Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет3/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102

Тышқандар  мен  мысық.  Балалар-тышқандар  індерінде  отыр(бөлменің  қабырғасын 

жағалай немесе алаңның жан-жағына қойылған орындықтар арқылы орындықтарға). Алаңның 

бір бұрышында мысық отыр. Мысықтың ролін тәрбиеші атқарады. Мысық ұйықтап кеткенде, 

тышқандар бөлмеде жүгіреді. Бірақ міне, мысық оянады, керіліп-созылады, мияулайды және 

тышқандарды  ұстай  бастайды.  Тышқандар  тез  қашып  кетеді  және  індеріне  тығылып 

(орындықтардағы  өз  орындарына  отырады)  қалады.  Барлық  тышқандар  індеріне  қайтып 

келгеннен кейін, мысық бөлменің ішін тағы бір аралап шығады, сонан соң өз орнына қайтып 

келеді және ұйықтайды. Ойын 4-5 рет қайталанады. 



Нұсқау.  Мысық  көзін  жұмып,  ұйықтаған  соң  ғана,  тышқандардың  іннен  жүгіріп 

шығуларына болады, ал індеріне – мысық оянып, мияулай бастағанда ғана оралады. Тәрбиеші 

барлық  тышқанның  індерінен  жүгіріп  шығуын  бақылайды.  Ойынға  ойыншық-мысықты  да 

қолдануға  болады.  Балалар  өрмелеп  шыға  алатын  кубиктерді  де  індер  ретінде  пайдалануға 

болады. 

Өз түсінді тап. Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті кішкене жалаушыларды таратып береді: 

қызыл, көк, сары, жасыл. Түсі бірдей жалаушасы бар балалар тәрбиешінің жалаушаның белгілі 

бір  түсімен  алдын  ала  белгілен  бөлменің  әр  бұрышына  жиналады.  Тәрбиешінің  «Ойнап 

келіңдер»  деген  сигналы  бойынша  балалар  алаңның  (бөлменің)  әр  жағына  тарап  кетеді. 

Тәрбиеші: «Өз түсінді тап!» деген кезде балалар тиісті түстегі жалаушаның алдына жиналады. 

Тәрбиеші  қай  топтың  бұрын  жиналғанын  белгілейді.  Сонан  соң  ойын  қайталана  (5-6  рет) 

береді. 

Нұсқау. Бірнеше рет қайталатып, балалар ойынды жақсы игерген соң, тәрбиеші серуен 

кезінде  тоқталып,  көздерін  жұмғызып,  өзі  бұл  уақытта  бөлменің  бұрыштарында  тұрған 

жалаушалардың орнын ауыстырып қояды. 

Секеңдеп және секіріп ойналатын ойындар. 

Тегіс  жолмен.  Балалар  еркін  топтасады  немесе  колоннаға  тұрады  және  серуенге 

шығады. Тәрбиеші төмендегі тексті белгілі ырғақпен, ұйқастырып айтады. 

   

 

 



 

Теп-тегіс жолменен, 

   

 

 



 

Теп-тегіс жолменен, 

   

 

 



 

Аршындап мен келем. 

   

 

 



 

Бір, екі, бір, екі, 

   

 

 



 

Жолға төсеп тастаған,  

   

 

 



 

Секіргенде тастардан... 

   

 

 



 

Бір шұңқырға  гүмп! 

«Теп-тегіс жолменен» деген сөздерді айтқанда, балалар жай адымдап жүреді. Тәрбиеші: 

«Секіргенде тастардан»  деген кезде олар екі  аяқтарымен  алға қарай жылжып секіреді.  «Бір 

шұңқырға  –  гүмп!»  деген  кезде  жүрелерінен  отыра  кетеді.  «Шұңқырдан  шықтық»,  -  дейді 

тәрбиеші және балалар орындарынан тұрады. Тәрбиеші өлеңді тағы да қайталайды. Бірнеше 

қайталағаннан кейін тәрбиеші басқа тексті айтады: 

   


 

 

 



Теп-тегіс жолменен, 

   


 

 

 



Теп-тегіс жолменен 

   


 

 

 



Жүре-жүре талды аяқ. 

   


 

 

 



Жүре алмас боп қалды аяқ. 

   


 

 

 



Келе жатқан жете алмай,  

   


 

 

 



Міне, біздің мекен-жай. 

Текст  айтылған  соң,  балалар  үйге  қарай  жүгіреді  (үйдің  қайда  болатынын  алдын  ала 

келісіп алады – сызылған сызықтың артындағы орындықта және т. б. жерде). 

Нұсқау.  Қимылды  түрлендіруге  болады,  бірақ  олар  өлеңнің  сай  болуы  тиіс  (мысалы, 

кішкене тастың үстінен бір аяқтан екінші аяққа немесе бір аяқпен секіріп түседі және т. б.). 



16 

 

Тәрбиеші өлеңнің әр жолын бірнеше рет немесе шамалы қайталап, қимылды тапсырманы өз 



еркінше ұзарта, не қысқарта алады. 

Шымшықтар  мен  мысық.  Балалар  алаңның  бір  жағына  еденге  қойылған 

скамейкалардың  немесе  үлкен  кубиктердің  үстіне  шығып  тұрады.  Бұл  –  үйдің  төбесінде 

отырған  шымшықтар.  Шеткеріректе  мысық  отыр  (тәрбиеші  немесе  балалардың  біреуі). 

Мысық ұйықтап жатыр. «Балапандар ұшты», - дейді тәрбиеші. Шымшықтар төбеден секіріп 

түседі, қанаттарын қомдап, жан-жаққа ұшып  кетеді.  Мне, енді  мысық  та оянды. Ол  «мияу-

мияу»  дейді  және  төбеде  тығылып  жүрген  шымшықтарды  ұстағысы  келіп  жүгіреді.  Ұстап 

алған шымшықтарды мысық өз үйіне қарай әкетеді. Ойын 5-6 рет қайталанады. 

Нұсқау. Балалардың жерге жайлап түсуін, аяқтарының ұшымен секіруін және тізелерін 

бүгуін қадағалау керек. 



Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар. 

Мекиен мен балапан. Ойынға қатысушы балалар – балапандарды, тәрбиеші – мекиенді 

бейнелейді. Балапандар ұябасармен үйлерінде (тіреулердің немесе орындықтардың арасына 

35-40 см биіктікке жіп тартып, қоршалған орын). Бір шетте үлкен құс тұрады. Ұябасар жіптің 

астымен  еңбектеп,  жем  іздеуге  аттанады.  Ол:  «Ко-ко-ко-ко»  деп  балапандарын  шақырады. 

Оның шақыруы бойынша балапандар жіптің астымен еңбектей өтіп, ұябасарға қарай жүгіреді, 

онымен бірге серуендейді, еңкейеді, жүрелейді, жем іздейді. Тәрбиешінің «Үлкен құс ұшып 

келеді!» деуі бойынша барлық балапан тез қашып кетіп, үйге тығылып қалады. Ойын 3-4 рет 

қайталанады. 



Нұсқау.  Балапандар  үлкен  құстан  қашып  барып,  үйге  келгенде,  тәрбиеші  жіпті  сәл 

жоғары көтереді, өйткені балалар жіпке тиіп кетпеуі керек. Одан арғы уақыттарда ұябасардың 

ролін балалардың өздері де орындай алады. 

Қояндар.  Алаңның  бір  жағына  бормен  кішкене  шеңберлер  сызылған  (5-6)  –  бұлар 

қояндардың  үйшіктері.  Олардың  алдына  орындықтар  қойылады.  Қарама-қарсы  жағында 

күзетшінің үйі бар (тәрбиеші отырған орындық). Үй мен қоян күркелерінің арасында қояндар 

серуендейтін  кішкене  шалғын  бар.  Тәрбиеші  ойынға  қатусышылардың  бәрін  3-4  баладан 

шағын  топтарға  бөледі.  Әрбір  топ  еденге  сызылған  шеңберлердің  біріне  барып  тұрады. 

Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша жүрелерінен отырады (қояндар күркелерде отырады). 

Тәрбиеші  күркелерге  кезекпе-кезек  барып,  қояндарды  шалғынға  да,  шалғында  жүгіріп, 

секіреді.  Біраздан  соң  тәрбиеші:  «Күркеге  қарай  жүгіріңдер!»,  -  дейді.  Қояндар  үйге  қарай 

асыға  жүгіреді.  Әрқайсысы  тағы  да  орындықтың  астынан  еңбектей  отырып,  өз  торына 

қайтады. Күзетші оларды қайтадан серуенге шығарғанға дейін, қояндар торда отыра береді. 

Ойын 4-5 рет қайталанады. 

Нұсқау.  Еңбектеу  үшін  орындықтың  орнына  планканың  тіреуіне  қойылған  доғаны 

немесе керулі жіпті пайдалануға болады. 



Лақтырып және қағып алып ойналатын ойындар. 

Кішкене  қапшықты  кім  алысқа  лақтыра  алады?  Балалар  залдың  (алаңның)  бір 

жағында  сызылған  сызықтың немесе  жатқан  жіптің  бойымен  орналасады.  Ойнаушылардың 

әрқайсысы  кішкене  қапқа  ие  болады.  Тәрбиешінің  сигналы  бойынша  балалардың  барлығы 

қаптарын алысқа лақтырады. Әрқайсысы қаптарының қайда түсетінін мұқият байқап тұрады. 

Келесі  сигнал  бойынша  балалар  қаптарына  қарай  жүгіреді  де,  оны  көтеріп  алып,  қаптың 

жатқан жерінде тұрады. Олар қапты екі қолмен төбесіне көтереді. Тәрбиеші қапты ең алысқа 

лақтырған  баланы  белгілейді.  Балалар  бастапқы  орындарына  барып  тұрады.  Ойын  6-7  рет 

қайталанады. 



Нұсқау.  Ойынды  топтың  жартысымен  жүргізген  дұрыс.  Қапты  тәрбиешінің тапсыруы 

бойынша оң қолымен де, сол қолымен де лақтыру керек. 



Жоғарырақ лақтыр. Бала допты мүмкіндігінше басынан асырып тура лақтыруға және 

оны қағып алуға тырысады. Егер бала допты ұстай алмаса, онда оны еденнен көтеріп алып, 

қайтадан барынша жоғарырақ лақтырады. 

Нұсқау. Баланың допты бір қолмен де, екі колмен де лақтыруына болады. 

Кеңістікті бағдарлау ойындары. 


17 

 

Кімнің  дауысы  екенін  тап.  Балалар  шеңбер  бойымен  ортадан  теріс  қарап  тұрады. 

Тәрбиеші  шеңбердің  ортасында  тұрады.  Ол  ойынды  жүргізушіні  тағайындайды,  ол  да 

шеңбердің  ортасында  тұрады,  үй  жануарларының  бірінің  немесе  құстың  даусына  келтіріп 

айтады. Бұдан кейін балалардың барлығы беттерін шеңбердің ортасына қаратып бұрылады. 

Тәрбиеші  кімге  тап  десе,  кімнің  даусы  екенін  сол  табады.  Ойынды  жүргізуші  жаңадан 

тағайындалады. Ойын 5-6 рет қайталанады. 

Нұсқау. Егер бала қандай жануардың немесе құстың даусын салуға қиналса, әлде білмесе 

тәрбиеші оған көмектеседі. 



Жай жүріп өт. Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен 

бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша 

тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші  оған қолын тигізеді. Бала кейінірек  барып тұрады да, 

бері  өтіп  болғаннан  соң  барып,  тағы  жүріп  өтеді.  Колоннаның  соңындағы  бала  тәрбиешіге 

жайлап: «Бері кетіп қалды», - дейді. Тәрбиеші көзін ашады. 

Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да 

болады. 


 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. «Қазақстан мектебі» журналы №9.10.2005жыл. 

2. « Мұғалімге көмек» 2005 жыл. 

3. «Казахские детские игры» 1998жыл.  

 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІҢГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БАЛАНЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

 

Абильдинова М.А. 

«Қарлығаш»б/б КМҚК тәрбиешісі 

Қарағанды қаласы. 



 

 

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым    саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты    маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.   

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың  ажырамас 

бөлігі  болып  отыр.Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі 

мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, 

жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі  таңдағы әрбір 

педагогтың міндеті. 

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 

көздейді.Ойын  -  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын  айналадағы  дүниені  танудың 

тәсілі.Сонымен  қатар,  ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын 

үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. 

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге 

құштарлығын арттырады. 


18 

 

Шығармашылық  адамның  қызметін  және  ондағы  шығармашылық  ойлауының  болуын 



шамалайды. Дарынды адам тәрбиелеу үшін балалық шақтан бастап шығармашылық қабілетті 

қалыптастыру керек, яғни мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарау. 

Ертегілер  әртүрлі:көңілді,  көңілсіз,  сиқырлы,  бойыңды  баурап  алады,  оның  бәрі 

балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді, көптеген қызықты білімді қамтиды. 

Өз  бойларына  батылдық,  беріктілік,  мықтылық,  ертегі  кейіпкерінің  зұлымдық  немесе 

адамгершілік  қасиетін  пайдаланады.Қай  жерде  балалар  болса,  сол  жерде  ертегі  де  болады. 

Балалар оны жақсы көреді.     Керемет ертегі айтушы Д. Родари келесіні мәлімдейді: 

- Ертегілер балаларға жеткілікті түрде берілмейді 

- Балалардың қиялының дамуында, ойлауында, сөйлеуінде және белсенді адамгершілік 

қасиеттерін тәрбиелеуде ертегілер толық көлемде пайдаланылмайды. Мектепке дейінгі бала 

қалай қалыптасса, солай оның өмірі жалғасады. Әр баланың  шығармашылық потенциалын 

дамыту үшін  бұл кезеңді өткізіп алмау маңызды. 

Мектепке  дейінгі  бейімделген  шығармашылық  ұранымен  баланы  оқытуға,және 

тәрбиелеуге септігін тигізеді. 

Жұмыстың әдістері мен тәсілдері: 

Ертегілердің  негізгі  жұмысында  мәселені  мазмұндау  әдісі,  эвристикалық  әдіс,  ішінде 

ойыны бар әдістер басты орын алады. Мұндай дәстүрден тыс тәсіл балаға ертегінің немесе 

ертегі  кейіпкерінің  қандай  қасиеті  жақсы  екендігін,  қандай  қасиеті  жаман  екендігін,  жаңа 

жағдай  тудыруға,  қай  жерде  ертегі  кейіпкерінің  түзелуіне  болатындығын,  мейірімділіктің 

жеңетіндігін,  қатігездіктің  жазаланатындығын  ,  тек  қатты  және  адамгершілік  қағидаларына 

қарсы емес мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді. 

Құрастынушы ойдың негізі болып: адамның жағдайын жақсарту үшін барлық нәрсені, 

жетілдіруге,  өзгертуге  ,жақсартуға  болатындығы-  баланың  шығармашылық  ұраны  болуы 

керек. Біздің негізгі мақсатымыз-адамгершілік қасиетті тәрбиелеу. 

Толып  жатқан  тәрбиелеу  мен  тәсілдерде  ертегі  соңғы  ролі  орнын  алмайды.  Көп 

сабаптерге байланысты балалар қаһарманды жақсы көреді, ол жақыны болып кетеді, оны үлгі 

қылады. Осы салада адамгершілік тұрғысындағы маңызды сәттерге назар аударамыз. Яғни, 

балалар  салыстырады,  дәлелдейді.  Бұл  ойды  жүзеге  асыруда  «Жақсы-жаман»  ойынын 

пайдалану тиімді. 

Ауызша сөйлеу мәнері мынаған бағытталған: 

«Тілдік жаттығу»   

Біріншіден сұрақтар қоя білу.  

Ауызша  сөйлеумен  бірге  арнайы  оқыту  қажет.  Бұл  жоспарда  сөздерді  құрастыру, 

сөзтіркестері, сөйлем құруға үлкен  мағына бөлген жөн. 

-бірнеше түбірлес сөздерді ойлап шығару(бас: басылды, басқарды, басталды, т.б. ) 

-екі сөзден тақпақ шығару,екі жолды тақпаққа көшу(барды, алды. 

Түлкі қонаққа барды, Тырна досын қарсыалды) 

Ұзын таратылған сөз құрастыру ойыны «Әр қайсынан бір сөзден» 

Балаларға жазбаша тілдесу жанрын ашу маңызды.Ол мысалы: 

Телеграмма., қысқа хаттар, жазулар т.б. 

«Ертегі және экология» 

Табиғат жайлы айта отыра эволюция құбылысы немесе динамикасы жайлы түсініктер 

жібермеу.Балаларға табиғат өзара байланысты және әрі қарай дамитынын  түсіндіру. «Жақсы-

жаман» ойынын пайдалануға болады. 

Ертегі қолды дамытады 

Балаларға  бір  нәрсені  бейнелеуге,қиюға,жапсыруға  ұсыныс  жасау.Ол  үшін  құрал-

жабдықтар,кітаптар, иллюстрациялар, жүйелі оператор қажет. 

Бала  бақша  баласына  мультимедиялық  оқулықтар  біріншіден,  балалардың 

қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта 

көруге  мүмкіндік  алады.Мультимедиялық  оқулықтар  балабақшада  балаларға  арналған 



19 

 

таптырмас  құрал  болып  табылады.  Өйткені,  балалардың  зейіні  әр  түрлі  әдемі  түстерге, 



ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. 

Мультимедиялық  электронды  оқулықтар  бала  үшін  де,  тәрбиеші  үшін  де  күнде 

дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерде  ақпараттық  қатынастық  технология  құралдарын 

қолданудағы  мақсат-  баланың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру.Балада  танымдық 

қызығушылықтың  болуы  олардың  оқу  іс-әрекеттерге  белсенді,  білімінің  сапалы  болуына, 

жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Аталған 


педагогикалық 

технологиялар 

мен 

инновациялық 



құралдар 

балабақшада    балалардың  жас  ерекшелоіктерін  ескерген,  әр  сатыға  балалардың  қабылдау 

мүмкіндіктерін  ескерген  жағдайда  ғана  пайдалануға  болады.  Мектепке  дейінгі  балалардың 

есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен 

ұстап,  көзімен  көргенді  ұнатады.  Осыған  сәйкес,  мектепке  дейінгі  балалардың  оқу  іс-

әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. 

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға 

тқойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі 

уақыттағы  кәсіптік  дағдыларын  игеруге  бағытталған  оқытудың  жаңа  жолдарын  енгізуді 

көздейді. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

Қ.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.Тараз.2003 ж 



2.

 

Сайт бетінен Б. Жалмұқанова «Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы» атты мақаласы 



3.

 

 «Қазақстан мектебі» журнал №8, 2004 жыл 



4.

 

А.К. Ахметов. Принципы технологии и содержание образовательной программы. Алматы 



1995г 

  

 



 

ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГТЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ 

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ 

 

 

С.Т.Абильтусупова 

әдіскер 

«Балбөбек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 

 

 

Бүгінгі  қоғамның  қарқынды  дамуы  мектепке  дейінгі  білім  беру  жұмысын 



ұйымдастыруға  ерекше шарттар қойып, инновациялар енгізуді, балалармен жұмыстың жаңа 

технологиялары  мен  жаңа  әдістерін  қолдануды  талап  етеді.  Бұл  жағдайда,  оның  негізін 

педагогтардың жеке және кәсіби дамуы құрайтын, кәсіби біліктілік ұғымы аса маңызды.  

Кәсіби  білімге  қатысты  біліктілік  дегеніміз  –  алған  білім  мен  жинақтаған  күнделікті 

тәжірибені жұмыста дұрыс қолдана білу.  

Бүгінгі  күннің  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтарының  кәсіби  біліктілігі  –  педагогтың 

берілген  бағдарламаны  жүзеге  асырып,  ұйымның  психологиялық-педагогикалық  процесі 

барысында туындайтын ерекше жағдайларды шешуге мүмкіндік беретін және оларды шешу 

арқылы дамыту мақсаттарының нақтылануына, жетілуіне, жүзеге асырылуына ықпал ететін 

өзінің жалпыадамдық, арнайы кәсіби ұстанымдары түрінде сипатталады.  

Тәрбиеші  мамандығы  –  ең  күрделі  де  жауапты  жұмыстардың  бірі.  Баланы  тәрбиелеу 

үшін мемлекет басқаруға қажеттіден де терең сана-сезім керек (2). Әр баланың тілін табу, оны 

қоршаған  әлеммен  таныстыру,  оның  қабілеттерін  ашуға  көмектесу,  қарым-қатынасқа, 


20 

 

ізгілікке,  мейірімділікке,  сыпайылық  пен  әдептілікке  үйрету  –  тәрбиешінің  алдында  тұрған 



мақсаттарды  айтып  тауысу  мүмкін  емес  және  оларды  жүзеге  асыру  әркімнің  қолынан  келе 

бермейтіні анық. Ол үшін балаларды өте жақсы көру, көп нәрсені білу және көп нәрсені жасай 

білу  қажет.  Сондықтан,  болашақ  педагогтың  кәсіби-маңызы  бар  қабілеттері  мен  жеке 

қасиеттерін қалыптастыра білу аса маңызды. Әр жас адамның жеке басының ерекшеліктері 

және  қоғамның  ертеңі  бүгінгі  жастарда  қалыптастырылған  адамгершілік  құндылықтарына 

байланысты. Демек, педагогикалық мекемелердің әлеуметтік маңызы да зор. Мектепке дейінгі 

білім  беру  ұйымының  жұмысы  шығармашылық  негізінде  қаланып,  басшылық  қолдайтын 

дәстүрден  тыс  педагогикалық  идеяларды  жүзеге  асыру  процесімен  бірге  алға  жүруі  қажет. 

Бүгінгі күннің технологиялары тәрбиешіден бала психологиясын жетік білуді, оқыту әдістерін 

таңдауда және оларды жұмыста қолдануда аса саналық танытуды талап етеді. 

Педагогикалық жоғары оқу орындарының міндеттерінің бірі – болашақ мұғалімдер мен 

тәрбиешілерде    кәсіби-маңызы  бар  қабілеттер  мен  жеке  бастарының  қасиеттерін 

қалыптастыру.  Ұстаз  мамандығын  таңдаған  студенттің  дұрыс  азаматтық  ұстанымы, 

педагогикалық  этикасы,  жоғары  адамгершілігі,  кәсіби  намыс  сезімі,  өз  жұмысының  сапасы 

үшін әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек. 

Заман  педагогтың  біліктілігіне  жаңа  талаптар  қоюда.  Ол  келесі  бағыттар  бойынша 

жұмыстың ұйымдастырылуы мен мазмұны мәселелерінде білікті болуы қажет: 

 



тәрбиелеу-білім беру; 

 



оқыту-әдістемелік; 

 



әлеуметтік-педагогикалық. 

Тәрбиелеу-білім  беру  жұмысы  біліктіліктің  келесі  бағалымдарын  көздейді:  біртұтас 

педагогикалық процесті жүзеге асыру; дамытатын орта қалыптастыру; балалардың өмірлері 

мен денсаулықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. 

Бұл бағалымдар педагогтың біліктілігінің келесі көрсеткіштерімен нығайтылады: мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеудің  мақсаттарын,  міндеттерін,  мазмұнын, 

принциптерін, нысандарын, әдістерін және құралдарын білу.  

Тәрбиешінің 

оқыту-әдістемелік 

жұмысы 


біліктіліктің 

келесі 


бағалымдарын 

қарастырады: тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлау; қол жеткізілген нәтижелерге жасалған 

талдау негізінде педагогикалық жұмысты жобалау. Бұл бағалымдар келесі көрсеткіштермен 

нығайтылады: білім беру бағдарламасын жетік игеру және балалардың іс-қимылдарын дамыту 

әдістемесін  меңгеру;  біртұтас  педагогикалық  процесті  жобалап,  жоспарлай  алу;  зерттеу, 

педагогикалық мониторинг, балаларды тәрбиелеу және оқыту технологияларын жүзеге асыра 

білу. 

Сонымен қатар, тәрбиеші әр бағыттың мазмұнын біріктіріп, байытып, кеңейте отырып, 



баланың  тұтас  қабылдау  қабілетін  қалыптастыруға  ұмтылуы  қажет.  Басқа  сөзбен  айтқанда, 

білікті  педагог  баланы  тәрбиелеу  және  оқыту  мақсаттарына  сәйкес  берілетін  білімнің 

мазмұнында барлық сабақтардың, іс-шаралардың өзара байланысты болуын қамтамасыз етуі 

керек.   

Педагогтың  әлеуметтік-педагогикалық  жұмысы  біліктіліктің  келесі  бағалымдарын 

қарастырады:  ата-аналарға  кеңес  беру;  балаларды  әлеуметтендіруге  қажетті  орта 

қалыптастыру;  балалардың  мүдделері  мен  құқықтарын  қорғау.  Бұл  бағалымдар  келесі 

көрсеткіштермен  нығайтылады:  балалардың  құқықтары  және  ересек  адамдардың  балаларға 

қатысты міндеттері туралы негізгі құжаттарды білу; ата-аналармен, мектепке дейінгі ұйымның 

мамандарымен  түсіндіру-педагогикалық  жұмысты  жүргізе  білу.  Ұйым  мамандарының 

(музыкалық  жетекші,  дене  тәрбиесі  мұғалімі,  изостудия  педагогы)  жұмыстары  балалардың 

белгілі  бір  салада  үйренген  дағдыларын  басқа  салада  қолдануға  мүмкіндік  берумен  қатар, 

баланың күнделікті өмірін байытып, оны неғұрлым саналы етіп, өзінің жинақтаған ұғымдарын 

басқа жағдайларда қолдану ұмтылысын дамытады.  

Бүгінгі  күннің  талаптарын  басшылыққа  ала  отырып,  педагогтың  кәсіби  біліктілігін 

дамытудың негізгі жолдарын анықтауға болады: 

-

 

әдістемелік бірлестіктердегі, шығармашылық топтардағы жұмыс; 



21 

 

-



 

зерттеушілік, эксперименттік жұмыс; 

-

 

инновациялық ізденіс, жаңа педагогикалық технологияларды игеру; 



-

 

педагогикалық қолдаудың түрлі нысандары; 



-

 

педагогикалық байқауларға, мастер-кластарға белсенді қатысу;  



-

 

өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау. 



Алайда,  педагог  тікелей,  дербес  өзі  кәсіби  біліктілігін  арттыру  қажеттілігін  ұғынбаса, 

жоғарыда  аталған  әдістердің  бәрі  де  тиімсіз  болады.  Ол  үшін  педагогқа  өсу  қажеттілігін 

түсінетін  жағдай  қалыптастыру  қажет.  Өзінің  педагогикалық  тәжірибесіне  талдау  жасау 

педагогтың кәсіби дамуын жандандырады, нәтижесінде зерттеушілік дағдылары қалыптасып, 

олар кейіннен педагогикалық жұмысқа қосылады.  

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуының басты шарты – кәсіби тұрғыдан сапалы 

дайындалған педагогикалық кадрлар. Осыған байланысты, қажет: 

-

 



педагогтың кәсіби ой-өрісін дамытудың қажеттілік-уәждемелік саласын қалыптастыру 

мақсатында  мекемелерде  мамандардың  психологиялық-педагогикалық  дайындығының 

мазмұнын жаңарту; 

-

 



баланың  жеке  тұлғасына  бағытталған  өзара  бірлестік  жағдайларында  жұмыс  істеуге 

қабілетті, балалармен мектепке дейінгі білім берудің түрлі модельдерін ескере отырып жұмыс 

жасай білетін кәсіби біліктілікті қалыптастыру; 

-

 



педагогикалық  жұмыскерлерге  шығармашылық  тұрғыдан  өсуге,  біліктіліктерін 

арттыруға, аттестациялануға жағдай жасау. 

Яғни,  қазіргі  уақыттың  білім  беру  стратегиясы  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

мамандарын замануи практикада талап етілетін біліктіліктерді игеруге бағыттайды. Мектепке 

дейінгі  білімнің  заманға  сай  сапасын  қамтамасыз  ету  үшін  тәрбиешінің  ішкі  ұстанымын 

өзгертуге,  жаңа  педагогикалық  идеяларды  қабылдап,  дамыту  қажеттілігін  жете  түсінуіне 

бағытталған технологиялар даярлау қажет.  

Кәсіби жұмысқа қойылатын нормативтік талаптар тәрбиешінің біліктілік мінездемесінде 

сипатталған.  Оның  құрамына  дұрыс  жұмыс  жасау  үшін  қажетті  және  жеткілікті  болатын 

базалық  білімдер,  кәсіби  дағдылар  мен  машықтар  кіреді.  Яғни,  біліктілікті  көтеру  –  кәсіби 

жұмыс  жүйесінің  мәндік  құндылығын,  мазмұнын,  технологияларын  байыту  нысаны  болып 

табылады. 

Бұл  қайшылықты  шешу  жолы  –  біліктілікті  көтеру  жүйесі  жағдайында  тәрбиешінің 

кәсіби біліктілігін дамытуға қажетті қолайлы орта қалыптастыру. 

Бүгінгі  ғылыми  зерттеулерге  жасалған  талдау  ол  жұмыстарда  назар,  бірінші  кезекте, 

негізгі  және  кәсіби  білім  проблемаларына  аударылатынын  көрсетті.  Біліктілікті  көтеру 

жағдайында  мектепке  дейінгі  білім  беретін  педагогтардың  кәсіби  біліктіліктерін  дамытуға 

қатысты зерттеулер өте аз. Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметкерлері үшін 

кәсіби біліктілікті көтеру нысандары мен әдістері бар, алайда, ғылыми-әдістемелік, ресурстық 

орталықтар  мен  кеңестер  жоқ.  Тәрбиешілердің  біліктілігін  көтеру  мектепке  дейінгі  білім 

берудің  мақсатты  деңгейін,    бүгінгі  күннің  талаптарына  сай  келетін  кәсіби  біліктілікті 

қамтамасыз  етуге  бағытталмаған.  Жүйе  ұсынатын  қосымша  кәсіби  білім  бағдарламаларына 

жасалған  талдау  олар  тәрбиешілерге  біліктілікті  көтерудің  дайын  бағдарламаларын 

ұсынатынын көрсетті. Бұл жағдай тәрбиешілердің білім беру бағдарламаларын дайындаудағы 

белсенді роліне тиісті баға берілмейтінінің дәлелі.  

Тәрбиешілердің  біліктілігін  арттырудың  қолданыстағы  әдісінің  бірқатар  кемшіліктері 

бар: 

-

 



тәрбиешінің  біліктілігін  арттыру  мақсаттарын  жұмыс  беруші  қалыптастырмайды, 

жүйенің  өзі  ұсынады.  Педагогтардың  мұқтаждықтары  мен  жүйенің  ұсынысарын  келістіру 

тетігі жоқ: 

-

 



біліктілікті  арттыру  бағдарламаларының  мазмұны  тәрбиешілердің  және  мектепке 

дейінгі мекемелердің нақты түрлерінің мұқтаждықтарына  сәйкес келмейді; 

-

 

біліктілікті  арттыру  бағдарламаларының  технологиялары  мен  әдістері  бүгінгі  күннің 



талаптарын қанағаттандырмайды; 

22 

 

-



 

біліктілікті арттырудың қолданыстағы нысандарының жетістіктерімен қатар бірқатар 

олқылықтары  да  бар:  оқудың  эпизодтылығы,  кәсіби  біліктілікті  қалыптастыру  процесінің 

тұтастығы мен дербестілігіне аз бағытталуы; 

-

 

қазіргі жағдайда бліктіліктерін арттыруға барған тәрбиешілерге қатысты жоғары оқу 



орнына,  тіпті  мектепке  лайық  көзқарас  басым.  Ал  ересектерді  оқытуда  бірінші  орында 

олардың  дербес  кәсіби  көзқарастары    тұруы  қажет.  Педагогтар  өздерінің  жұмыстарына 

септігін  тигізетін  немесе  кедергі  болатын  біліктіліктердің  мағынасына  талдау  жасауға 

қауқарлы; 

-

 

ғылымның, білімнің және өндірістің бірігуі негізгі функциялары алмастыру, бейімдеу, 



түзету,  дамыту,  жаңалық  ашу,  араласу  болып  табылатын  біліктілікті  арттыру  жүйесіне  де 

ықпал етеді.   Ал біліктілікті арттырудың бүгінгі жүйесі бірінші кезекте  алмастыру, бейімдеу, 

түзетуге бағытталған. Біліктілікті арттырудың кең тараған түрлерінің басым көпшілігі кәсіби 

біліктілікті емес, теориялық деңгейді көтеруді қарастырады. 

2011  ж.  бері  «Балбөбек»  балабақшасы  Қарағанды  гуманитарлық  колледжімен  тығыз 

қарым-қатынас  орнатып,  соның  негізінде  тәрбиешілердің  біліктіліктерін  мектепке  дейінгі 

білімнің  бүгінгі  күнгі  мұқтаждықтары  бағытында  арттыру  жүйесін  ұйымдастыруға 

бағытталған зерттеулер өткізуде. Зерттеу барысында мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісінің 

кәсіби біліктілігінің негізгі белгілері анықталып, құрылымы нақтыланып, оның бағалымдары 

мен даму көрсеткіштері бөлінген. Келесі технологиялық модельдер саралаудан өткізілді: 

-

 

нақты тәрбиешілер мен мектепке дейінгі мекеме түріне қажетті біліктіліктерді бағалау 



(біліктілік дамытуды қажет етеді, біліктілік тиімді, біліктілік жоғары тиімді); біліктіліктердің 

модельдерін қалыптастыру; 

-

 

тәрбиешілердің  біліктіліктерін  бірлесе  дайындаған  модульді  бағдарламалар  мен 



оқытудың интерактивті әдістерін жүзеге асыру барысында дамыту; 

-

 



тәрбиешілердің кәсіби біліктіліктерінің нәтижесіне талдау жасау, оның мектеп жасына 

дейінгі балалардың дамуына ықпалын анықтау. 

Біздің  балабақшаның  негізінде  Қарағанды  гуманитарлық  колледжінің  студенттеріне 

арналған  түрлі  семинарлар  өткізіледі.  2015  жылы  «Кәсіби  біліктілікті  қалыптастыру  - 

маманның бәскеге қауқарлығының басты шарты» тақырыбында өткізілген білім-тәжірибелік 

семинарын ерекше атап өтуге болады. Семинар өткізуге колледжбен оның мектепке дейінгі 

білім беру бөлімі түлектерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша практикалық базаларының 

арасындағы  белсенді  әлеуметтік  әріптестік  қарым-қатынастар  түрткі  болды.  Семинардың 

мақсаты  –  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  нысандарының,  әдістерінің,  технологияларының 

күнделікті жұмыста қолданылуын көрсетіп, тәрбиешілер мен практика жетекшілері арасында 

тәжірибемен алмасу. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиешісі мамандығы жоғары ұтқырлықты талап 

ететін  деңгейге  ауысуда.  Сонымен  қатар,  ол  күн  сайын  күрделеніп,  жаңа  мақсаттар,  жаңа 

қимыл  парадигмасын,  жаңа  көзқарас  қалыптастыруда.  Сондықтан,  тәрбиешілердің 

біліктіліктерін  арттыру  жүйесі  кәсіби  болуы  қажет,  яғни  онда  педагогикалық  білім  алудан 

басталып,  бүкіл  педагогикалық  жұмыс  тәжірибесі  бойы  жетілетін  академиялық  және 

практикалық  тәжірибе  тиімді  үйлестірілуі  қерек.  Замануи  тәрбиеші  мектепке  дейінгі  білім 

берудің әлеуметтік-экономикалық тенденцияларын талап ететін жаңа функцияларды игеруге 

қауқарлы  болуы  қажет.  Демек,  білім  процесінің  сапасын  басқару  дегеніміз  сапаны  күннен 

күнге көтеруге бағытталған  жүйелі, біріктірілген және ұйымдастырылған жұмыс процесі.  

Соңында  тәрбие  беру  жұмысына  сауатты  басқару  және  мүлтіксіз  ұйымдастыру 

қамтамасыз  етілмеген  жағдайда  тартылған  қаражаттардан  да,  техниканы  жаңалаудан  да, 

педагогтар мен тәрбиешілердің қажырлы жұмыстарынан да тиімді нәтиже болмайтынын атап 

өткім келеді.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет