Мысал келтіреміз: салық инспекциясына кәсіпорынның есеп
айырысу шотынан аудару жолымен 2005 жылы қыркүйек айының
30 жұлдызындағы № 1039 төлем тапсырмасына сәйкес, 65000
теңге сомада әлеуметтік салық төленді (аударылды). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3150 — 1040 = 65000 4 типті операция
П (-) А (-)
д) Шаруашылық шығыстарды төлеу. Бұл есептер № 7210 «Әкім-
шілік шығыстар» активті шотында бейнеленеді. Шаруашылық шы-
ғыстарға: әкімшілік, банктік, пошта-телеграфтық, сот шығыстары,
айыппұлдарды төлеу, демеушілік және қайырымдылық жәрдем ету
және т.б. жатады. Активтер осы активті шотқа шығыс етілетіндіктен,
ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашы-
лық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне
шығыс етіледі. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 1010, 1040 Төлем тапсырмалары, шығыс
кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және
әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол
сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы желтоқсан айының 10
жұлдызындағы пошта бөлімшесінің № 336 квитанциясына сәйкес,
32000 теңге сомаға арнайы газеттер мен журналдарға жазылды. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
184
7210 — 1010 = 32000 1 типті операция
А (+) А (-)
Материалдық қорлар мен қысқа мерзімді дебиторлық
берешектердің кемуі
а) Тауар-материалдық қорларды өткізу. Бұл шаруашылық опера-
циялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің
өзіндік құны» және № 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету
бойынша шығыстар» активті шоттарында бейнеленеді. Шығыстар
осы активті шоттарға шығыс етілетіндіктен, тауар-материалдық
қорлар енді кредиттік жағында орналасады және шаруашылық
операцияның жазылуы № 7010, 7110 шоттардың дебетіне № 1310—
1315, 1317, 1320, 1330 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010, 7110 1310—1315, 1317, Дайын өнімді, тауарларды
1320, 1330 өткізу актісі жүкқұжат,
шот-фактура
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция
орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады
(бір жағынан дайын өнімнің өзіндік құны мен өткізілуі бойынша
шығыстар көбейеді, екінші жағынан сол сомада кәсіпорынның
тауар-материалдық қорлары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылы қыркүйек айының
12 жұлдызындағы № 189 дайын өнімді өткізу актісіне сәйкес,
1800000 теңгеге дайын өнім өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1320 = 1800000 1 типті операция
А (+) А (-)
185
2) дайын өнімді ыдыспен (жәшіктермен) қамтамасыз ету үшін
2005 жылы шілденің 16 жұлдызындағы № 86 жүкқұжатына сәйкес,
6500 теңгеге құрылыс материалдары (тақта) шығыс етілді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7110 — 1317 = 6500 1 типті операция
А (+) А (-)
ә) Материалдық ресурстарды өндіріске шығыс ету. Бұл жерде
негізгі, меншікті, көмекші өндірістер мен олардың үстеме шығы-
старының қажеттіліктеріне материалдық ресурстардың шығыс
етілуі жасалады. Бұл шаруашылық операциялар № 8011, 8021, 8031,
9041 «Материалдар» активті шоттарында бейнеленеді. № 801, 802,
803, 804 бөлімшелердің нөмірлері өндіріс немесе шығыстардың
түрін көрсетеді.
Шаруашылық операцияның жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
8011, 8021, 8031, 8041 — 1310—1315, 1317 Материалды
жауапты тұлғалардың
материалдық есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шот орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция
орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады
(бір жағынан аяқталмаған өндіріс көбейеді, ал екінші жағынан сол
сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл
жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: үстіміздегі жылдың I-тоқсанында ерлер
көйлектерін тігу бойынша негізгі өндіріске 2005 жылы наурыз
айындағы цех бастығының материалдық есебі бойынша 980000
теңге сомада материалдар шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
186
8011 — 1310 = 980000 1 типті операция
А (+) А (-)
б) Қызметті қысқартатын жағдайлар кезіндегі материалдық
ресурстарды шығыс ету. Бұл жерде оның зардабын болдырмауға
материалдық ресурстарды шығыс ету орын алады. Аталған ша-
руашылық операциялар № 7510 «Табиғи апаттардан болған залалдар»
активті шоттардың дебеті бойынша бейнеленеді.
Шаруашылық операциялардың жазылуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7510 1310—1315, 1317 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
материалдық ресурстарды
шығыс ету туралы акті
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шоттар орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан табиғи апаттардың салдарын жою бойынша
шығыстар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның
материалдық ресурстары шығыс етіледі). Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорынның қызметін қысқартумен байла-
нысты жағдайды қалпына келтіру үшін кәсіпорын 2005 жылы сәуір
айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық есебіне сәйкес, 125000
теңге сомада құрылыс материалдары шығыс етілді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7510 — 1317 = 125000 1 типті операция
А (+) А (-)
в) Өнімсіз шығыстарға материалдық ресурстарды шығыс ету.
Бұл жерде өнімсіз шығыстар: кем шығу, қиянат жасау, қайтарымсыз
түрде өткізуге және т.б. материалдық ресурстар шығыс етіледі.
Өнімсіз шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарға жатады. Бұл
шаруашылық операциялар № 7210 «Әкімшілік шығыстар» активті
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Бірақ, бұл жерде олар ең
187
соңында шегерулерге жатпайтындықтан, «өнімсіз» деген белгімен
белгілеу ұсынылады. Шаруашылық операциялардың жазылуы
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 өнімсіз 1310—1315, 1317 Кәсіпорын бойынша бұйрық,
түгелдеу немесе қабылдау-
өткізу актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шот орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан өнімсіз шығыстар көбейеді, ал екінші жағынан
сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс етіледі).
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: жергілікті мектепке демеушілік жәрдем
ретінде 2005 жылы қараша айының 26 жұлдызындағы қабылдау-
өткізу актісіне сәйкес, 60000 теңге сомада материалдар қайтарымсыз
түрде берілді.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
7210 өнсіз — 1310 = 60000 1 типті операция
А (+) А (-)
г) Негізгі құралдардың жөнделуіне материалдық ресурстарды
шығыс ету.
Бұл жерде негізгі құралдарды жөндеуге материалдық ресурстар
шығыс етіледі.
Аталған шаруашылық операциялар № 2412—2417 «Негізгі
құралдар» активті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұл
жерде материалдық ресурстардың құны кәсіпорынның шығыстарына
емес, негізгі құралдар құнының артуына шығыс етіледі.
Шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2412—2417 1310—1315, 1317 Материалды жауапты
тұлғалардың материалдық
188
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті
шоттар орналасқан. Демек, бұл жағдайда 1 типті «Активті-активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан негізгі құралдардың құны артады, ал екінші
жағынан сол сомаға кәсіпорынның материалдық ресурстары шығыс
етіледі). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: цехтың өндірістік жайын жөндеу үшін кәсіп-
орын 2005 жылы қазан айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық
есебіне сәйкес, 350000 теңге сомада құрылыс материалдарын жұм-
сады. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
1412 — 1317 = 350000 1 типті операция
А (+) А (-)
Сонымен, біз 1-бөлімнің шоттары бойынша шаруашылық опе-
рацияларды құрудың үлгілерін қарап, талдау жүргіздік.
189
II. БӨЛІМ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
Бұл бөлімнің активті екені және 10 (20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28,
29) бөлімшеден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Ұзақ мерзімді
инвестициялар мен дебиторлық берешектер, негізгі құралдар, мате-
риалдық емес активтер, аяқталмаған құрылыс және жануарлар ұзақ
мерзімді активтер болып табылады, өйткені олар бар болуды біл-
діреді және активті шоттарда бейнеленеді.
Олардың келуін (көбеюін) қараймыз:
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз келудің
көзіне назар аударуымыз керек.
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің келуі (көбеюі)
а) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден. Сатып алушы-
лармен есеп айырысу № 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шот-
тарында бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көздері:
өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар
болатындықтан, шаруашылық операцияның жазылуы № 2110
шоттың дебетіне № 3130, 6010 шоттардың кредитінен жасалады.
Бұл жағдайда шаруашылық операцияның жазуы төмендегіше бо-
лады:
Дт Кт Құжаттар
2110 3130, 6010 Шот-фактура
190
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шоттар орналасқан. Демек, баланстың активі мен пассивінде көбею
жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-пассивті» операция
орын алады.
Бір жағынан дебиторлық қарыздардың көлемі, ал екінші жа-
ғынан бір мезгілде ҚҚС пен салық салынудың объектісі болатын,
кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табысының
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыс жасалғанын біл-
діреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын сатып алушыға 2005 жылы
мамыр айының 28 жұлдызында № 142 шот-фактураға сәйкес,
1000000 теңге сомада ұзақ мерзімді тапсырыс өткізді. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2110 — 6010 = 1000000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) тауарлардың көрсетілген партиясына 2005 жылы мамыр
айының 28 жұлдызындағы № 142 шот-фактураға сәйкес, 150000
теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмен-
дегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2110 — 3130 = 140000 3 типті операция
А (+) П (+)
ә) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардан. Олармен есеп
айырысу № 2120—2140 «Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың
ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» активті шоттарында
бейнеленеді. Дебиторлық қарыздардың келіп шығу көзі: ақша
қаражаттары, өтелуге тиіс ҚҚС, негізгі және негізгі емес қызметтен
түскен табыстар болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы
№ 2120—2140 шоттардың дебетіне № 1040, 3130, 6010 шоттардың
кредитінен жасалады. Жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
191
2120—2140 1040, 3130, 6010 Төлем тапсырмалары,
шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1040) жайғасқан
жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын алады, яғни
баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір жағынан
дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол сомаға
кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3130, 6010) жайғасқан жағдайда баланстың
активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті
«Активті-пассивті» операция орын алады (бір жағынан дебиторлық
қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде ҚҚС мен негізгі және
негізгі емес қызметтен түскен табыстар көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) есеп айырысу шотынан еншілес ұйым-
дардың есебінен 2005 жылы наурыз айының 23 жұлдызындағы №89
төлем тапсырмасына сәйкес, 500000 теңге сомаға төлем жасалды.
Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2120 — 1040 = 500000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) еншілес кәсіпорынға 2005 жылы мамыр айының 6
жұлдызындағы № 49 шот-фактураға сәйкес, 900000 теңгеге ұзақ
мерзімді тапсырыс өткізілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2120 — 6010 = 900000 3 типті операция
А (+) П (+)
б) Басқа қысқа мерзімді дебиторлық берешектер бойынша. Олар
бойынша есеп айырысу № 1250, 1270, 1280, 1420 «Басқа дебиторлық
қарыздар» активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу
көздері: өтелуге тиіс ҚҚС, есептелген сыйақылар, қызметкер мен
басқа тұлғалардың қарыздары, дауласулар бойынша есептерді қоса,
басқа дебиторлық қарыздар болатындықтан, жазу № 1250—1420
192
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 3310, 3350, 3390, 6120, 6210, 6280
шоттардың кредитінен жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2150—2180 1010, 1040, 3350, 4110, Төлем тапсырмалары,
4430,6120,6210,6280 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, сыйақылардың
есептері
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040)
жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті-активті» операция орын
алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер болады (бір
жағынан дебиторлық қарыздар көбейеді, ал екінші жағынан сол
сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3350, 4110, 4430, 6120, 6210, 6280) жайғасқан
жағдайда баланстың активі мен пассивінде көбею жағына өзгерістер
болатын 3 типті «Активті — пассивті» операция орын алады (бір
жағынан дебиторлық қарыздар, ал екінші жағынан бір мезгілде
жеткізушілер мен еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар,
сондай-ақ негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстар
көбейеді). Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында материалды жауапты
тұлғаға 2005 жылы сәуір айының 25 жұлдызындағы № 1039 шығыс
кассалық ордерге сәйкес, ұзақ мерзімді іссапар шығыстарына 150000
теңге сомада қолма-қол ақша берілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2150 — 1010 = 150000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) зейнеткерлікке шығар кезде еңбегі сіңген қызметкерге 2005
жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы кәсіподақ комитетінің
шешімі мен № 9 қабылдау-өткізу актісі бойынша ұзақ мерзімді
келісім-шартпен 180000 теңге құнымен жеңіл автомобиль сыйға
тартылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
193
Дт Кт Сома Ескерту
4430 — 6210 = 180000 3 типті операция
А (+) П (+)
в) Алдағы кезеңдердің шығыстары бойынша. Олар бойынша
есеп айырысу № 2920, 2940 «Алдағы кезеңдердің шығыстары»
активті шоттарында бейнеленеді. Олардың келіп шығу көздері:
сақтандыру полисі, жалақысы, алдағы кезеңдердің басқа шығыстары
болатындықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 2920, 2940
шоттардың дебетіне № 1010, 1040, 1310-1315, 1317, 3350, 4170, 8030
шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
2920, 2940 1010, 1040, 1310-1315, 1317, Төлем тапсырмалары,
3310, 3350, 3390, 8030 шығыс кассалық ордерлер,
еңбекақы бойынша бет есептер,
келісім шарттар, жүкқұжаттар,
орындалған жұмыстарға актілер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1010, 1040, 1310-
1315, 1317, 8030) жайғасқан жағдайда 1 типті «Активті — активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана өзгерістер
болады (бір жағынан алдағы кезеңдердің шығыстары көбейеді,
ал екінші жағынан сол сомаға кәсіпорынның активтері мен ақша
қаражаттары шығыс етіледі).
Пассивті шот (№ 3350, 4170,) жайғасқан жағдайда баланстың активі
мен пассивінде көбею жағына өзгерістер болатын 3 типті «Активті-
пассивті» операция орын алады (бір жағынан алдағы кезеңдердің
шығыстары, ал екінші жағынан бір мезгілде жеткізушілер мен
еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді). Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) жаңа өндірістерді дайындау, сондай-ақ
жаңа агрегаттарды орнату және басқа ұзақ мерзімді активтер үшін
2005 жылы маусым айындағы жұмыс жүргізушінің материалдық
есебіне сәйкес, 8000000 теңге сомада құрылыс материалдары
194
жұмсалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2940 — 1317 = 8000000 1 типті операция
А (+) А (-)
2) 2005 жылы I-тоқсанда кен орнындағы кен-дайындау жұмыста-
рын жүргізу үшін 2005 жылы наурыз айының 26 жұлдызындағы
кен-жүргізу бригадасының жүктеліміне сәйкес, 1900000 теңге
сомада кеншілерге еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2940 — 3350 = 1900000 3 типті операция
А (+) П (+)
Достарыңызбен бөлісу: |