C 32 Сейілхан Р. С 32



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата12.02.2017
өлшемі1,42 Mb.
#3982
1   2   3   4   5   6   7   8

ӘН САЛШЫ, РОЗА 
(әні бар)
Дара халқым қазағымды
Әсем әнге бөлеген,
Сенің жаның сұлу еді,
Тұнық еді не деген.
 Әуелеген әндеріңді 
сүйіп тыңдап, 
Аялап,
Өзіңді елің жарқыраған,
Жұлдызына теңеген.
Қайырмасы:
Ән салшы, Роза,
Бұл өнер ғой, киелі,
Ән салшы, Роза,
Әніңді елің сүйеді.
Ән салшы, Роза,
Розалардың жалғасы.
Ән салшы, Роза,
Бұл Тәңірдің сыйы еді.
Тым биіксің,
Тым асқақсың
Әнің барда, ардағым,
Талай елде
Әнмен аштың
Тарихтардың тармағын,
Паш еттің де өнеріңмен,

АҚ БҰЛТТАР
223
Туған елді әлемге,
Шарықтаттың орындалмас
Талайлардың арманын.
Қайырмасы: 
Ән салшы, Роза,
Бұл өнер ғой киелі,
Ән салшы, Роза,
Әніңді елің сүйеді.
Ән салшы, Роза,
Розалардың жалғасы.
Ән салшы, Роза,
Бұл Тәңірдің сыйы еді.

Роза СЕЙІЛХАН
224
АРҒА СӨЗ
Серік еттім, серік етем өзіңді ар,
Саған бірақ айтатұғын сөзім бар.
Ажал келіп алқымымнан алса да,
Дейтін едім, «сөзімді алма, өзімді ал».
Ой келеді бұл күндері не түрлі,
Өмір өткен есіркейтін жетімді.
Жейін деп жүр жетесіздер ұялмай,
Тірідей-ақ кесіп берсең етіңді.
Арғымақты ауыздықтап мінгендер,
Кіл «өзімдер», жаулап алды кіл «мендер».
Өмір деген қас пен көздің арасы,
Мәңгілікпен шатастырып жүрмеңдер.
Дегім келген, айтқым келген бәрін де,
Жүрек бірақ бағынбайды әмірге.
Көз жасымның кермек дәмі сияқты,
Бір сырқат бар жүрегімде, тәнімде.
Соның бәрін тек Сен ғана білесің,
Дертім аздай кінә тағып жүресің.
Өзің айтшы, қанша ақымақ болсам да,
Жақсылыққа қосқан бар ғой үлесім?!
Әлде жоқ па, түсіндірші, Сен маған,
Саған сеніп, құзғындарға жем болам.
Бұл өмірден аларым бар менің де,
Сол үшін де бағынбаймын енді оған.

АҚ БҰЛТТАР
225
ЖЕҢЕШЕ
Балалығым, жастығым, еркелігімді,
Сағындым ғой сол күнді – ертегі күнді.
Қабағымды бағатын асыл жеңеше-ай,
Мен де өзіңдей келін боп шертемін мұңды.
Қайырмасы:
Айдай әппақ жеңеше,
Жаным жеңеше.
Айғайласам жете ме әнім жеңеше.
Саған ғана сырымды ақтарушы ем ғой,
Жүректегі сезімге әлім келмесе.
Түнгі аспанды сынық Ай көркемдегелі,
Жан-дүнием дәл бұлай өртенбеп еді.
Еміренген әжемді түсімде көрсем,
Ақ жеңгемнің елестер еркем дегені.
Қайырмасы.
Сәлемімді ауылға айта барарсың,
Аяулымсың, ақылын айтар анамсың.
Теңін тапқан кешегі тентек қызыңның,
Бойжеткенін қалайша байқамағансың.

Роза СЕЙІЛХАН
226
КҮН, АЙ
(әні бар)
Тамылжыған таңғы күн,
Қайда нөсер жаңбырың.
Саған аян білемін,
Сырым да, мұңым да менің.
Жанарымда жарық күн,
Неге жаным жабықтың.
Жаулаған сәт санамды
Бәрін де ұғынған едім.
Қайырмасы:
Көктегі Күн, Ай,
Өмірге берген ғажап шырай.
Өзіңді күткен едім шыдай
Тағдырым қинамашы бұлай.
Дегбірімді тауысқан,
Оянамын дауыстан.
Көп күттірген көктемдей,
Аңсаттың ардағым нені.
Қайырмасы.

АҚ БҰЛТТАР
227
***
Сезімді жоғалтып алдым,
Өзіңді іздесе деп ем.
Барымды тонатып алдым,
Тезірек күз келсе, деп ем.
Бақтарда жапырақ кешіп,
Жүрсем ғой, күлсем ғой деп ем.
Біреулер ақымақ десіп...
Өмірді сүрсем ғой деп ем.
Өзіме сыймайтынымды,
Жанымды қинайтынымды,
Өзгелер білмей-ақ қойсын,
Сен ғана білсең ғой деп ем.
Тағдырдың ақын еткенін,
Мұңыма жақын еткенін,
Бағалап жүрсең ғой деп ем.

Роза СЕЙІЛХАН
228
БАУЫРЛАРЫМА
Бауырларым!
Көрмей қалсам сендерді
Сағынғамын.
Бір-біріңе жақсы еді
Бағынғаның,
Бір-біріңді жақсы ғой,
Сағынғаның.
Бауырларым,
Бүгін менің кеудем от,
Жаным жалын,
Нәсібіңнен қалай бұл
Қағылғаның,
Бұлт үйіріп төбеден
Жасыны ойнап,
Қарашаның көргемін
Қағынғанын.
Неге тағдыр қинайды
Тау ұлдарын.
Қиналсаңдар,
шық моншақ тағынғамын.
Біріккенде бастарың
дабырладың,
дүбірлетіп арасын
қабырғаның.
Бас қоспайтын болдыңдар,
бұрынғыдай,
Іздемейтін болғаның
не ғылғаның.

АҚ БҰЛТТАР
229
Бауырларым!
Маған батар сендердің 
ауырғаның.
Биіктесе деп едім
танымдарың.
Алыстамай мәңгілік
ауылдарың.
Жақсы еді ғой,
Әй, ғажап болар еді-ау,
Бір-біріңнің қасыңнан 
табылғаның.
Бір-біріңнің ырқыңа
бағынғаның.

Роза СЕЙІЛХАН
230
ЖЕҢГЕЛЕРІМЕ
Жеңгелерім!
Сен де келін, 
Біреуге мен де келін.
Тереңінде,
Сезімнің тербелемін.
Шіркін, менің
Қолымнан бәрі келсе,
Бар сырқатын 
Жаныңның емдер едім.
Жеңгелерім!
Бармағаның болмайды,
Келмегенің,
Алмағаның жарамас,
Бермегенің.
Туғаныма айналдың 
Сен де менің,
Бір қаныма айналдың
Сен де менің.
Жеңгелерім,
Бауырлардың өздерің,
Емдер емін,
Көп болса да
Көргеннен көрмегенің,
Сендер ғана
Табатын сияқтысың,
Менің ағаларымның
ең керегін.

АҚ БҰЛТТАР
231
***
Ананы алып бер, дейді ұлым маған,
Мынаны алып бер, дейді қызым маған.
Анаң болса көзде мұң, жүзінде алаң.
Бір Алладан жалынып, сұрайтыны – 
Ұлымды аман қыла гөр, қызымды аман.
Құдайына содан соң жалбарынар,
Қос құлынды қолда, – деп Қызыр бабам.
Үй салайық, – дейді де ұлым маған,
Құмсағатты көрсетер зуылдаған.
Барлығы да болады, – деймін күнім,
Жалақысын алады жуырда әкең,
Жалақысын алады жуырда анаң.
Жармағандай ол ақша жетер ме екен,
Бізді балам, бақытты етер ме екен.
Арманымыз түбі бір орындалар,
Сондықтан да еңсеңді көтер, көкем.
Жұбатамын ұл-қызды жігер беріп,
Әлі бізде болады мінер көлік.
Бас аманға не жетер деймін сосын,
Төрт құбылам қалғандай түгелденіп.
Бөрі арығын білдірмес, болар бәрі,
Қайшылықтар жоғалса қоғамдағы.
Қатыгездік жоғалса қоғамдағы,
Адамзаттың пейілі түзу болғай,
Сонда ғана бақыттың толар бағы.
Сонда ғана жемістің толар дәні.

Роза СЕЙІЛХАН
232
ТЫРНАЛАР
Тырулап ұшты тырналар,
Үнінде мұңның бары анық.
Жанардан тамшы сырғанар,
Суретке сұлу қадалып.
Тыру да, тыру тырналар,
Жабығып ұшып барасың.
Суыңды сырбаз сыр бағар,
Сағынып ұшып барасың.
Қонатын сол бір кезеңге,
Ынтығып ұшып барасың.
Бұрқырап аққан өзенге,
Бұлқынып ұшып барасың.
Бұлдыр да бұлдыр бұлттарға
Таяулау ұшып барасың,
Кеудеңді тосып шықтарға,
Баяулау ұшып барасың.
Тыру да, тыру тырналар,
Тізіліп ұшып барасың,
Жанымды бір мұң тырналар,
Сызылып ұшып барасың.
Көгілдір аспан көгіне,
Талпынып ұшып барасың,

АҚ БҰЛТТАР
233
Айдынды шалқар көліңе 
Алқынып ұшып барасың.
Алапат бір күй кештіріп,
Тырулағаның неткенің.
Қанаттан самал естіріп,
Бұрылмағаның неткенің?! 
Тыру да, тыру тырналар.

Роза СЕЙІЛХАН
234
ЖЫЛАДЫ ТҮН
Жылады түн 
Жұлдызын шашып алып,
Өкінді түн,
Бар сырын ашып алып.
Жинай алмай төгілген 
Моншақтарын,
Қара түнмен барады
ғасыр ағып.
Жылдар жылжып барады,
Күндер өтіп,
Табаныңнан сыз анау
Жүрген өтіп.
Жадыраған жастығым
Жыламсырап,
Сағаттармен барады 
бірге кетіп,
Минуттармен барады 
Бірге кетіп.
Түн жылайды,
Күн бірақ жыламайды.
Жасырады бұлт неге
Бірақ Айды.
Өмір өтіп барады 
Дегенімен,
Неге өтті деп 
оны ешкім сұрамайды.

АҚ БҰЛТТАР
235
***
Сыймайды екем ауылға түсінгенім,
Алай-дүлей бұл күні ішім, демім.
Сыртым бүтін болғанмен бір тозақтың,
Түсініксіз әлемнің ішіндемін.
Мұз құрсанған сияқты қала маған,
Қандай жазам жанымды жаралаған.
Бәрі суық әйтеуір айналамның,
Әлденеге алаңдап, мазаланам.
Таудың қызы ем, биікті шын қалаған,
Нені таптым, нені іздеп бұл қаладан.
Жалған күліп жайымды жасырғанмен,
Қайда тығам көзімді мұң қамаған.

Роза СЕЙІЛХАН
236
***
Айтармын, жазармын,
Шындығын жанымның.
Дегбірсіз төгілді,
Моншақ боп лағыл мұң.
Бақытқа бөлеген,
Шаттықпен демеген,
Жаным-ау, өзіңді,
Өлердей сағындым.

АҚ БҰЛТТАР
237
***
Жанарымнан мөлтілдейді тұнық мұң,
Күнбағыстай күнге ғашық жан едім,
Мен өзіңді неге ғана ұмыттым,
Жүрегімнің түкпірінде бар едің.
Бақыт іздеп баспаған тау қалмады,
Қателіктер кетті қайтем, пендемін.
Биік екен шын тілектің заңғары,
Сыртын берді, сезімдерім, сенгенім.
Бірімізді алдап тағы біріміз,
Өмір деген сахнада жолықтық.
Сезім атты шашылды да гүліміз,
Жақсы түсті жақсыларға жорыттық.
Кірпігімді сүйді жылап кірпігім,
Сағат тілі тықылдайды тынымсыз.
Жүрегімнің жырмен жамап жыртығын,
Тілсіз тағдыр мылқау шығар?!
Тұр үнсіз.

Роза СЕЙІЛХАН
238
***
Қанша ғасыр өзіңнен алыстады,
Қанша жұлдыз құлады ғарыштағы.
Жанымызды қанша мұң жаныштады,
Қанша тағдыр табысты, табыспады.
Тоқтаған жоқ сонда да уақыттың 
Тоқтатуға болмайтын ағыстары.
Ауыспалы дүние-ай, ауыспалы,
Анау көше, мынау үй, таныс бәрі.
Мүсін алма телмірер көшелерден,
Алматының апортын тауысқалы.
Нендей күйді бұл қала өткермеді,
Сонда да өгей біреуге боп көрмеді.
Қаншама аңыз тарады ол туралы,
Қанша ақынның жүрегін от кернеді.
Сағат санап емес-ау, минут санап,
Зәулім, әсем сарайлар көкке өрледі.
Гүл иісін аңқытып көк белдері,
Бір-бірімен жарасқан көк пен жері.
Сезіміне масайған қаншама ару,
Бұрымдарын тарқатты тоқ белдегі.
Қарсы тұрған нөсерге, жасынға да,
Төзе білген жүрегі тас ұлға да.

АҚ БҰЛТТАР
239
Пысықтарды көтеріп төбесіне,
Пана болған бұл қала масылға да.
Талайларды тамсантқан бұл Алматы,
Арман болған бір кезде Қасымға да.
Талай жанға бұл әлі арман қала,
Әу бастан-ақ, бағы шын жанған қала.
Ұрпағыңа бере бер, жемісіңді.

Роза СЕЙІЛХАН
240
***
Жанарымнан өтер күн тізбектеліп,
Қамданамыз қысқа енді, күзді өткеріп.
Не керегін жаныма білмей далмын,
Сен де мені қуантшы, іздеп келіп.
Сарғаяды санамда сағынышым,
Дөңбекшідім түндерде жанып ішім.
Тіршіліктің бітпейді тауқыметі,
Жалған өмір, бір күнгі жарық үшін.
Кетсем бе әлде, білмеймін, дала кезіп,
Сұрғылт қала жанымды барады езіп.

АҚ БҰЛТТАР
241
***
Мұңмен мұңды жалғап алып жүргенім,
Кімге керек жылағаным, күлгенім.
Өзіңменен қоштасқалы тәйірі,
Жүрегімде дертім үдеп жүр менің.
Кездеспедік, айлар өтті, жыл өтті,
Жалғыздығым, жан қызуым жүдетті.
Күздің соңы, жапырақ боп үзілдім,
Жабығумен, сағынумен күн өтті.
Енді өзіңді іздемесем дегемін,
Арманнан да алыс қалды дерегің.
Қыз атаулы жар сап жүрген сезіммен,
Мен де сені аңсауменен келемін.
Қандай жазам, сұрамаймын үкімін,
Сен деп қана көтерер ем бүкілін.
Күн де жалғыз, Ай да жалғыз, ұйқысыз,
Күлкі жалған, көз ілмейтін үкімін.
Тастан да ауыр азабым бар салмағым,
Қолда барды шашып-төгіп алғамын.
Өткен өтті, қайтарарға дәрмен жоқ,
Жаңаруда жаңа күнім, таңдарым.
Ақ үмітті пәк үмітке жалғадым.
Ұшқым келді, қанатсыз-ақ самғадым.

Роза СЕЙІЛХАН
242
***
Сен келем деген күн де алыстады,
Арманнан қалдым адасып.
Жымиды жұлдыз ту ғарыштағы,
Ай туды түнмен таласып.
Бұл қала мені мазақ қылады,
Өзімнен кеттім жалығып.
Жылуға жаным аз-ақ тұрады,
Тәтті сәттерді сағынып.
Ғайып боп кеткен сияқтанады,
Бақытқа масаң күндерім.
Сезімді санам жиі ақтарады,
Мұндалап мұңды көздерім.

АҚ БҰЛТТАР
243
***
Сағындым, сағынбай қайтем,
Мезі етті қаланың үні.
Жалынам, жалынбай қайтем,
Езгілеп барады мұңы.
Ауылды, даланы аңсап,
Біржола кетсем бе дедім.
Келдім деп көктем тұр жар сап,
Мен оған бек сенген едім.

Роза СЕЙІЛХАН
244
***
Өзі шешер, бұл тағдыр өзі біліп,
Тірілерге керегі – төзім, үміт.
Санадағы саңылау ой – мекені,
Қалғып кетсе, кеш Тәңір, көзін іліп.
Өтеді өмір бәрін де кешіреді,
Бақыт сәттік келеді, кешігеді.
Өмір – өлең кіршіксіз тұла бойы,
Ақын оны айнытпай көшіреді.

АҚ БҰЛТТАР
245
***
Мөлдірейді жанардың тамшы мұңы,
У-ға айналып бақыттың бал шырыны.
Жүрегімде, ішінде жүрегімнің,
Жақсылардың енгізген бар сынығы.
Кінәласын, теңесін есалаңға,
Не жетпейді тәйірі осы адамға.
Сезімсіздер «жылайсың неге», – дейді,
Қуаныштан көңілің босағанда.
Бұл буы емес, жастықтың кірген есі,
Күдіктенбе, өтінем, үндемеші.
Еркеледі дей көрме, бұл әншейін,
Әйелдердің назы ма бірдеңесі.

Роза СЕЙІЛХАН
246
***
Жырақ едім өзімнен 
Тым жырақ ем.
Мұң моншақтар төгілді
Тұнжырап ем.
Ғұмыр кешіп жүрміз ғой
Мына жақта,
Бір күнә емес, 
Құдай-ау, мың күнәмен.
Кешіре ме Тәңірім 
кім біледі,
Жүрегімді бір азап 
тілгіледі.
Бар ниетті бір нәпсі 
бүлдіреді,
Жылатады, содан соң 
күлдіреді.
Жарық күнді келеді
Аялағым,
Жасыл бақты келеді
Саялағым.
Бұрынғыдай мен қалай 
Бұлданармын,
Бір тықырдың сезген соң
Таяғанын.

АҚ БҰЛТТАР
247
Күдік қалды,
Ол түгіл үміт қалды.
Көмейге кеп бір өксік
Тұрып қалды.
Өзгелерді өзіндей
Көрген көңіл,
Амал қанша,
Кілтсіз-ақ құлыпталды.
Өкініш кеп өбеді
Жанарымды
Өлең болса, өрнектеп 
парағымды,
Жазармын-ау,
Өлмесем, жазам әлі,
Ақиқатқа малып ап
Қаламымды.

Роза СЕЙІЛХАН
248
***
Жабады айналаны тағы да түн,
Жұбатып келер енді жаныма кім?!
Өткенім өкіндірген шығар, мейлі,
Ол жақта ешкімім жоқ сағынатын.
Ай көкке көтерілер жылы күліп,
Салып бір жүрегіме жыры бүлік.
Жымиып оған мен де қарай берем,
Дүбірлі дүниенің сырын ұғып.
Бұл түн де мені өзіне ынтық етті,
Сөйтті де санама әкеп жыр түнетті.
Самалы сипады да самайымды,
Жаңбырын жанарымның сүртіп өтті.
Тұнжырап қалған көңіл шаттанды бір,
Ілесіп түнмен бірге аттанды нұр.
Шашты да кете барды тәтті ойларды,
Қақ жарып қара түнді жатқан дүбір.

АҚ БҰЛТТАР
249
ОРЫСБАЙ ӘБДІЛДАЕВҚА
Біздің ауыл етегі Майтөбенің,
Самал соқса, шайқайды бәйтерегін.
Өзін көрген, әкемнің көзін көрген,
Сен болмасаң, ағам-ай, қайтер едім?!
Біздің жақтың таңы да арайлы екен,
Шуағынан мың сәуле тарайды екен.
Жетпісіңде баладай аңқылдақ ең,
Жетпіс бесті сезіндің, қалай, көкем?!
Сағындың ба жуасын Көктөбенің,
Жауқазыны ашылды көктеменің.
Көре білген жақсының жақсылығын,
Жанарыңнан мен сенің от көремін!
Қайран күндер қайырылмай бара ма екен?
Ойлап кетсең, көзден жас тамады екен...
Әкем қайта тіріліп келетіндей,
Тұрғанымды-ай күй кешіп алабөтен...
Өткенді еске түсіріп, кеткенді де,
Күтіп алдық бұл жолғы көктемді де,
Саған деген балалық махаббатым,
Осы өлеңде, сонан соң леп белгіде!

Роза СЕЙІЛХАН
250
***
Айтқым келеді ауылдың,
даланың әнін,
Дұшпан да досым,
Жақсының жанарындамын.
Өзімді қойшы,
Өбектеп өлеңді сүйем,
Ойлаумен болам содан соң,
Баланың қамын.
Өкпелеп болған,
Өзінше өлең де налып,
Кеше гөр, муза,
Көңілім сенен де қалып,
Тербеліп келем,
Тербетіп өмірдің үні,
Сенделіп жүрмін,
Санамды тереңге малып.
Өйткені білем,
Төменді аңсамас жаным,
Өзіме кінә неліктен 
арта бастадым.
Жалғанға тағы сендірді
Жабығып тұрдым,
Өмірдің көріп
Өліммен жанталасқанын.

МАЗМҰНЫ
251
МАЗМҰНЫ
1-бөлім
«Армандарымды қайтемін...»  .............................................. 4
«Жарық әлем, мен саған шын құмармын...» ..................... 5
«Жалықтырды...» ................................................................... 6
ЖҰБАНУ .................................................................................. 8
«Дәлелдемек боламын кімге нені...» ................................. 10
«Сезім іздедім, төзім іздедім...».......................................... 11
ЖАНЫ АУЫРМАС .............................................................. 12
«Күз екен...» .......................................................................... 13
АЛМАТЫ ДЕГЕН МӘРТ ҚАЛА .......................................... 14
КЕЛГЕН СОҢ КӨКТЕМ ..................................................... 16
АЛМАТЫ ТҮНІ...................................................................... 17
«Ештеңені сезбейді ғой деп пе еңдер...» .......................... 18
ӘН САЛЫП ЖАТЫР ҚАР ӘППАҚ ................................... 19
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН ................................................... 20
ТУҒАН ЖЕР ........................................................................... 22
ӨЗІМДІ ЖЕК КӨРГЕНДЕ... ............................................... 24
ӨЛЕҢ ...................................................................................... 25
БАЛАПАНДАРЫМ ............................................................... 26
ӘЖЕ ........................................................................................ 27
«Нұр тілеп көлеңкедей күн аңсаған...» ............................. 28
БАҒАЛАМАДЫҢ (әні бар) .................................................. 30
СӘЛЕМДЕСТІМ... ................................................................ 32
«Нала мұңым...» .................................................................... 33
АҚТАРЫЛУ ............................................................................ 34
ОРАЛХАН БӨКЕЙ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ ..................... 36
ҚЫРЫҚТАМЫН ................................................................... 38
ӨСКЕМЕНГЕ ........................................................................ 39
ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕККЕ ................................................ 40
МАХАББАТ БИГЕЛДИЕВКЕ .............................................. 42

МАЗМҰНЫ
252
ӨЛЕҢ, КЕШІР ....................................................................... 44
ӨКІНІШ .................................................................................. 45
ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫНА ......................................... 48
БАҚДӘУЛЕТКЕ ..................................................................... 50
2-бөлім
«Жылт етпей қойды жақсы үміт...» .................................. 52
ҚОҢЫР .................................................................................. 53
«Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің...» ................................... 54
«Сағынып жүрмін мен сені...» ........................................... 55
САҒЫНДЫҢ БА ДЕП СҰРАЙСЫҢ ................................... 56
«Тарылды тынысым, демім...» ............................................ 57
«Кетсем бе екен біржола ауылға енді...» .......................... 58
«Елегзи берем неге мен...» .................................................. 59
«Мен бүгін тағы өлтірдім...» ............................................... 60
«Сүйдің бе демен, сен мені ұнаттың ба екен...» ............. 61
«Жан дүнием шаршады езілуден...» ................................. 62
«Жүрегімді өзіңе жұлып бергем...» .................................. 63
«Тағдырымның түсініп өктемдігін...» ............................... 64
«Ақылым-ау, есіңнен адастың ба?..» ................................ 65
«Бара алмаймын ауылға...» ................................................. 66
«Томаға-тұйық күн кешіп...» .............................................. 68
ДӨҢГЕЛЕК ............................................................................ 69
ҚЫЗЫЛСАЙ .......................................................................... 70
«Іздесе деп ем, сені де мендей сағынып...» ...................... 73
ҚЫЗЫЛСАЙ-2 ...................................................................... 74
«Сығандардай пал ашқан алақанға...» .............................. 76
«Таба алмай жүрмін күлкімді...»  ....................................... 78
ҚАРАҢҒЫДА МЕН ЖҮРМІН ӨЛЕҢ ІЗДЕП ................... 79
«Көзімнен жасым аққанша қуанып...»  ............................ 80
«Таба алмадым маңайымнан бір ізгі ән...» ....................... 82
«Алдандырып жүргендей үміт мені...» ............................. 83
«Мен келемін...» ................................................................... 84
«Жолықтың маған...»........................................................... 85
КҮЗГІ ЖАҢБЫР ................................................................... 86
«Көктен жұлдыз бір құлайды...» ........................................ 87
«Таң самалы...» ...................................................................... 88
«Сұрағым да көп...» .............................................................. 89
«Талғажау ғып қанағат пен төзімді...» .............................. 90

МАЗМҰНЫ
253
АРПАЛЫС ............................................................................. 91
«Жаныңа қанша қайғы жамаса да...» ............................... 92
«Жан жүйемді кеміргіш ой кеміріп...» ............................. 93
«Мен ұйқыда...» .................................................................... 94
«Көк күледі, біресе жылап алып...» ................................... 95
«Жүріп келемін, құлағаным жоқ...» .................................. 96
«Таң да атпайды, безерді түн неліктен...» ........................ 98
НАЗ ......................................................................................... 99
«Тыныш бөлме, ал көңіл есіреді...» ................................. 100
«Өтірік күлем, күлмеске шара бар ма...» ....................... 101
ӘКЕМЕ ................................................................................. 102
«Көгілдір көкте күн күдік...»............................................. 104
«Тағдырға артпай кінәнің бәрін, ..................................... 105
«Ұнатамын, .......................................................................... 106
МЕНІҢ КҮЗІМ .................................................................... 108
АҢСАУ ................................................................................. 110
«Түрлі-түсті әлем, арманның бәрі түгесіп...» ................. 112
«Іздеуменен келемін кімді, нені...» .................................. 114
КҮЗ ........................................................................................ 115
«Күлкілі...» ........................................................................... 116
КӨКТӨБЕ ............................................................................ 117
«Жаназасын шығардық жаздың кеше...» ...................... 118
НАУРЫЗ ............................................................................... 119
ҚОҢЫР МҰҢ ...................................................................... 120
«Құтқармайды, құтқармайтын боп алған...» ................. 122
«Жастығымды жылдарым алып кетті...» ....................... 123
КӨШІП КЕЛЕМ .................................................................. 124
«Тас емес, еттен жаралған...»  .......................................... 126
«Мазалайды бұл ойлар неге мені...» ................................ 127
«Жан серігім, қаламсабым, мұңдасым...» ...................... 128
ЖАЛҒЫЗДЫҚ .................................................................... 129
АУҒАН СОҒЫСЫНА ......................................................... 130
ТӨРТЕУ ................................................................................ 132
«Қар жауып тұр, әппақ қар мақта сынды...» ................. 133
АСТАНАҒА АРНАУ ............................................................ 134
ТОЛҒАУ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет