Дастандар



бет11/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
КАЗОТЫ9


І

Кімдер сүйсе гүлдерін


Өзі туған өлкенің,
Соларға айтқан бұл менің
Өсиетім-ертегім.


* * *

Ертеден де ерте кез


Заманында Қыпшақтың,
Тұрған кезде өлкеміз
Арасында қыспақтың.

Ереуілді болған шақ,


Ер басына күн туған,
Айналасын жау қоршап,
Ел бұғауда бұлқынған.

Жауға шапқан ұлдары


Ата-ананың кегімен,
Көп қағылған шыңдары
Қандар да көп төгілген.

Шаңырақтар шатырлап,


Омырылған бағандар,
Қыпшақ елі қыспақтан
Азаттыққа болған зар...

Болған еді екі жас, –


Білген барлық атырап.
Ерлігімен елге бас
Сұрша менен Атырақ.

Бірі аға, бірі іні,


Өскен бірге қырында,
Сүюші еді жерінің
Басып жүрген құмын да.

Оттай жанған жау десе


Екеуінің жүрегі.
Басқалардан өзгеше
Екеуі де ер еді.

Өлкесіне от салып,


Жау келген соң шатырлап,
Шықты қарсы аттанып,
Сұрша мен Атырақ.

Жолбарыстай екі жас


Жалынды жүз айбарлы,
Сілкінгендей тау мен тас
Жасады зор майданды.

Екеуінің ашуы –


Қара бұлттай көк жүзін
Басқандай, бір тасыған
Атраудың теңізін.

Найзалары жарқылдап


Жау үстінде ойнаған,
Ақырып ер Атырақ
Жауды үркітпей қоймаған.

Сұп-сұр болып ойқастап


Сұрша батыр түйілген –
Жауларына жай тастап,
Ойнақтап жүр құйынмен.

Неше күндер соғысты,


Қандар ақты өзендей.
Өңшең батыр алысты,
Жандарынан безгендей.

Жауды қуды ақырып


Сұрша менен Атырақ,
Соқты жауды жапырып,
Найзаларын қаттырақ.

Кетті Атырақ тым ұзап,


Қуып жауды соңынан,
Арттарында қанды із қап,
Алыста шың соғылған.

Кірпік қақпай соғысқан


Қалын жаумен сонша күн –
Сорғалаған ыстық қан
Денесінен Сұршаның.

Қарай қалса бір кезде,


Ашылыпты көк тұман,
Басылыпты лезде
Соғыс оты ұйтқыған.

Күн жарқырап тұр күліп,


Туған жердің көгінен.
Тау басына ту тігіп,
Еркін дем ап, ел күлген.

Майдан шуы басылып,


Даласы тұр жарқырап.
Тұрды Сұрша ah ұрып,
Қасында жоқ Атырақ.

Қайда кеткен інісі,


Тастап жалғыз ағасын –
Кетті қалай алысқа,
Қиып туған даласын?

Сол далада жас гүлдер


Көк толқындай шалқыды.
Іздеп жортып інісін,
Батыр Сұрша шарқ ұрды.


II

Жат өлкеде тым алыс,


Ар жағында Кавказдың,
Тапты Атырақ қуаныш,
Құмар болды бақұа аз күн.

Өзі қуған дұшпанның


Еліне кеп болды хан.
Ол жерінде басқаның
Сүйді өмірді шалқыған.

Жат елдегі қызықты


Тойлы думан күн үшін,
Ол біржола ұмытты
Туған жерін, туысын.

Ақ орданы салдырды


Бағанасын алтындап.
Ойын-сауық, сән құрды
Тақта отырып Атырақ...

Жетті бір күн хабары


Туған елге, Сұршаға.
Көп іздеген, сағынған
Көрмей оны соншама.

Естіп Сұрша белгісіз


Інісінің хабарын,
Көп отырды үн-түнсіз,
Қар басқандай қабағын.

Бір кез басын көтеріп


Шақырды бір жігітті:
«Барып қайтшы ініме,
Қайтып мені ұмытты?

Қарға жүнді қаттасым,


Үйрек жүнді өттесім.
Інілікті ақтасын,
Мені ұмытып кетпесін.

Қайтсын туған жеріне,


Өз еліне сүт емген.
Ұмытпасын мені де,
Бақыт тауып жат елден!»

Айтып Сұрша сәлемін,


Аттандырды жігітті.
Жігіт желдей жүйткіді
Мініп алып жүйрікті...

Келді кіріп сәлеммен


Аппақ алтын ордаға.
Сауықпенен, сәнменен
Атырақ отыр ортада.

Айтты тұрып жас жігіт


Ағасының сәлемін,
Жат өлкеден құтылып,
Тапсын деген өз елін.

Тыңдамады сәлемін


Ағасынын Атырақ.
Ұмытқандай өз елін,
Ол кетіпті жатырқап.

Ішінде алтын орданың


Ән менен күй гулеген.
Балқытқандай ол жанын
Сауықпенен, шуменен.

Естіп соны ер Сұрша


Қапаланды, қайғырды.
«Неге ұмытты ол мұнша
Туған жерін айбынды?»

Тағы жазды оған хат:


«Туысқаным, қайт елге!
Елден безіп, жерге жат
Адал жігіт кетер ме?!

Мұнда саған қызық бар,


Мұнда жақын туысың –
Қандай жігіт қызығар
Жат өлкеге, құрысын!»

Тыңдамады, қайтпады


Туған елге Атырақ.
Жат өлкені жақтады,
Жат өлкеден тапты бақ.

Күн өткізді думанда,


Салтанатқа қызықты.
Жат жерде хан болғанға,
Туған жерін ұмытты.

Ыза жанды Сұршаның


Өртеп іштен намысын.
Бөтен елге Атырақ
Қиды-ау елін сән үшін!

Қайырам деп қалайша,


Құрығандай амалы.
Кезіп кетті ер Сұрша
Қиыры жоқ даланы.

Көлбеңдеген теңіздей,


Көк майсадан ескен жел.
Көрсе көңіл шалқыған,
Қандай қызық өскен жер!

Исі аңқыған қазоты,


Түсті бір кез көзіне.
Сүюші еді Атырақ
Оны бала кезінде.

Көріп Сұрша сол гүлді


Жұлып алды даладан.
Гүлді беріп жіберді
Атыраққа тағы адам.

Келіп жетті сол адам


Ақ күмбезді ордаға.
Ақ күмбезде той-думан,
Қызық сайран бір ғана.

Сырнай-керней тартылған,


Әндер шыққам арқырап.
Ақ тағында отыр хан,
Ол хан – біздің Атырақ.

Келген жігіт Сұршадан


Төрге басты қадамын.
Ханға қарап шырқап ән –
Шырқады әнін даланың.

Күңіренген күйімен


Жұрт жүрегін қозғаған –
Тартты дала қобызын,
Боз інгендей боздаған.

Әлде неге хан үнсіз


Қалды қатып түнеріп?
Әлде бұл күй көңілсіз –
Кетті ме екен ой беріп?

Елші сондай қойнынан


Қазотыны алды да,
Тастай қатып отырған
Қойды ханның алдына.

Алып гүлді қолына,


Иіскеді Атырақ,
Иіскеді тағы да,
Иіскеді қаттырақ.

Өзі туған даланың


Ол сүйікті гүлі еді.
Балқытқандай гүл жанын,
Жарылғандай жүрегі!

Хан Атырақ қаһарлы


Сол отырған тағында, –
Жас баладай жылады,
Гүлді иіскеп тағы да.

«Хан болмаймын жат жерге,


Бақыт үшін, күн үшін.
Шакырып тұр мені елге,
Туған өлкем, пейішім!

Жат өлкеде мен тапқан


Мынау қызық дүние –
Туған жердің нұр атқан
Жетпейді екен гүліне.

Хан болғанша жат елге,


Құл болайын далама,
Туған жерге жетейін,
Тез жетейін ағама!»

Соны айтты да Атырақ,


Гүлді басып төсіне –
Тақтан түсті, жөнелді
Шаттық ойнап түсінде.

Даласына жүгірді


Құтылғандай қапастан,
Дала қандай көңілді,
Шатыры бар көк аспан!

Кеуде кере дем алып,


Туған жердің лебімен,
Ер Атырақ қуанып,
Көрісті кеп елімен.

Келді туған үйіне,


Кұшақтады ағасын.
Топырағын сүйді де,
Кезіп кетті даласын...
1948


ТҰРЛАУЛЫ ТАҒДЫР


АРНАУ
(Зейін Шашкинге)

Білемін, өкпелісің өлеңіме,


Түскенде уақыттың сен елегіне,
Шадыман жырмен ғана шалқыдым мен,
Тағдырын тұстасымнын еледім бе?
Түссе де теңбіл менің талайыма,
Шырмалсын өлең шіркін қалай мұңға?
Қызықтым зор өмірдің бәйгесіне,
Қосылмай дүбіріне қалайын ба?
Жас едік туған бірге таң нұрында,
Ортақпын бақытыңа, тағдырыңа.
Тосыннан құйын сені теңселткенде,
Менің де түспеді ме дақ жырыма?
Дәуірдің кінәлі ме сол бір кезі?
Өсірді еркелетіп өмір өзі.
Ер сенім, өткір ойды берді бізге,
Лениндік комсомолдың өр мінезі.
Баянның биігінде ойнап өстік,
Ертістің тереңіне бойлап өстік.
Албырт жас, дулы топтың арасында
Екеуміз жанған оттай жайнап өстік.
Болмады бізде күдік, нала-қайғы,
Қалайша бізді қауіп жағалайды?
Түнде бір аспан кенет шатырласа,
Қол создық қағамыз деп нажағайды.
Заманның ішке тартып жалындарын,
Сүйдік біз не сүйсек те жанып бәрін,
Сонда біз саялаған қыз-қайыңдар,
Жайып тұр әлі бізге жапырағын.
Жүргенде махаббаттың назын қалап,
Қыз сүйген бетімізден ажым тарап,
Қалайша түкті қара басымызды,
Басынды ақ қыраулар ажуалап?
Бақытын бұзса кенет аяулымыз,
Қандай зіл жүргеніңде баяу, үнсіз?!
Дәуірдің шатқалаңын шарықтамай,
Мәз көрдік бәйшешек пен бояуды біз...
Жаңаша күйді тыңдап кең елімнен,
Жанымды жастық жырға бөледім мен.
Сол кезге кінәлімін, досым, саған,
Тыс қалып өкінішің өлеңімнен.
Жасырсаң көңілдің бір мүгедегін,
Қалайша қайта жайнап түлер едің?
Өзіңдей өткел кешкен өрендерге,
Ақтарған адал сырым –
бұл өлеңім.
Партия құдіретімен бастап үнді,
Жаңғыртты менің жастық дастанымды.
Сүйелік Лениндік ту шашағынан,
Жайнатқан әуесі кең аспанымды.
Соз қолды сөздің терең асылына, –
Сөзіңде – мұратың да, ғашығың да.
Жаңғырып жасарайық жаспен бірге,
Сап құрған коммунизм ғасырына.
Өзім де сындырмаймын сөздің сағын,
Қыз-өлең жайды маған наз құшағын.
Қыраулы мұртпен күліп мүсіркеймін,
Жастықтың сонау өткен жазғы шағын...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет