Тәжірибеміздің
бағыт-бағдары:2013-2014
жылғы
іс-тәжірибемізді
халық
педагогикасын
өз
тобымызды
ұлттық
ойындар,
ұлттық
фольклорлық
ойындар,санамақтар,ертегілер, қойылымдар,шешендік сөздер,айтыс өнері, тыйым сөздерді
пайдаландық. Балаларға ұлттық дәстүрлердің қарапайым негіздерін өнеге ретінде үйреттік.
Басты мақсатымыз: ұлтымыздың мақтанышы болған ғұлама жазушы М.Әуезов «Ел
боламын десең бесігіңді түзе деген екен» Тәуелсіз ел екенімізді әр бала тәнімен, бар
болмысымен сезінуі керек. Ұйымдастырырлған оқу іс-әрекетінде қазақ халқының әдет-ғұрпын
вариативтік оқу үрдісі арқылы шебер ұйымдастыра отырып, ұлттық мақтаныш, ұлттық
патриоттық сезім қалып- тастыру,бүгінгі күн талабына сай дамыту болды.Бұл іс-тәжірибемізді
ұйымдастырылған вариативтік іс-әрекет арқылы дамыттық.
Мысалы:
«Қасиетті үш бабам»,
«Қарты бар үйдің қазынасы мол»,
«Ата-баба дәстүрі жас ұрпаққа аманат»,
«Отан от басынан басталады» т.б.
Мақал-мәтелдер –
« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
« Өнерлі өрге жүзер» т.б.
Сондай-ақ, сұрамақтар,кім айтар?, тыйым сөздер, келесі сөз, жалғастыр, даналық сөздер,
айтыстар,шешендік сөздер, өлең-жырлар,тақпақтар,
жеті санына байланысты қасиетті сөздер: жеті ата, жеті қазына, жеті жарғы,
жетіғалам. Бірінші мақсатымыз: Мектеп жасына дейінгі балалардың өсіп өнуіне әсер ететін
фактордың бірі-дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халықтың ұлттық ойындарын алға
қойдық.
Бұл
ойындар
балаларды
ептіліке,шапшаңдыққа,мергендікке,жылдамдыққа
тәрбиелейді. Атап айтсақ: «Ақ серек пен көк серек», «Арқан түю», «тенге алу», «Ақ сүйек»,
«Қыз қуу», «Асық ойындары: «Алшы», «Хан», «Оңқай», «Асық ату», «Ханталапай». Бұл
ойындар баланың жүйкесін шыңдап оларды дәлдікке ұстамдылыққа, шыдамдылыққа
тәрбиелейді.
Екінші мақсатымыз: Бала зейіні тұрақсыз болғандықтан, оларды біркелкі жұмыс тез
жалықтырып кететіндіктен «Ойнайық та, ойлайық», сергіту жаттығулары, әдептілік-әдемілік
тақырыптары бойынша ҰО іс-әрекеттерін жүргіздік.Санамақтар арқылы баланың ойлау
қабілетін, логикалық ойын дамытып отырдық.
Үшінші мақсатымыз: Ата-бабамыз өмірдегі бар асылын балаға арнаған. Нәрестенің
шыр етіп дүниеге келгенінен бастап, «Шілдехана», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдерін
күнделікті ойын арқылы және ертеңгіліктерде ата-аналармен біріге отырып өткізе білдік.
Ашық есік күндерінде «Кішкентай арулар», «Біздің үлкен шаңырақ», «Армысың әз,Наурыз»
атты кештер ұйымдастырылды. Бұл тәрбиенің балалар үшін де, ата-аналар үшінде берер
тағлымы өт мол болды.
Төртінші мақсатымыз: Балаларды халқымыздың салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеумен
бірге оларға халқымыздың қол өнерін бейнелеу іс-әрекетінде қолданып отырдық.Қазақ
халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі-ұлттық ою өрнектер.Балаларды халықтың
қолданбалы қол өнерімен жұмыс істеу барысында халықтық педагогика үлгілерін енгізу
мақсатында, оларды қазақ халқы тұрмыста қолданатын ұлттық киімдердің суретін
салғызып,ою элементтерімен таныстырдық.
2014-2015 жылы алдымызға қойған мақсатымыз қазақ халқының сәндік қолданбалы қол
өнерін жалғастыру болды. Бұл қолданбалы қол өнерді біз практикалық семинарлар арқылы
өткізіп отырдық.
Практикалық семинар №1
Зооморфттық ою-өрнектермен таныстыру.
562
Зооморфттық ою-өрнектерінде қошқар мүйіз, ботамойын яғни жануарлар әлемін
өрнектейтін суреттер қолданылды.Бұл ою-өрнектер қазақ халқына ғана тән әсем де әшекейлі
қолөнердің түрі.Бұлар әсіресе қошқардың мүйізі,сынық мүйіз,ботамойын, түйе табан болып
қазақтың киіз үйін, түскиіз,текемет,аяққап,қоржын сияқты дүниелерді өрнектеген.Сонымен
қатар кілем бетіне де түсірілген.Қазатың ұлтттық киімдері шапан,камзол,сәукеле ерлердің бас
киімдері, тақия,кимешек,айырқалпақ осылардың бәрі қошқар мүйіз өрнегін қолдану арқылы
әсем әшекейленген.Қазақ халқы бұл өрнектерді симетриялы түрде қолдана білген.Ал біз
балаларымызға Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы бір сабақта таныстырып,келесі
сабақта бекітіп, жапсыру, құрастыру оқу іс-әрекетінде шығармашылық арқылы енгізе білдік.
Ыдыс –аяқ салынған аяққапты дайындау.
Мақсаты: балалардың білімін қазақтың қошқар мүйіз ою-өрнегімен таныстыру және
жетілдіру.Аяққаптың жасалу жолын және оны қошқар мүйіз өрнегімен әшекейлеуді үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
1.Аяққап деген не?
-Ол қай заманда қолданған?
-Ол неден жасалған?
2.Аяққапты қарау:
-неше бөліктен тұрады?
-қандай ою-өрнекпен әшекейленген?
3.Қошқармүйізін ою әдісін көрсету.
4.Бала шығармашылығы.
5.ҰОІӘ марапаттау.
Қолданылған көркем сөз:
Төрінде киіз үйдің ілулі тұр аяққап,
Қазағымның салт-дәстүрін ішіне ол жиып алып,
Кесе, аяқ-ыдыстарын сақтаған ол ертеде,
Сервант екен сары даланың жинақтаған төсінде.
Практикалық семинар № 2
Өту
мерзімі
тақырыбы
жоспары
тезистері
сұрақтар
Қолдан
ылған
әдебиет
тер
05.02.
2015ж.
Зооморф-
тық
ою-
өрнегімен
таныстыру
1.Зооморфтық
ою өрнегі.
2.Зооморфтық
ою-өрнегінің
үлгісін қарау.
Зооморфтық
оюларында
шеберлер
жануарлар әлемін
өрнектейтін
суреттерін
қолданады.
Зооморфтық ою-
өрнегі қошқардың
мүйізі,сынық
мүйіз,ботамойын,
түйе
табаннан
тұрады .
1.Зооморфтық
ою-өрнегі
нені
қамтиды?
2.Өсімдіктер ою
өрнегінің
зооморфтық
ою
өрнегінен
айырмашылығы
неде?
3.Зооморфтық
ою-өрнегімен
қандай
сәндік
қолданбалы
бұйымдары
әшекейлейді?
Ұлттық
ою-өр-
нектер»
«Сен
білесің
бе?»
сериясы
Аруна
2003ж.
563
Қазақ халқының сәндік қолданбалы қолөнері
Өсімдіктер ою–өрнектерінде шеберлер гүлдер мен өсімдіктердің суреттерін
қолданған.Бұндай ою-өрнектер барлық халықтардың мәдениетінде жиі кездеседі,бұл әрине
қазақ халқының қолөнерінде де жоғары орында тұр. Бұлар-жапырақтар, сабақтар,
үшжапырақтылар,гүлдер,гүл қауыздары. Халық шеберлері өз жұмыстарында ашыққан
түстерді: сары,қызыл, жасыл,қызғышсары,күлгін,ашыққоңырды қолданған және оны әдемі де
орнықты орналастыра білген.Мысалы: өрнек-гүл,бұл барлық гүлдердің сиволы.Шеберлер
өсімдіктер ою-өрнектерін киімдерді әшекейлеу үшін қолданған.Ою-өрнек-табақ,бұл өте
күрделі гүлдер мен жапырақтар,шырмауықтар,табақтың ортасы мен жиегін су ирекпен
өрнектеген және де өсімдіктер ою-өрнектерін асхана бұйымдарын өрнектеуге
қолданған.Киізден жасалған аяққапты, түскиізді, дастарханды, сүлгі, қоржындарды
өрнектеген. Кілемнің барлық түрлері өсімдіктер ою-өрнектерімен әшекейленген.Ыдыс-аяқ,
ши,дүние–мүлік,түскиіз,перделер барлығы да үлкен шеберлікпен өрнектелген. Бұл халықтың
шеберлігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Біз өз шығармашылығымызда семинарлар арқылы,Ұйымдастырырлған оқу іс-әрекетінде
балалардың бойына өсімдіктер ою-өрнектерін үйрете білдік.
Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу»
Мақсаты: балаларды қазақ халқының ою-өрнегімен таныстыруды жалғастыру.
Орамалды әшекейлеуге үйрету.Қолөнер бұйымдарын дайындауға үйрету.
ҰОІӘ-нің барысы:
1.Орамалды қарап талдау жасау.
-Ормалдың пішіні қандай?Көркем сөз:
-Ою-өрнектің қай түрімен әшекейленген?Орамалын анамның
2.Балаларға ою-өрнекті қалай қию әдәсін көрсету.Әшекейлеп көрейін
3.Балалардың орындауы,шығармашылығы.Гүл бәйшешек даладан
4.Қорыту,марапаттау, көрме ұйымдастыру.Өрнек теріп келейін
Практикалық семинар № 3
Қазақ халқының қол өнері
Өту
мерзімі
тақырыбы
жоспары
тезистері
сұрақтар
Қолданылған
әдебиеттер
10.12.
2014ж.
Өсімдіктер
ою-
өрнегімен
таныстыру
1.Өсімдікте
р
ою
өрнегі.
2.Өсімдікте
р
ою-
өрнегінің
үлгісін
қарау.
Өсімдіктер
оюларында
шеберлер
өсімдіктермен
гүлдердің
суреттерін
қолданады.Өсімдік
тер
ою-өрнегі
жапырақтардан,үш
жапырақтан,гүлден
және
гүл
қауызынан тұрады.
1.Өсімдіктер ою-
өрнегі
нені
қамтиды?
2.Өсімдіктер ою
өрнегінің
зооморфтық
ою
өрнегінен
айырмашылығы
неде?
3.Өсімдіктер ою-
өрнегімен қандай
сәндік
қолданбалы
бұйымдары
әшекейлейді?
«Ұлттық ою-
өрнектер»
«Сен білесің
бе?» сериясы
Аруна
2009ж.
564
Геометриялық ою-өрнектер ромбы,шимай,үшбұрыш,көпқырлылар, геометриялық ою-
өрнектер қазақ халқының көшпенді өміріне сәйкес дәл санай білу, және бұл грек ғұламасы
Пифагордың математикалық есебіне сай жасалған.Геометриялық ою-өрнектер өсімдік ою-
өрнегімен араластырып 11-12 ғасырда Айшабибі мовзолейінде, 10-11 ғасырда Бабажа Қатын,
13-14
ғасырда
Қожахмет
Яссауи
мовзолейінде
кездеседі.
Бұл
ою-өрнектің
элементері\төртбұрыш яки төртқұлақ,ромбы,жұлдызшалар\ ағаш өнерін ою жұмыстарында
кең қолданған.Бұлар ағаш оюлары, үйдің терезе есігі, дүние-мүлкі, музыкалық аспатар және
аңшылық құрал саймандарды өрнектеген. Геометриялық ою-өрнектер сынық сызықтардан,бас
жақтары доғаланған түрлерден тұрады.Бұл өрнек ирексу деп аталады. Бұл өрнекпен
пешпент,камзол,шапаш,тақия,тюбетей,зергерлік бұйымдар: сырға, қапсырма, білезік, алқа,
сақина, шолпы әшекейленген.
ҰОІӘ нің барысы:
Тақырыбы: көрпеше тігу \геометриялық ою-өрнек\
Мақсаты: балалардың білімін қазақ қол өнерімен толықтыру,көрпеше тігуді құрақ
құрау арқылы үйрету,қазатың бұйымдарын жасай білуге үйрету.
1.Көрпешенің маңызы:
-Көрпеше не үшін қажет?
-Ол қандай пішіндерден тұрады?
2.Көрпешеге талдау жасау:
- Көрпешенің пішіні қандай?
- жасалу әдісі қандай? Көздің жауын алады.
3. Геометриялық ою -әдісін жасау және қию әдісі.
4. Бала шығармашылығы.
5.Марпаттау,көрме ұйымдастыру.
Көркем сөз:
Көрпешенің бетінде,
Әжем салған өрнектер,
Кең даланың гүліндей,
Көздің жауын алады
Қорыта келе айтарымыз, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқылы практикалық
сабақтардың маңызы зор болды. Баланың бойына ұлттық салт-дәстүр арқылы рухани-
Өту
мерзімі
тақырыбы
жоспары
тезистері
сұрақтар
Қолдан
ылған
әдебие
ттер
07.03.
2015ж.
Геометрия-
лық
ою-
өрнектермен
таныстыру
1.Геометрия-
лық
ою-
өрнектер
2.Геометрия-
лық
ою-
өрнектің
үлгісін қарау.
Геометриялық
ою-өрнектерді
(төрт
бұрыш,
ромб,
жұлдызшалар)
ағаштан жасалған
бұйымдарды
әшекейлеуге
қолданылады.
Мысалы:
Үйдің
есік терезелерін,
дүние-мүліктерді,
музыкалық
аспаптарды,
аңшылық
құрал
саймандарды
әшекейлейді.
1.Геометриялық
ою-өрнек
дегеніміз не?
2.Геометриялық
ою-өрнек
нені
көрсетеді?
3.Бұл оюлармен
қандай
бұйымдарды
әшекейлейміз?
4.Геометриялық
ою-өрнектер
қандай
элементтерден
тұрады?
«Халы
қтың
қол
өнері»
«Сен
білесің
бе?»
серия-
сы
Аруна
2003ж.
565
адамгершілік қасиетті сіңіре білдік. Баланың өз ұлтына деген мақтаныш сезімін, отанға деген
махаббатын,патриоттық сезімін жетілдіре білдік.
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Саят Дана Саятқызы, Шабденова Манат Майкеновна
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің
нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Ойын арқылы баланың дүниетанымын
қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман тілегін білуге, зейінін қалыптастыруға,
ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын
арқылы балалар қоғамдық тәжірбиені меңгерді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселе, кез-келген
бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен ойнайды, сол арқылы бір-бірімен
өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар
ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады:
«Бала ойында қалай болса өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады», сондықтан
келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. «Ойынсыз-ақыл ойдың
қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес»,-деп айтқан В.А.Сухомлинский. Ойын -
балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын өз бетінше іс-әрекеті. Оларды бір мақсат, оған
жетудегі жалпы қызығушылықтар мен әсерлер біріктіреді. Ойын - баланың ақыл-ойын
тәрбиелейтін құрал. Ойында өмірді көрсету күрделі үдеріс. Ойын тілдің дамуына өте зор
ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының
белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілегін анық айтуға
мүмкіндігі болмаса, ол бірге ойнап отырған өз достарымен сөз-арқылы берілген нұсқауларын
түсінуге қабілеті жетпесе, онда түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары Н.К.Крупская,
А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог – ғалымдар Д.Б.Эльконин,
А.В.Черков, Р.М.Римбург, А.В.Запорожец және т.б. зертеп еңбектер жазған. Н.К.Крупская
ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және
оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді.
Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін, дамытуда ойынның айрықша маңызы
бар екендігін қазақ халқының этнограф – ғалымы Ш. Уәлиханов, ағартушы – педагог
Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары. А. Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, М.Жұмабаев,
Н.Құлжановада өз еңбектерінде атап көрсеткен. Зерттеуші ғалымдар Б.Баймұратова,
М.Тұрыскелдина мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларын оқыту және тәрбиелеу еңбегінде
нәрестелердің жас ерекшелігіне байланысты 2,5 айдан 1 жасқа дейін жүретін ойын-
сабақтарды ұсынды. Сондай-ақ үлкен адамның ықпалынсыз меңгере алмайтын сөзді түсіну,
Қолданылған әдебиеттер:
1.
«Халықтың қол өнері»
2.
«Сен білесің бе?» серияс
3.
Аруна 2009ж.
4.
Аруна 2003ж.
566
үнге, дауысқа машықтарды қалыптастыруға бағыттаған. Нәрестелермен өткізілетін ойын-
сабақтар, жалпы алғанда, ересек топтарда өткізілетін сабақтармен ұқсас болып келеді.
Ойын барысында балалардың тілінің дамып, әсіресе, ұлттық қимылды, дидактикалық
ойындарды ойынағанда балалардың тілі, сөздік қоры дами түсетіндігін Асылбекова Г.
«Ұлттық қимылды ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданып, бұндай
ойындарда балардың тілі, сөздік қоры дамып, ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып
қалыптасады, кеңістікте, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық,
шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелетіндігін айта келіп, тіл дамыту
бойынша дидактикалық ойындарды мынадай топтарға жіктеді. Олар:
- тәрбиеленушілердің тілін дамытуға бағытталған дидактикалық ойындар: жаңылтпаш
ойындар. “Қуыр – қуыр қуырмаш”, “Малдың төлін шақыру”, “Сөйлем жарыс”, “Сурет сыры”,
“Сөйлем қуаласпақ”, т.б.
- сөйлем, сөз, олардың өзара байланысы туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталған
ойындар: “Қай сөзді жоғалттым?”, “Не қажет?”, “Орамал тастамақ”, “Домино”, т.б.;
- заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді меңгертуге бағытталған
ойындар: “суретті лото”, “Ғажайып қоржын”, “Сиқырлы сандық”, санамақ ойындар, жұмбақ
ойындар, т.б.
Ойын – дүниеге жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз
өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсіні калады. Ойын дегеніміз – ұшқын,
білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанароты. Ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін,
ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі,
өмір тынысы. Бала өз ойын дүниетаным түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп
үйренеді, өзіне қабылдайды. Ойнап жүріп өсетін әрбір баланың жансерігі – ойын.
Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына
қалдырған үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындағы ата-бабамыздан бірге жеткен, өткеніміз бен бүгінді байланыстыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде
көрген-білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды.
Тегінде көп нәрсе баланың өмірін дұрыс ұйымдастырып, жақсыға қарап баулып шебер басқара
білуге байланысты. Сондықтан педаго гбалаларды ойындарға өз қызығушылығымен,
ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай жағдайда ғана ойын өз мақсатына
жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
а) Ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді дамытады, сөздік қорды байытады, өмірді
танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
ә) Ойын - ерік-жігерін және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
б) Ойын – ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) Ойын – эстетикалық тәрбие беру құралының біріне айналады.
г) Ойын – еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) Ойын – дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген
білгеніне, өзіне ұнаған адамын іс-әрекетіне еліктей отырып соны бейнелей ойнап, сөздік қоры
дамиды.
Күнделікті іс-әрекеттерде кеңінен қолданылатын ойындардың бір түрі – дидактикалық
ойындар. Дидактикалық ойындар- кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып
табылады. Дидактикалық ойынның нәтижесі ойын жолымен ұту емес, бала білімді игеру,
ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда ой жетістіктерінің көрсеткіші.
Сабақтарда қолданатын дидактикалық ойындар: «Дұрысата», «Не өзгереді», « Не жоқ»,
«Дәміне қарай тағамдарды ажырат», «Ғажайып дорба», «Төлдерді ата» , «Бұл ненің даусы?»
т.б. Ересектер тобында «Гүлденебер Астана!» тақырыбында өткізілген ашық сабақта «Не
өзгереді?» «Сиқырлы қорап» ойындары өте тартымды ойналады.
Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын
үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын мазмұны
567
мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру
ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды бейнелі ойында бала ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетгі құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау
үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке
бағдарлайды. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының
белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойынның барысына қатысты өз тілегін анықайтуға
мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген
нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына масыл болады. Құрдастарымен
түсіну қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.
Сонымен, балалардың ойын арқылы тілін дамытту мәселелерін көрнекті орыс
педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, КЛ.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог-
ғалымдар Д.Б.Эльконин, А.В.Черков; Р.М.Римбург, А.В.Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер
жазған. Н.К.Крупская ойынды өсіп кележатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік
деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. «Ойын өсіп келе
жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі,
қолықатайып, денесі иілгіш, көзқырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива
көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық
дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді»-
деген болатын. Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектеріңде
балалардың тілін дамытуға күнтәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен
мән берген.
Сонымен, мектепалды даярлық тобында балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі
басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық
қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы
жағдайларды ескере отырып, балалартіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін
төмендегідей жүйелеуге болады:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал
фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ,
жаяу көкпар, ақ-байпақ, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ,
қасқыр қақпан, соқыр теке, жырадағы қасқыр.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында,
орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып
айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары
төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;
4. Құрылысойындары: лото жәнебасқаконструкторлардыпайдалану;
5. Рөлді-сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі,
әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Қорыта келе, бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы білім беру
жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі мектепке дейінгі мекемеден, бастауыштан
басталғандықтан жасжеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны
ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |