Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы нашарлады ма?
2. Жеткізушілермен есеп айырысуға кәсіпорынның ақшалары
жетеді ме?
3. Аяқталмаған өндірістің көбеюі немен байланысты бо-
луы мүмкін және ол кәсіпорынның алдағы қаржы-шаруашылық
қызметіне қалай әсер етеді?
4. Жіберілген өнім қалдықтарының өсуі немен байланысты және
ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына қалай әсер етеді?
51
II БӨЛІМ.
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
I бөлімше. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
19. Банкіде ағымдағы шот ашу
Кәсіпорын материалдарды жеткізушілермен, өнім алушылармен
немесе қызметтерді пайдаланушылармен шаруашылық байланысқа
түсіп, олармен алыс-беріс қатынастарда болады. Алыс-беріс
қатынастар алушылардың белгіленген уақытта алынған материалдық
құндылықтардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің құнын
төлеу міндеттемелеріне, сондай-ақ жеткізушілердің алушылардан
төлемақыны талап ету құқығына негізделеді.
Алыс-беріс қатынастары мемлекеттік бюджет, әлеуметтік қамсыз-
дандыру, зейнетақы қоры және т.б. органдармен де пайда болады.
Есеп айырысудың айқын ұйымдастырылуы айналымдағы қаржы-
лардың айналымдылығын тездетуге, төлемдердің мерзімін өткізіп
алған жағдайларда кәсіпорынға айыппұлдар мен өсім төлеуден құ-
тылу мүмкіндігін береді.
Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің
жәрдемімен қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Есеп айырысу шотын
ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот
ашу жөнінде өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы
туралы құжат (нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі),
жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорын-
ның қаржыларын басқарушылардың қолтаңбалары қойылған но-
тариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы
статистикалық органдардан анықтама және есепке қою туралы
салық инспекциясының анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес,
әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша опе-
рацияларды жүргізу үшін банк немесе басқа несие мекемесінде бір
ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуға құқылы.
Салық төлеушілер тоқсан сайын салық органдарына өздерінің
Қазақстан Республикасы көлемінде, сондай-ақ шет елдерде ашылған
барлық шоттары (валюталық, депозитті және т.б.) туралы мәліметтер
беріп тұруға міндетті.
52
Кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген өнім үшін ақ-
шалар, аванстық төлемдер, банктің несиелері, дебиторлық қарыздар,
кассадағы қолма-қол ақша және т.б. келіп түседі.
Есеп айырысу шотынан қолма-қол ақшасыз есептер жүргізіледі,
еңбекақы төлеу, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарына
қолма-қол ақша беріледі. Қолма-қол ақша мәлімдемеге сәйкес боса-
тылады.
Қолма-қол ақша беруді, сондай-ақ есеп айырысу шотынан ақша
аударуларын әдеттегіше, банк есеп айырысу шоты иесінің бұйрығы
негізінде немесе оның келісімі (акцепті) бойынша жүргізеді.
Ерекше жағдайларда банк есеп айырысу шотынан мәжбүрлі түрде
ақша қаражаттарын шығыс етеді. Мысалы, салық органдарының
ұйғарымы бойынша төлеу мерзімдері өтіп кеткен салықтар, жи-
наулар және т.б. аударылады. Одан басқа, өзінің келісімі бойынша
ақша қаражаттарын шығыс еті мүмкін, мысалы, банктің несиесін
пайдаланғаны үшін (несие үшін процент), есеп айырысу мен
кассалық қызмет үшін және т.б.
Банктің қызметтері үшін төлем бойынша шығыстар кәсіпорын-
ның шығындарына, ал кәсіпорынның уақытша еркін қаржыларын
пайдаланғаны үшін банктің төлемдері — оның негізгі емес қыз-
меттерінің табыстарына апарылады.
Банктің ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз
ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол
ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.
Төлем тапсырмасы кәсіпорынның есеп айырысу шотынан
алушының есеп айырысу шотына, онда көрсетілген қаржыны
шығыс ету үшін қызмет атқарады.
Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде
есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қандай кәсіпорындар және ұйымдармен, тағы қандай себеп-
термен есеп айырысу қатынастары пайда болады?
2. Кәсіпорынның есеп айырысу шотын ашу үшін банкіге қандай
құжаттар тапсыру қажет?
3. Банк қандай жағдайларда кәсіпорынның есеп айырысу шоты-
нан мәжбүрлі түрде ақша қаражаттарын шығыс етеді?
53
4. Банктің операцияларына қандай бастапқы құжаттар негіз бо-
лады?
20. Төлем тапсырмаларын дайындау
Төлем тапсырмасы, бұл — банкіге тиісті қаржыларды
жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару ту-
ралы тапсырма. Бухгалтер оны компьютерде қажетті дана бойынша
басады.
Онда төлеуші мен оның банкісінің, алушы мен оның банкісінің
реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің
қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның
соңғы данасына таңба қояды, одан соң ол операцияны есепте бейнелеу
үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ банкіге өткізілмеген
төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.
Төлеуші болып кәсіпорынның есеп айырысу шоты ашылған банк
саналады және сол бөлігінде кәсіпорынның аталуы мен оның есеп
айырысу шотының нөмірі көрсетіледі.
Төменде біз ҚР Ұлттық банкіде біздің банкінің берген кодын, ал
«дебет» бағанасында ҚР Ұлттық банктегі есеп айырысу шотының
шифрын көрсетеміз. Одан төмен алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі
банкінің коды (МФО — «межфилиальные обороты — филиалдар
арасындағы айналымдар»), ал «кредит» бағанасында — ҚР ҰБ-дегі
алушы банкінің корреспонденциялық шоты көрсетіледі.
Аударылатын қаржы көлемі бас әріппен сөз түрінде басылады.
Оның сандық мөлшері жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады.
Төменгі жақта төлемнің тағайындалуы көрсетіледі, басшы мен бас
бухгалтердің қолтаңбаларымен қоса, кәсіпорынның мөрі қойылады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Төлем тапсырмаларының жәрдемімен қандай операциялар
жүргізіледі?
2. Төлем тапсырмасы басылуға тиісті ме немесе қолмен жазылуы
мүмкін бе?
3. Төлем тапсырмасында қандай міндетті реквизиттер болады?
4. Төлемнің көлемін көрсету кезінде қандай талаптар қойылады?
5. Төлем тапсырмасына кімдердің қолтаңбалары қойылады?
54
21. Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі
Кәсіпорын банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша
чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы алады.
Чектер арнайы чек кітапшасында болады. Чек кітапшасын алу
үшін алушының аты-жөні көрсетілген және оның қолтаңбасының
үлгісі берілген арнайы өтініш толтыру қажет. Өтініш басшы мен
бас бухгалтердің қолтаңбалары қойылып, кәсіпорынның мөрімен
бекітіледі. Сол өтінішіне сәйкес, банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50
данаға чек кітапшасын береді. Банкідегі өзінің есеп айырысу шоты-
нан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған
басшымен бірлікте қол таңбаларын қойып, кассирге береді. Чектегі
сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.
Кассир алдын ала (шамамен 1—2 күн бұрын) банкіге қажетті
сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер
күнін өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай, 10 күн ішінде жа-
рамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық
операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру
туралы ережелеріне сәйкес, кассирдің штаты жоқ кәсіпорындарда
оның міндетін толық материалдық жауапкершілік туралы келісім
шарт жасалып, кәсіпорын басшысының жазбаша түрдегі өкімі бой-
ынша бас бухгалтер немесе басқа қызметкер атқаруы мүмкін.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Ақша чегі не үшін қажет болады?
2. Кассирдің міндетін кәсіпорынның бас бухгалтері атқаруы
мүмкін бе?
3. Банкіден ақша чек кітапшасын алу үшін қандай құжаттарды
толтыру қажет?
4. Банкіден қолма-қол ақша алудың тәртібі қандай?
5. Банкіден қолма-қол ақша алу кезінде кассир жеке басын
куәландыратын құжатты көрсетуге тиісті ме?
55
22. Банкіге қолма-қол ақшаны өткізу тәртібі
Кассаға есеп айырысу шотынан алынған қолма-қол ақша қатаң
мақсатты бағыттар (ақшалар алынған мақсаттар ақша чегінің теріс
бетінде көрсетіліп қойылған) бойынша жұмсалу қажет. Ақшаның
жұмсалмаған қалдығы кассаға тапсырылады. Алушылар тарапынан
қолма-қол ақшамен төленген өнімнің өткізілуінен түскен ақшалар
да есеп айырысу шотына өткізіледі.
Есеп айырысу шотына ақша салу шығыс кассалық ордерімен жа-
салады.
Банкте ақша өткізетін кассир қолма-қол ақша салу бойынша ха-
барландыруларды толтырады. «Хабарландыру» бланкісін банктің
операторынан алу мүмкін. Ол үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлік
банкіде қалады, ортадағы бөлік (квитанция) кассирге беріледі.
Хабарландырудың төменгі бөлігі (ордер) де кассирге қайтарылады,
бірақ банк тиісті операцияны өткізгеннен соң, банктің көшірмесімен
бірге тігіледі.
Үш бөліктің әрбірінде қойылатындар: күні, кімнен ақша қабыл-
дағаны, алушы мен оның банкі, салымның тағайындалуы. Бірінші
мен екінші бөліктердің жоғарыдағы оң бұрышында кәсіпорынның
есеп айырысу шоты мен сомасы сандармен жазылады. Сол соманың
өзі төмендегі тәртіпте сөзбен жазылады: жазуды ол үшін арналған
орынның басына тиістіре бас әріппен бастау керек. Орынның қалған
жерлерін көлденең сызықпен сызып қою қажет.
Үшінші бөлік сәл басқаша толтырылады. Ордерде алушы банктің
коды мен кредит бойынша сомасын көрсету қажет (біздің есеп айы-
рысу шотымызда бұл сома дебет бойынша, ал банкіде — кредит
бойынша өтеді).
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Толтырылған чектің теріс бетінде көрсетілмеген мақсаттарға
қолма-қол ақшаны жұмсау мүмкін бе?
2. Еңбекақы төлеу үшін алынып, жұмсалмай қалған сома қай
мерзімде банкіге өткізіледі?
3. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың бланкісін қайдан
алуға болады?
4. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың бланкісі неше
бөліктен тұрады?
56
5. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі банкіде
қалады?
6. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі кассир-
ге беріледі?
7. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың қайсы бөлігі банк та-
рапынан банктің көшірмесімен бірге қайтарылады?
8. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың үш бөлігінің
әрбірінде қандай міндетті реквизиттер қайталанады?
9. Қолма-қол ақша салуға хабарландырудың үшінші бөлігінің
толтырылуының басқа екеуінен ерекшелігі неде?
23. Есеп айырысу чектерін қолдану
Есеп айырысу чегі — чек берушінің шотынан чекте көрсетілген
соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып
алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі
тездетіледі.
Чектер лимиттік және лимитсіз кітапшалардың чектері бо-
лып бөлінеді. Лимиттік кітапшалардың чектерімен тауарлар мен
көлік және байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар жаса-
лады. Кітапшада лимиттің сомасы мен оған белгіленген мерзім
көрсетіледі.
Лимитсіз кітапшалардың чектерін банкіден жолдағы есепті
құжаттар есебінен несиені қолданатын кәсіпорындар алады. Олар
бойынша сомалар шектелмейді. Олар жіберу стансасынан қабылдау
стансасына дейін жүктерді тасымалдау үшін темір жол тарифінің
сомасына сәйкес, темір жолдың стансасына өнімнің өткізу барысы
бойынша жасалады.
Есеп айырысу чектер кітапшасын алу үшін дағдылы чек
кітапшасын алу үшін жазылғандай үлгіде өтініш жазылады. Одан
басқа, есеп айырысу чектер бойынша шығыс ету үшін арнайы шотқа
есеп айырысу шотынан белгіленген соманы аудару нұсқауымен
банкіге төлем тапсырмасы басылуы тиіс.
Материалдық құндылықтарды сатып алу тапсырылған кәсіпорын-
ның қызметкеріне есеп айырысу чектер кітапшасы мен оны пайда-
лану үшін типтік үлгідегі сенімхат беріледі.
Қазіргі уақытта жалған чектердің көбейіп кетуіне байланысты
елімізде чектердің жүруі уақытша тоқтатылған.
57
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Есеп айырысу чектері деген не?
2. Есеп айырысу чектерін қолданғанда есеп айырысу неге
тездетіледі?
3. Лимиттік кітапшалардың чектері көмегімен қандай есеп айы-
рысу жасалады?
4. Лимитсіз кітапшалардың чектері көмегімен қандай есеп айы-
рысу жасалады?
5. Банктен есеп айырысу чектердің кітапшасын алу үшін нелерді
толтыру қажет?
6. Чектер кітапшасымен бірге кәсіпорынның қызметкеріне қандай
құжат беріледі?
24. Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель, бұл — қатаң белгіленген, жазбаша үлгіде көрсетілген
ақшалай борышты міндеттеме. Вексель өзінің иесіне төлеу мерзімі
келуі бойынша онда айтылған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз
құқығын береді. Вексель бойынша оны берген немесе төлеуге
келісім берген (акцепттелген) тұлға төлеуге борышты.
Вексель заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға тиісті, тек сонда ғана ол
өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден
бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда
көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді.
Коммерциялық вексельдер, мысалы, сауда операцияларын
несиелендіруде қолданылады. Егер сіз тауарды сатушы ретінде
100 % алдын ала төлемді ала білсеңіз, онда бұл, әрине, жақсы бо-
лады. Алайда, нашар сұраныс пен өсіп бара жатқан бәсекелестік
жағдайларында есеп айырысудың мұндай түрі сирек қолданылады.
Сатушыларға тауарларды жеткізіп бергеннен соң, төлемге немесе
несиеге беру жағдайына көнуге тура келеді.
Мұндай несиенің бір әдісі болып төлемін белгілі кезеңнен кейін
жасау міндеттемесімен вексельді жазып беру саналады.
Вексельді жазып беруші кәсіпорын (тұлға) борышкер болып
саналады. Сатылған тауарлардың төлемақысы есебінен вексельді
қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып са-
налады.
Вексельдер жай және аударма түрде болады. Жай вексель кре-
дитордың (вексель ұстаушының) пайдасына борышкерге (вексель
берушіге) төлеу міндеттемелерін мойындатады.
58
Аударма вексель (тратта) үшінші тұлғаға (ремитентке) көрсетілген
соманы төлеу туралы борышкерге (қарыздарға) бұйрықты мойында-
тады.
Борышкер акцепт, яғни төлеуге келісім бергеннен соң, қолма-
қол ақшаның қызметін орындай отырып, ол жазумен тұлғалардың
шексіз шеңберінде айналып жүре алатын аудару жазуы (индосса-
мент) траттаға қойылады.
Вексель жеткілікті дәрежеде сенімді бағалы қағаз болғанымен,
ол ақшаны қайтарып алуға толық кепіл бола алмайды. Борышкер
кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайға түсіп және оның
мүлкі барлық вексельдер бойынша төлемдер үшін жетпей қалуы
мүмкін.
Жоғары сыныпты (классты) банкілер кепілдік беретін вексельдер
сенімдірек болады.
Аударма вексельдермен коммерциялық қызметтің бірқатар ва-
рианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап
тұрып, одан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ, ол вексельді
банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдікке қойып,
банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып,
дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізушілер
мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер
жойылған. Кәсіпорындар несиеге өнім жіберу, жұмыстар орындау
және қызметтер атқаруы мүмкін.
Мұндай жағдайда алушылар мен тапсырысшылар кәсіпорынға
тек қана өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құнын емес, оған
қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім — коммерциялық
несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәмілелерді жасау
үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.
Мысалды қарайық: біздің кәсіпорынның жіберілген өнімі
есебінен вексель алдық (ұстадық). Вексельді төлеу және оның жабы-
лу мерзімі келгенше № 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді
инвестициялар» шотында дебиторлық қарыз есептеліп тұрады.
Бұл жағдайда № 2020 шотқа әрбір вексель бойынша қарызды төлеу
мерзімдерге негізделіп, есеп айырысулардың ерекше карточкасын
жүргізу ұсынылады. Атап айтқанда, қамтамасыз етілген дебиторлық
қарызды төмендегіше белгілеу қажет:
1. Төлеу мерзімі әлі келмеген вексельдермен;
2. Дисконтталған (банкіде есепке алынған) вексельдермен;
3. Төлеу мерзімі өтіп кеткен вексельдермен.
59
Ақша қаражаттың келу барысы бойынша бухгалтерлік есепте
мынадай жазу жазылады: Дт 1040 (1010) — Кт 2020.
Қайталау үшін сұрақтар:
Вексель деген не?
Вексель бойынша төлемді кім төлеуге міндетті?
Не үшін вексель қолданылады және оның жағымды жағы неде?
Аударма вексельдің жай вексельден айырмашылығы неде?
Вексель ақшаның қайтарылуына 100 %-дық кепілдік береді ме?
Коммерциялық қызметте аударма вексельді пайдаланудың
қандай варианттары бар?
Алынған вексельдер қай шоттарда есепке алынады?
25. Банктің көшірмелері. Есеп айырысудағы қателерді
түзету
Кәсіпорын оқтын-оқтын (күнделікті немесе басқа белгіленген
мерзімдерде) банкіден өзінің есеп айырысу шотының көшірмелерін
алады. Онда операцияның мазмұны шартты кодпен ауыстырылып
қойылады.
Банктің көшірмесі белгілі кезеңде кәсіпорынның есеп айырысу
шотындағы банкімен жүргізілген операциялардың тізімін құрайды.
Ол есеп айырысу шоты бойынша операцияны жүргізгеннен кейін
беріледі. Көшірмеге әрбір сома бойынша анықтаушы құжаттар қоса
тігіледі.
Банктің көшірмелерін бухгалтерлік өңдеу кезінде банк
кәсіпорынның борышкері ретінде болатындығын, өйткені ол
кәсіпорынның ақша қаражаттарын сақтап және оны өзінің айналы-
мында пайдаланатындығын есте сақтауымыз қажет. Сондықтан,
қаржылардың қалдықтары мен олардың келіп түсуі кәсіпорынның
бет есебі кредиті бойынша, ал ақша беру мен аудару — дебет бой-
ынша жазылады. Кәсіпорынның бухгалтері бұл операцияларды
№1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шотында
керісінше тәртіпте жазады.
Егер бухгалтер есеп айырысуда қателесіп, қажет болған сомадан
артық ақша аударып қойса, онда бұл жағдай туралы банкіге шұғыл
хабар жіберуі қажет. Егер төлем тапсырмасы банкіден өтіп кет-
се, онда № 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (оның
ішінде шағымдар бойынша қойылған)» шотын қолданып, кейінгі
60
есеп айырысу кезінде қажетті соманы реттеу немесе ақшаны алған
тұлғаға артық кеткен қаржыларды қайтару туралы өтінішін жол-
дауы қажет.
Банктің көшірмелерін бухгалтер тексереді және оның ақ
шеттерінде байланысатын шоттардың шифры көрсетіледі. Сол шот-
тар көшірмеге тігілген құжаттарда да көрсетіледі.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Банктің көшірмесінің дұрыстығын қалай тексеру қажет?
2. Ағымдағы банктік шоттан қаражатты шығыс етуде қатені
тапқан жағдайда не істеу керек?
3. Ағымдағы банктік шоттан қателесіп шығыс етілген сомалар
кейінгі есеп айырысуда қалай реттеледі?
4. Ағымдағы банктік шоттан қателесіп шығыс етілген сомалар
бойынша қателерді түзету барысында қай шот қолданылады?
5. Ағымдағы банктік шоттан қателесіп шығыс етілген сомаларды
қайтару үшін не істеу керек?
26. Ағымдағы банктік шот бойынша негізгі бухгалтерлік
проводкалар
№ 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», бұл —
активті баланстық шот.
Оның қалдығы айдың басына есеп айырысу шотында кәсіпорын
қаражаттарының мөлшерін бейнелейді, дебет бойынша айналым —
өнімді өткізуден, дебиторлық қарыздардың жабылу есебінен, банк
несиелерінің келуінен, кассадан қолма-қол ақша салымынан және
т.б. келген қаражаттарды есепке алу бейнеленеді. Кредит бойынша
әртүрлі төлемдер нәтижесінде, сондай-ақ оларды кассаға өткізу
нәтижесінде қаражаттардың кемеуі көрсетіледі. Сол операцияларды
жоғарыдағы сызбаларда бейнеледік.
Жылдық есеп беруді дайындаудан бұрын есеп айырысудың
түгендеуі жасалуы тиіс. Егер дебиторлық қарыздарды тексеру
барысында ол қарызын мерзімінде бермейді деген күмән пайда болса,
онда біз өзімізде сол сомаға резерв қалыптастыруымыз мүмкін (Дт
№ 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты мен Кт № 1280
«Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шоты).
61
1040
«Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары»
Дт
Кт
1010 «Кассадағы теңгемен ақша
қаражаттары»
Кассаға теңгемен
ақша салымдары
1210 «Сатып алушылардың
дебиторлық берешегі»
Алушылардан
ақшаның келіп
түсуі
1280 «Өзге қысқа мерзімді
дебиторлық берешек»
Дебиторлық
қарыздар есебі-
нен ақшалардың
келіп түсуі
3010 «Қысқа мерзімді банктік
қарыз»
Банктерден
қарыз алу
3510 «Алынған қысқа мерзімді
аванстар»
Тапсырыс
берушілерден
аванстың келіп
түсуі
3390 «Өзге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек»
Кредиторлық
қарыздар есебі-
нен ақшалардың
келуі
1010 «Кассадағы теңгемен ақша
қаражаттары»
Кассаға теңгемен
ақша салымдары
1610 «Берілген қысқа мерзімді
аванстар»
Материалдар
жеткізу үшін
аванстар берілді
3010 «Қысқа мерзімді банктік
қарыз»
Алынған қарызды
қайтару
31 бөлімше «Салықтар бойынша
міндеттемелер»
Бюджетке төлем-
дер жасалды
3310 «Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек»
Алынған тауарлар
мен қызметтердің
ақысын төлеу
3220«зейнетақы аударымдары
бойынша міндеттемелер»
Жинақтаушы
зейнетақы қорына
ақшалар аударылды
Достарыңызбен бөлісу: |