Дастандар



бет16/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

ЕКІНШІ БӨЛІМ


Бірінші тарау

Ақанның алды құж-құж,


сең-сең тастар,
Керемет омырылған сеңгір асқар.
Болсайшы құдірет күш, шыңыраудан
Соларды сонау сыртқа серпіп тастар!
Отыр ол үңгір таудың кең төрінде,
Жөнелтіп тас тырманы кен теруге.
Бүркіттей шеңгелдерін қадап тырма,
Қарпиды кесектерді өңгеруге.
Бірақ та бүркіт емес ұшырғаны,
Аспанды асқар емес тұсындағы.
Теңіздей ой толқытқан кітап емес,
Қолына қалам емес қусырғаны.
Шықты ма аңсарының құзырына?
Үзді ме пәлеқордың дұзағын да?
Түсті ол аңғарына жер астының
Осыған сүйсіне ме, ызалы ма?
Ақанның жоқ ісіне өкініші,
Келтірген мұнда өзінің өтініші.
Шахтаның кеңсесінде қал дегенде,
Көнбеді, тартты кеннің өкім ісі.
Ашынып әлде мұңын болды жеңбек,
Адамдай алыс жолдан келген шөлдеп.
Маңдайдан тер шыққанда, шер шыққандай,
Сусынын қандырғандай қайран еңбек! –
Жас албырт құмартты сол кен ісіне,
Бастықпен әрең келіп келісімге.
Аяды Ысқақ оны осы боздақ,
Жүрсің деп жердің еркін кеңісінде.
Айтқанда әке жайын Ақан сыр ғып –
«Немене, төне қалған төтен сұмдық?
Неткен жау шегімізден ақтарылған?
Білмеймін, бізден таса неткен шындық?» –
Деп Ысқақ басын шайқап тыжырынған.
Қарт кенші ондай іске қыңыр бір жан.
«Кепілмін саған өзім, білем сені,
Былтырғы жұмысыңнан, қылығыңнан», –
Деп Ысқақ мұндар жасқа қанат берген,
Қия ғой ұясындай қалап келген.
Көлеңке болса-дағы мынау түкпір,
Ақанға оттай қызу талап берген.
Сөз ауыр – шыдамайсың зіл кегіне,
Қапа ғой еңбексіз бос жүргенің де.
Ақанға алтын сарай секілді бұл,
Қызықты думан істің дүрмегіне.
Тырманы тас бақадай қозғап әрең,
Толтырды кең шұңқырды құздай терең.
Төменде қат-қабатта бір өзекте,
Ағылған кен электровоздарменен.
Тиеліп кең бункерге тығырықта,
Өрлейді кен қияға, – биік қырқа.
Гауһарын жер астының әкетуге
Вагондар тізбектелген күтіп сыртта.
Ақанға елестеді сол бір тізбек.
Қалай ол кен ағысын бөгеп үзбек?
Серт еткен осы шахта заводтарға,
Асыра асылдарын төгеміз деп.


* * *

Қысқы кеш, тыныш бұл шақ, бүгін сенбі.


Жатақта бұғып жатқан бұл кім енді?
Оянса Ақан жалғыз, қайда бәрі?
Ах, Лера! Көз алдына күліп келді.
Көп айтып комсорг қыз әңгімені,
Ақанды кеше сөзбен әлдиледі.
Қызық бар, бүгін кешке, клубқа кел,
Ағылар сонда думан, ән-күй, – деді.
Жан емес Ақан, сірә, жабырқағыш,
Жүрегін езген әлгі, зәбір-запыс.
Сауықшыл жас еді ғой, жаны сері,
Әзілшіл, билегіш те, ән шырқағыш.
Қасірет – жегі құрттай жаныңды жер,
Құр оймен өртелмесін жалын-жігер.
Күл, ойна, жастық шақта, өтер дәурен,
Боларсың минутына әлі ділгер.
Басыңнан жас ойнағың асар дүркін,
Бетіңді ақ тікенек басар бір күн,
Күліскен жасты көрсең күрсінерсің,
Болсам деп қайтадан бір жасар, шіркін!
Күн қайда сондай болар қазір бізге?
Қапымыз аңқау жастық кезімізге.
Мәз болып сүйіскеннің жырын жырлап,
Жүрміз ғой өкінішпен өзіміз де.
Аяғын басты Ақан алшаңырақ,
Мейлі ғой, аяз жалап, тоңса құлақ,
Кепкасын бұра киіп келе жатыр,
Соққандай жүрегі тек аңсап шуақ.
Жетті ол, міне клуб жастық жиын,
Гулеткен жас өрендер тасқын күйін.
Баянның құйқылжыған нәш әуені,
Қыздырды Ақанның да жас бүйірін.
Клубқа кірді Ақан. Тұрды қарап,
Қыз-жігіт бимен балқып, жүр сырғанап.
Шетте бір тәтті күлкі, ыстық күбір,
Солардың сыбырының сыры ғажап!
Күрсінді Ақан неге? Аңсарында
Қозғалған күйі ащы, сол сарын ба?
Осылай Әсиямен тербетіліп,
Жүрген ол институт зор залында.
Мінеки, түсіп кетті сол есіне:
Кеудесін таяп ыстық кеудесіне,
Оралып қолы жылы қолтығына,
Билейтін демалыстың әр кешінде.
Көзінің жарқыл қаққан елесіне,
Жоқ еді шүбәсі де, сенбесі де.
Қалайша сол махаббат болды ғайып,
Тағдырдың әлде бұл да әуресі ме?
Жоқ, оны ұмытпады әлі мүлде,
Жүргенде жердің қат-қат үңгірінде
Сәуледей елес беріп, Әсия тез,
Сұр түспен шыңырауға сүңгір бірге.
Толқындай лек-лек ойдың арасынан,
Сол сәуле құбылып көп аласұрған:
Ынтығы, намысы да жанып кейде,
Сонысын сездіртпеген, ол жасырған.
Дәл осы Минутта да алабұртып,
Мұндар жас болды қалай соған ынтық?
Қай жерде, кіммен отыр сол Әсия?
Ой кетті ұйтқып желдей орағытып.
Отыр ма Қарашпенен театрда?
Сонымен үйренді ме түн қатуға?
Тығылып құшағына әлдекімнің,
Тұр ма екен жүурек сырын тыңдатуға?
Әлде сол сүйгенімен билеп жүр ме?
Серт қайда жалын тисе, күймек бірге?
Шын сүйсе маған неге жазбады хат,
Жалғанда жоқ па, сірә сүймек мүлде?
Тұрғанда Ақан солай ойға батып,
Гармоншы жатты күйді ойнақтатып.
Петямен билеп жүрді Лера мұнда,
Желкілдеп бәйшешектей жайнап атып.
Ақанды сол қыз кенет көре қалып,
Жабысты қыз құшағын кере барып.
Қолтықтап билеп кетті...
Тұрып қалды,
Аңырып аңқау Петя Перевалов.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет