптасып,  етістікті 
сөйлемдерсіз  пайда  болған  деген  пікірді  қолдайды.  Осы  тақырып  негізінде 
біршама пікірталастар да болды.  
Н.Л. Марр: “Звуковая речь начинается не только со звуков, но и не со слов, 
частей  речи,  а  с  предложения, resp мысли  активно,  затем  пассивной,  т.е. 
начинается  с  синтаксиса,  строя  из  которого  постепенно  выделяются  части 
предложения,  определявшиеся  по  месту  их  нахождения  в  речи» - деп  ең 
алдымен есімді сөйлемнің пайда болуын жəне оның тілде алатын орны туралы 
осылай қорытындылайды [42, 55 б.]. 
В.В. Виноградов: “Глагол – самая сложная и самая емкая грамматическая 
категория  русского  языка.  Глагол  наиболее  конструктивен  по  сравнению  со 
всеми  другими  категориями  частей  речи.  Глагольные  конструкции  имеют 
решающее  влияние  на  именные  словосочетания  и  предложения” - деп [31, 
337 б.], орыс тілінде етістіктің ең күрделі жəне ең ауқымды сөз табы екендігін 
атап өтіп, басқа сөз таптарымен салыстырғанда ең конструктивті жəне негізінен 
оның есімді сөз тіркестері мен сөйлемдерге əсер ететіне тоқталып өтеді.  
Қазақ тіл  білімінде А. Ысқақов етістіктің ерекшелігі туралы былай дейді: 
«Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі жəне қарымы ең кең 
грамматикалық  категория.  Етістіктің  күрделілігі  мен  қарымдылығы  оның  аса 
өрісті 
лексика-семантикалық 
сипатымен, 
бай 
лексика-грамматикалық 
формаларымен,  көсіліңкі  синтаксистік  қызметімен  тығыз  байланысты».  Ары 
қарай  автор  етістіктің  лексика-семантикалық  формаларының  мағынасы  да, 
синтаксистік қызметтері де көбіне сөйлемде, белгілі сөз тіркесінің ауқымында 
анық ашылатынын сөз етеді [43, 223 б.].
  
Ғалым Т. Ермекова «Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар» еңбегінде 
есім  баяндауышты  сөйлемнің  негізгі  ерекшеліктерін  төрт  түрлі  мағыналық 
қатынас арқылы құрылатынын көрсетеді: «Тіліміздегі баяндауыш мүшені есім, 
етістікті  деп  бөлу  баяндауыш  қызметіндегі  сөздің  семантика-грамматикалық 
ерекшелігіне  байланысты  туындағаны  белгілі.  Тіл  фактілерінде  есім  сөздердің 
баяндауыш қызметінде үнемі жұмсалып, берік орнығуы оның өзіне тəн ерекше 
белгілерін  қалыптастырды.  Белгілі  бір  ортақ  грамматикалық  сипаттарына 
қарамастан, есім баяндауышты сөйлемдер өзіне тəн құрылымдық-семантикалық 
белгілеріне  орай,  етістікті  баяндауышты  сөйлемнен  де,  атаулы  сөйлемнен  де 
ерекшеленеді. Есім баяндауышты сөйлемді етістікті баяндауыштан ажырататын 
басты  белгісі – баяндауыш  қызметіндегі  сөздің  семантика-грамматикалық 
ерекшелігі.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  логикалық-грамматикалық  сипаты 
жағынан етістікті баяндауышты сөйлемдер заттың, қимыл иесінің қимылға, іс-
əрекетке  қатынасын  білдірсе,  есім  баяндауышты  сөйлемдер  төмендегідей 

 
34
мағыналық  қатынасқа  құрылады [44, 51-52 бб.]. - деп  автор  ол  түрлерін 
мысалдармен дəлелдейді.  
«1.  Субъект  зат  пен  оның  заттық  сапасының  қатынасын  білдіретін 
сөйлемдер: Абай- ақын. Мұрат – өз ортасында абыройлы азамат. 
 2.  Субъект  зат  пен  оның  сындық,  сандық  сапасының  күйінің  қатынасын 
білдіреді:  Əсіресе,  төбесі  жабық,  бүйірі  ашық,  лапас  маңы  күйедей  қап-қара. 
(М.Əуезов) Кілемнің əрқайсысы мың сомнан (А.Еспанов).  
3.  Қимыл-іс  пен  логиканың  субъект-заттық  қатынасын  білдіретін 
сөйлемдер: Жанын сату – қателік. Уəдеде тұрмау-жаман. 
4.  Қимыл-іс  пен  логикалық  субъект-  заттың  заттық,  сындық  сандық 
қасиетіне  күмəндануды,  болжауды  білдіреді.  Сөйлеген  Сағира  шығар. 
Көргеннің сөзі шын болар. Мұндайда сөйлем баяндауышы зат, сын, сан есімге 
модальдік мəндегі сөздің тіркесуі арқылы жасалады» [44, 52-53 бб.]. Автор осы 
еңбегінің «Есім баяндауышты сөйлемнің негізгі ерекшеліктері» деген бөлімінін 
қорытындылай  келе,  мынадай  тұжырым  жасайды: «Бұдан  байқағанымыздай, 
есім  сөздерден  болған  баяндауыштар  субъектінің  заттық,  сындық,  сандық  т.б. 
сапасын  білдіреді.  Бұл - оны  етістік  баяндауыштан  ажырататын  басты 
семантикалық белгісі» [44, 52-53 бб.].  
Есімді  сөйлемдер  мен  етістікті  сөйлемдердің  мағыналық  сипаты  бірдей 
емес.  Егер  етістікті  сөйлемнің  баяндауышы  сан  алуан  амал,  əрекет,  іс,  қимыл, 
қозғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты ұғымдарды қамтиды, ал есімді 
сөйлемдерде баяндауыш қай сөз табынан жасалып тұрғанын, сол сөз табының 
заттық,  сындық,  сандық,  мекендік  т.б.  мағыналарын  білдіреді.  Сонымен  бірге 
əр  сөз  табының  негізгі  қасиетін  ғана  атаумен  шектелсе,  ал  олардың 
əқайсысының ішкі ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке талданады. Зат есімнің əр 
түрлі  жалғаулар,  септік  жалғаулы,  септік  жалғауларына  көмекші  сөздердің 
түйдектелуі,  осындай  өзгерістер  зат  есімді  сөйлемнің  мағыналық  жағын  жан-
жақты түрлендіре түссе, сын есімнің əрбір шырай түрі сапалық, қатыстық түрі, 
сондай-ақ  сан  есім  мен  есімдіктердің  де  əрбір  түрінде  де  осындай  мағыналық 
ерекшеліктері бар.  
Есімді  сөйлем  мен  етістікті  сөйлемдер  айтуда  интонацияның  қатысына 
қарай  да  ерекшеленеді.  Есімді  сөйлемдердің  баяндауышын  айтуда  дауыс 
ырғағы  басым  болатыны  мəлім.  Есімді  сөйлемдердің  баяндауышына  арнайы 
екпін түсіріле, сол есім баяндауышқа назар аударыла түседі. 
Сын  есім,  сан  есім,  есімдікті  баяндауышты  сөйлемдерде  зат  есімге 
қарағанда  синтаксистік  қасиеті  шектеулі.  Сын  есім,  сан  есім,  есімдік  сөз 
табынан  болған  баяндауыштар  сөйлемнің  соңында  сөйлемді  тиянақтап 
тұрғанында  оларға  бағыныңқы  сөздер  аз.  Сондықтан  да  зат  есімді 
сөйлемдерден гөрі сын есім, сан есім, есімдік баяндауышты сөйлемдер шағын 
сөзді, ойды тура айтуға құрылған сөйлемдер түрінде келеді.  
–  Есімді  сөйлемдердің  етістікті  сөйлемдерден  тағы  бір  айырмашылығы, 
егер есімді сөйлемдер алғашқыда пайда болып, басым болса, бара-бара етістікті 
сөйлемдер кең өріс алды.  

 
35
–  Есімді  сөйлемдердің  баяндауыштары  зат  есімді  сын  есімді,  сан  есімді, 
есімдікті болуымен қатар, кейде құрама баяндауышты сөйлемдерді де жəне бар, 
жоқ  сөзді  баяндауыштарды  да  есімді  сөйлемге  қосу  арқылы  оның  аясы  да, 
мағыналық ерекшелігі де арта түсетіні белгілі.  
Біз  осы  уақытқа  дейін  бастауышы  есім,  баяндауышы  етістікті 
сөйлемдердің байланысуы туралы үйренгенбіз. Ол үшін зерттеу нысаны болып 
отырған  М.  Əуезовтің  роман-эпопеясынан  алынған  мына  сөйлемдерді  талдап 
көрсек:  
1. Ол жасында найзагер батыр болған. 
2. Ол жағын Ұлжан ұқты.  
3. Менің əлі сізбен біраз сөйлескім келеді
4. Ол шынын білгіңіз келсе айтайын
Осы сөйлемдерде:  
– 
Ол батыр болған;
 
– Ұлжан ұқты
– Менің сөйлескім келеді
–  білгіңіз  келсе  айтайын  –  дегенде  бастауыш  та,  баяндауыш  та  жақ 
жағынан  байланысқан.  Бастауыштары  IІІ,  І  жақта  болса,  соған  сай  батыр 
болған,  ұқты,  сөйлескім  келеді,  айтайын  баяндауыштары  да  сол  жақта 
айтылған. Бұл сияқты жақ, сан жағынан байланысу негізінде етістікке тəн екені 
белгілі. 
Енді “Абай жолы” роман-эпопеясынан мына сөйлемдерді талдап көрейік:  
1. Менің тап бүгінгі күйім де, туысым да осы жер.  
2. Əсіресе өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл
3. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы  
4.  Бұл  көріністегі  Оспан  Тобықтының  бүгінгі  ортасында  ешкімге 
ұқсамаған, алып батырдай  
5. Балуандар бəйгесі де сондайлық тоғыз-тоғыздан.  
Осы сөйлемдерде:  
Менің күйім де, туысым да – жер
Өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл.  
Қадырды асыпөлтірген – жер осы. 
Оспан Тобықтының бүгінгі ортасында. 
Осындағы жер, Қарауыл, осы алыпр батырдай, тоғыз-тоғыздан. 
Баяндауыштары  өз  бастауыштарымен  жоғарғы  сөйлемдердегідей  жақ-
жағынан қиыса байланыспаған. Бұл мысалдардағы сөйлем баяндауыштарының 
ешқайсысын да бастауыштарымен байланыстыратын форма жоқ.  Сонда ондай 
есімді бастауыш пен есімді баяндауыштың байланысы өзара бірге айтылғанда, 
яғни  контексте  ғана  байқалады.  Осының  негізінде  мұндағы  предикаттық 
қатынас  бастауыш,  баяндауыштың  қатарласа  қолданылуы  арқылы  ғана  көріне 
алады.  Бұл  предикаттық  қатынас  көбіне  интонация  арқылы  да  жүзеге  асады. 
Əсіресе,  ондай  есімді  сөйлем:  Анау-  ғимарат,  мынау – мектеп  сияқты  бұрын 
анықтауыштық  қатынастағы  сөз  тіркесі  енді  есімді  сөйлемге  айналуда 
предикаттық  қатынастың  қалыптасуына  əкеліп  соғады.  Осы  мəселе  жөнінде 

 
36
Э.В.  Севортян: «Исторически  предикативные  отношения  развивались  и  даже 
еще  сейчас  развиваются  так  же  из  атрибутивных  отношений  на  почве 
грамматического  их  переосмысления,  в  результате  чего  атрибутивное 
сочетание  распадается  на  подлежащее  и  сказуемое» [19, 7 б.] – деп 
анықтауыштық  қатынастардан  предикаттық  қатынастардың  тарихи  дамуы мен 
қазіргі  дамуынан  бастауыш  пен  баяндауыштың  бөлінуін  көрсетеді.  «Бұл – 
оқушы  (қандай  оқушы)  (түрі  енді  есімді  сөйлемге  айналғанын  көрсеткен. 
Жоғарыда  біз  орыс  тіл  білімі,  түркология,  қазақ  тілі  грамматикасы  бойынша 
есімді  сөйлемдер  туралы  мəліметтер  келтірдік.  Осы  тұжырымдар  бойынша 
мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден, есімді сөйлемдер де етістікті 
сөйлемдер сияқты мойындалған мəселе. Екіншіден, есімді, етістікті сөйлемдер 
де  коммуникативті  мағынасы  бар  сөйлем  түрлері.  Үшіншіден,  етістікті 
сөйлемде  етістік сөз табы, оның ішкі категориялары ғана қатысатын болса, ал 
есімді сөйлемдердің аясы, жасалу жолдары əр түрлі.  
Есімді  сөйлемдердің  баяндауыштары  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік 
сөз таптары, олардың ішкі категориялары арқылы жасалады. Сондай-ақ, «бар», 
«жоқ»  сөздері  кейде  керек  сөздері  де  осы  топқа  жатады.  Ал  тұрақты  тіркесті 
баяндауыштардың  етістікке  де,  есімге  де  жататыны  белгілі.  Сонымен  есімді 
сөйлемге:  
- Зат есім: оның нөлдік, көптік, тəуелдік, септік жалғауларда, сол сияқты –
нікі  –дікі  –тікі  қосымшалы  түрі  жəне  кейде  зат  есімдерге  көмекші  сөздердің 
түйдектелу түрлерін де қарастыруды мақсат еттік.  
- Сын есім: сын есімнің сапалық та, қатыстық та, түрлі шырай түлерін де 
алдық.  
- Сан есім: барлық түрі алдында. 
Ал енді есімді құрмалас сөйлемнің етістікті құрмалас сөйлемнен негізінде, 
коммуникациялық  жағынан  еш  айырмашылыы  жоқ.  Екеуі  де  кемінде  екі  жай 
сөйлемнен құрала отырып, күрделі ойды жүзеге асырудың үлкен құралы. Есімді 
құрмалас  сөйлем  мен  етістікті  құрмалас  сөйлемнің  негізгі  айырмашылықтары 
тек олардың баяндауыштарының жасалуында. Етістікті құрмалас сөйлемдердің 
баяндауыштары  тек  етістік  сөз  табы  жəне  оның  категориялары  арқылы,  яғни 
шартты рай, есімше, көсемше, жіктік жалғаулы түрлері арқылы жасалып, олар 
салалас, сабақтас жəне аралас құрмалас сөйлемдерді жасауға қатысады. Ондай 
кезде  етістіктер  түрлі  тұлғаларда  тұрып,  салаластың  екі  сыңарына  да, 
сабақтастың екі сыңарына да қатыса жұмсалады. Сондай-ақ етістіктер құрмалас 
сөйлемдердің баяндауыш қызметінде:  
1)  тиянақты  түрде,  барлық  салалас  құрмалас  сөйлемдер  жəне  сабақтас 
құрмаластың басыңқы сыңарында ғана кездеседі.  
2)  тиянақсыз  түрде,  етістіктер  тек  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің 
бағыныңқы сыңарында ғана жұмсалады. Алғаш рет түркологияда есімді сөйлем 
туралы  А.П.  Поцелуевский  пікір  қозғаса,  қазақ  тіл  білімінде  профессор 
М. Балақаев  етістікті,  есімді  деп  бөлді.  Осылайша  қазақ  тілінде  есімді 
сөйлемдердің  бір  түрі  пайда  болып,  К.Қ.  Оңалбаева,  Б.  Елікбаев  оны  арнайы 
зерттеу объектісі етіп қарастырды.  

 
37
Б.  Елікбаев  өз  еңбегінде  есімді  сөйлемдерді  үлкен  екі  топқа  бөліп 
қарастырып,  бұрынғы  жай  сөйлем,  құрмалас  сөйлемдердің  негізгі  базасы 
негізінде  қалыптастырады.  Жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемдерді  қарастыру 
барысында:  
1. Жай сөйлемді:  
а) есімді жай сөйлем 
ə) етістікті жай сөйлем 
2. Құрмаласты:  
а) есімді құрмалас сөйлемдер 
ə)  етістікті  құрмалас  сөйлемдер  деп  бөлу  принципі  болмағаны  белгілі. 
Жылдан  жылға  ғылым  дамып,  бұрын  тек  етістікті  сөйлемдерге  назар 
аударылса,  енді  есімді  сөйлемдерге  де  назар  аударыла  бастады.  Осының 
негізінде енді құрмалас сөйлемдерді:  
а) есімді құрмалас сөйлемдер, 
ə)  етістікті  құрмалас  сөйлемдер  деп  бөліп,  енді  есімді  құрмалас 
сөйлемдердің баяндауыштарының тек есімдерден:  
а) зат есім 
ə) сын есім 
б) сан есім 
в) есімді сөз таптарынан болуы ғана сөз болады. 
Сонымен,  есімді  құрмалас  сөйлемдердің  баяндауыштары  зат  есім,  сын 
есім,  сан  есім,  есімдік  сөз  таптарынан  жасалады  екен.  Сондай-ақ  есімді 
құрмалас сөйлемдер:  
а) зат есім + көмекші етістік; 
ə) сын есім + көмекші етістік; 
б) сан есім + көмекші етістік; 
в) есімдік + көмекші етістік арқылы да жасалады.  
Баяндауыштың мұндай түрлерін құрама баяндауыш деп атайды [17]. Осы 
құрама баяндауыштардың негізгі мағыналық сыңарлары зат есім, сын есім, сан 
есім,  есімдік  сөз  таптары.  Олар  үнемі  дербес  мағынада  болып,  ал  көмекші 
етістіктер оларға түйдектелу барысында шақтық мағына үстейтіні мəлім. Кейде 
зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдерге  модаль  сөздер,  тіпті  шылаулар  да 
түйдектеліп  келуі  де  есімді  сөйлемдерді  құрайды.  Түркологияда  ең  алғаш  рет 
А.П.  Поцелуевский  «бар», «жоқ»  сөзді  сөйлемдерді  де  есімді  сөйлемдерге 
жатқызса,  ал  қазақ  тіл  білімінде  профессор  М.  Балақаев  «бар», «жоқ»  сөзді 
баяндауыштарды  не  есімді,  не  етістікті  баяндауыштарға  қоспайды,  оларды  өз 
алдына бар, жоқ, сөзді баяндауыштар деп атайды [1].  
Енді есімді сөйлемдердің жасалу түрлерін көрсетсек: 
а) зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары арқылы; 
ə) субстантивтенген сөз таптары арқылы; 
б) үстеу, модаль сөздер қатысты баяндауыштар; 
в) құрама баяндауышты түрі арқылы; 
г) бар, жоқ сөздері арқылы.  
Құрмалас сөйлемдерді бұрыннан:  

 
38
1. Салалас, сабақтас, аралас түрлеріне бөлеміз. 
2. Олардың əрбір сыңары туралы ғана, яғни тиянақты, тиянақсыз сыңары, 
негізінен  етістікті  баяндауышы  туралы  ғана  бұрынғыдай,  салалас,  сабақтас, 
аралас  құрмалас  сөйлем  деп  топтай  келіп,  енді  міндетті  түрде  олардың 
баяндауыштарының  тек  есімдерден  болуына  да  назар  аударылды.  Егер  есімді 
жай сөйлемде баяндауыштарының жасалуына көңіл бөлсек, ал есімді құрмалас 
сөйлемде  осы принципті басшылыққа аламыз.  Етістікті  құрмалас  сөйлемдерде 
баяндауыш  қызметінде  етістіктер  есімше,  көсемше,  шартты  рай,  т.б.  түрінде 
келеді. Ал есімді құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде олар да өзіндік 
морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.  
1. – Бірі – жас жалынды Тоғжан 
жүз
і, екіншісі – жалынын мұңды жаны 
жеңген – 
Салтанат
. 
2. – Ел де 
сенікі
, ел ішіндегі тентек те 
сенікі
 
3. – Бұл не Бөжейдің өлердегі 
өсиетінен
, немесе артында ие боп отырған 
Байдалы, Байсал, 
Түсіптердің мінезінен
. 
4. – Ол – Шыңғыс ішінде, Байсал алған 
қыстау екен
. 
5. – Олар  Абайдың  өзінің  аталас 
елі  емес
,  Мамайдан  шыққан, 
жатақ 
балалары
. 
6. – Алдыңғы  бəйге  түйе  бастатқан  тоғыз,  екінші  жамбы  бастатқан 
тоғыз
. 
Осы  сөйлемдерде  зат  есім,  есімдік  сан  есімді  салалас  құрмалас 
сөйлемдердің баяндауышының түрлері көрсетілген. Берілген салалас құрмалас 
сөйлемдердің  баяндауышы  қызметінде  зат  есім,  есімдік  тəуелдік  жалғаулы 
шығыс  септік,  жатыс  септік,  зат  есімдерге  көмекші  етістіктердің  жалғауы 
арқылы жасалған сөздер кездеседі. Сонда зат есім, есімдіктер, сан есімдер осы 
тұлғаларында құрмалас сөйлемнің екі сыңары ретінде біршама аяқталған ойды 
білдіру арқылы баяндауыштық қызметте жұмсалған.  
Енді əрбір сөйлемге жеке тоқталсақ:  
1.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  бірінші  сыңарының  баяндауышы – жүзі
екінші  сыңарының  баяндауышы – Салтанат.  Екеуі  де  өз  алдына  құрмалас 
сөйлемнің  баяндауышы  қызметінде  жұмсалып  сөйлемді  тиянақтап  тұр  жəне 
құрмаластың  тиянақтақты  баяндауышының  одан  бетер  нақтылана  түсуіне 
ықпал етіп тұр.  
2-сөйлемде  баяндауыштың  екі  сыңары  да  тəуелдік  тұлғадағы  есімдік – 
сенікі болып келген.  
3-сөйлемде  бірінші  сыңары - өсиетінен,  зат  есімге  шығыс  септігінің 
жалғасуы  арқылы,  екінші  сыңары  Түсіптердің  мінезінен – дегенде  ілік 
жалғаулы  зат  есім  (жалқы  есім)  есім  қызметінде  жұмсалмай,  анықтауыш 
қызметінде жұмсалуы тиіс. Оның үстіне ілік жалғаулы сөз сол күйінде сөйлемді 
тиянақтай  алмады.  Сондықтан  ілік  жалғаулы  сөзді  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалуына шығыс жалғаулы мінезінен көмекші есімінің əсері зор.  
4-сөйлемде  бірінші  сыңарының  баяндауышы  ішінде – жатыс  септігінде 
тұр,  екінші  сыңары  қыстау  екен,  зат  есімге  екен  көмекші  етістігінің  тіркесуі 

 
39
арқылы  жасалған.  Қыстау  екен – дегенде  қыстау  сөзінің  баяндауыштық 
қызметін нақтылау түскен екен көмекші етістігі.  
5-сөйлемде  бірінші  сыңарының  баяндауышы  елі  емес,  баяндауышы 
тəуелдік тұлғадағы зат есімге емес көмекші етістігінің формасының түйдектелуі 
арқылы  баяндауыш  қызметінде  есімді  құрмалас  сөйлем  жасап  тұр,  екінші 
сыңарының  баяндауышы – жатақ  балалары,  көптік,  тəуелдік  тұлғадағы 
күрделі зат есімдер. 
6-сөйлемде  бірінші  сыңарының  да,  екінші  сыңарының  баяндауыштары 
тоғыз – есептік сан есімі.  
Сондай-ақ  есімдерге  түрлі  көмекші  сөздер  дəнекерлік  қызмет  атқарып, 
олар сабақтас құрмалас сөйлемдер құрайды. М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-
эпопеясынан мысалдар келтірсек: 
1. Бұл бала күннен Құнанбайдың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет