Дастандар



бет26/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
30 Қалижан Бекхожин Поэзия тербетеді жүрегімді

Сегізінші тарау

Парткомға кеңесуге келді бәрі,


Жиынның ауды соған ой-құмары:
Русаков сөйлеп жатыр, серпілдіріп,
Шегінен сол күндердің жортып әрі:
... Басталды өрісі кең, ұлы жылдар,
Жайнайтын алдымызда алтын күн бар.
Еңбектің аттанысын бастап алға,
Өріне жаңалықтың ұмтылыңдар.
Бесжылдық күйін шерткен ер көңілдер,
Марышын тыңдағын тез келер күндер.
Жайнаған Жезқазғаннын ертеңіне,
Жүріңдер, кереметін, кел көріңдер.
Алда тұр құм төбелер,
кең бұйраттар,
Тұр жаңа мыс заводтар, комбинаттар.
Кеңгірдің алқабына көл мөлдіреп,
Құлпырған гигант қала, гүлді бақтар.
Көшедей шахталардың кең ішінде,
Жүгірер машиналар кеңісінде.
Қозғалып құдіретті тетік-құрал,
Шақ болсын келешектің желісіне.
Ия, солай болмақ бәрі ертең ғана,
Жайнайды асылмен еркін дала.
Сызды бұл кенді қырға Компартия
Керемет келешектің көркін жаңа!
Бірақ та бүгінгінің бұл тынысы,
Болмасын әсте бір күн іркілісі.
Бастайық соған жорық жауынгерше,
Жұмсалсын кен жұртының бүкіл күші!..
Русаков көз жіберді жиылғанға,
Бәрі де отыр екен ұйып алда.
Әсия, Ақан, Лера, Петялар бар,
Қадалған қиялмен қиырларға.
Әсия сөз тіледі: мүмкін болса:
(Деп ескі әдетінше, комсомолша,
Сөйледі көтеріліп, –
болар солай
Көңілге арман құсы келіп қонса...)
– Жезқазған жарқырайтын шұғыламыз
Кеңгірге мыс ордасын тұрғызамыз.
Қасынан аңғар қазып айдын көлді,
Өзіміз су толқытып туғызамыз!
Сақталған асылдардай адырдағы,
Соғады жанымыздың дәл ырғағы. –
Дегенде бәрі қостап Әсияны,
Үндері қияларда дабылдады.


* * *

Есіктен енді Қараш қайқаң етіп,


Бәрін де сұқ көзімен байқап өтіп.
Сөйледі Русаковқа қарап қана,
Өзінің өкілдігін айта кетіп:
– He шықты берілгеннен құр қиялға?
Біреудің сандырағы идеял ма?
Бөгеді жаңашылдық кен ағысын,
Ақтаев арандатты бұл зиянға.
Парторг, сеніп жүрсіз осы кімге?
Көндігіп Ақтаевтың кесіріне.
Бұзған ол сом темірмен тас түйгішті,
Жол бар ма мұндай жатты өсіруге? –
Деп Қараш тапал бойы құрыстана,
Сол ескі әдетінше тұр сұстана.
Ақ шашын сипап қойды Русаков тек,
Қарашқа қарап ұзақ, тыныш қана.
Ал Қараш сөйлеп тағы екіленді,
Ежелгі пікіріне бекіп енді:
«Ақан тез қуылсын!» – деп Әсияға
Қоқиып құдды қораз секілденді.
Орнынан тұрды Ақан шыдамады,
Көп болды өсек-жала шырмағалы.
– Қалайша қалмай жүрсің қыр соңымнан,
Уа, Қараш, үрлеп ескі сұр жаланы.
Парторг, айтыңызшы, қастығым ба?
Тіленіп талпынғаным тас тұғырда.
Сол кесек темірге де кім айыпты,
Өзіңіз жеттіңіз ғой растығына?
Бөгелді ол, Әсияға қалды қарап.
Ашумен түйіліпті қалың қабақ,
Қарашка отын шашып жанарынан,
Әсия отыр екен көзін қадап.
Русаков мұндай сырды байыптағыш,
Бұрыннан Қараштардың жайы таныс:
– Жігітім, қайдан таптың әдетті бұл,
Біреуге жала жапқыш, айыптағыш.
Танылар адам жанның тереңінен,
Ісімен, бейілімен, өнерімен.
Әке үшін бала жауап бермес болар,
Өз орнын таба білсе кең өмірден.
Ақанның ақау бар ма жүрегінде?
Жалын бар талабында, жігерінде.
Алуға асылын мол жер астының,
Сермеді өнерін де, білегін де.
Ол озық – еңбегімен, шешімімен.
Өмірдің мұндай жасқа есігі кең,
Кінәсіз Ақан оған, темір кесек.
Кетіпті басқа жанның кесірінен,
Қадірлі Ақан кенші қауымында.
– Не дейсіз әкесінің жаулығына,
Қалайша қадірлі ол? – Автоматы
Әншейін шимай-сызық, даулы бұл да. –
Деп Қараш көтерілді қолын нұсқап,
Арыншыл арқа-басы тұр құрыстап.
Әлі де айтар еді – бөлді сөзін,
Есіктен қағаз ұстап кірген Ысқақ.
– Сүйінші, Ақан, міне, келді хабар,
Тамаша жаңалыққа бұл барабар.
Москва үлгің үшін шақырыпты,
Талабың абыройын енді табар. –
Бәрі де кенет төне қалды хатқа.
Москва мән беріпті автоматқа.
Алдынан жай түскендей Қараш мең-зең...
– Жігітім, сөйле, Ақан – Ақ па, жат па? –
Білдірді Петя солай қуанышын,
Тың құрал кен жұртына туған үшін
Ақанды арқасынан қақты бәрі,
Таң етіп тапқырлықпен тынған ісін.
Бәрінің шаттық ойнап жүздерінде,
Көрінді Қараштың тез зіл ренінде.
Жалт берді ол, Әсия тек бір түкірді,
Қараштың жылан иірім іздеріне...


* * *

Қызарып көктің алтын дөңгелегі,


Аспанға дөң астынан өрмеледі.
Қасында Әсиясы, жан анасы,
Ұшуға Москваға ол келеді.
«Победа» зымырады кең қырқада,
Жайнады көкке төсін керіп дала.
Алдында қоңыр көлдей қиыр жазық,
Алыста мөлтілдеген Кеңгір-қала.
Әлі де ұшатын жер жатыр қашық,
Қиян қыр, жазықтарын адыр басып,
Балалап жатқандай-ақ төбелері,
Құрылыс қаз тұрыпты жапырласып.
Адырлар ақ сағымға жатты дүзіп,
Не көріп, Ақан содан тапты қызық?
Гауһардай жалтылдайды кен тастары,
Ағылған вагондарда сап тізіліп.
«Менің де сол тастарда сыбағам бар.
Шыңдалды шыңырауында сынбаған ар
Шіркін, сол автоматым дәуірлесе,
Сүйсінсе кенге қолын сыбанғандар!»
Тербеліп Ақан, міне машинада,
Қарайды қасындағы Әсияға.
Сонау күн сәулесіндей көз жалары,
Әсия күлімдейді қасын қаға,
Көзінің мөлдерінен мұң айыға,
Өзгеше сәулет енген шырайына,
Салқын, бос, жалғыз өткен жетім жылдар,
Жете ме махаббаттың бір айына?
Сарғайып қуанышын көп іздеген,
Ұлындай үмітінен ой үзбеген
Ана мәз екеуіне, тек жұбайын
Алыстан қарауытқан, ол көздеген.
Әлі де емес кәрі, қырық жаста.
(Қырықта кей әйелдің сыры басқа).
Жоқ, ана қимас мәңгі некелісін,
Басқаға көңілі мәңгі бұрылмас та.
Асқардай болса биік ар-намыстың,
Ари ма асыл жаның арман үшін?
Қуып бір жеткен шақта мұратыңа
Немене, аз күн көрген арпалысың?
Қызық қой, наздану да, қызғану да,
Ғашықтың көн отына, ызғарына.
Теріскей желдей соққан сонау бір жыл,
Әулие махаббатты бұзбады ма?
Айрылып талай бейбақ жұбайынан,
Ағартып алды шашын мұңаюдан.
Болса да аз ғана шақ Әсияны,
Ақандай боздағынан кім айырған?
Талай жар ерін күтіп батты мұңға,
Жүрегін бөлеп соның ақтығына.
Не дейміз жары ғайып болса, жаңа
Жар құшқан әйелдердің шаттығына.
Жоқ, Ақан, бақыттысын зайыбыңа,
Жоқ та ғой Әсияның айыбы да.
Тұрлаулы тағдырың да, сүйгенің де, –
Өзгеше құдірет жоқ айыруға.
Дәуірдің тынысына дағдылымыз.
Ежелден еркіндік қой бақ-жырымыз.
Советтік алтынды заң кітабында,
Жазылған – айнымайтын тағдырымыз.
Емеспіз өткендердей уақыты тар,
Кең жолға жолаушымыз бақыты бар.
Достарым, сендерге мен қосылайын,
Арнасын асқак. әннің ағытыңдар.
Алдымыз алтын басты шыңдарға тең,
Кел, Ақан, шырқа жырды шығанда кең.
Осынау тура жолдың асуында, –
Алдыңнан, мүмкін, күліп шығар әкең...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет