Дастандар



бет23/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Бесінші тарау

Механик Петя міне жүр жүгіріп,


Тас-тасқа бір сүрініп, бір жығылып.
«Техника шешер бәрін», – деп күбірлеп,
Тың іске асыққаны тұр білініп.
Міне, ол келді топқа забойдағы,
Бұл ара взрывтың құж ойраны.
Шынардай өрлеп шыңға еңселері,
Маздаған кеншілердің мәз ойлары.
– Бір тауды тастадық қой серпіп бір-ақ.
– Бұл руда жүз тоннадан артығырақ.
– Бұрын бұл естілмеген үздік рекорд,
– Осыдан шегінбесін қарқын бірақ...
Осылай себеледі сөздер дүркін.
– Осылай күнде рекорд болса, шіркін!
Шайқаста жеңіс тапқан Буденныйше,
Ысқақ та қойды сипап қою мұртын,
Дүркіншіл Шәукен соған мәз еді де,
(Басқадай жаңалыққа аз ебі де).
– Бізге тек рекорд керек! – деп өзеуреп,
Соған бір жеткен бүгін кезеңі де.
– Рекордқа арамызда қырсау жоқ па?
Құрал да жетерлік! – деп ұрса топқа,
Кіжінді Шәукен тағы Ақтаевқа –
Ол ойын айтып жатты Русаковқа.
– Бұрғының дауыл күші қандай қатты!
Кеншінің еңсесіне таудай батты.
Осыны меңгеретін құрал іздеп,
Сарылып, миым менің талай қатты.
Сом бұрғы тасты соғып жатқан шақта,
Ұқсайды минометтен атқан оққа.
Соқтырмай иығына бұрғышының,
Басқартса сол қуатты автоматқа?
Шытынды Шәукен бұған. Бірақ Ысқақ
Кимелеп кетті, мұртын бұрап ұстап.
– Рекордпен алысқа біз шабамыз ба? –
Жортпасақ жаңаша бір құрал ұстап.
Уа, қандай Жезқазғанның шахталары!
Шақ емес бұған Кавказ шатқалдары.
Мұның кең қойнауында сан машина,
Кемеше дүзер еді шалқардағы.
Зор алаң, мұның екі-үш қабаты бар.
Кең сыяр мұнда экскаваторлар.
Осындай кереметті техникаға,
Беріліп бетті тегіс қаратыңдар!
Ал мұным құр қиял ма, ертегі ме?
Бұл игі қалмай істің ертеңіне,
Шахтаға ену керек! – деп толғанды,
Сол топтың қиялына ерте мүлде.
Бәрі де күлімдеді, шұлғып басын,
Көргендей шаттық еңбек шұғыласын,
Серпіле сөйлеп кетті Русаков та,
Мақұлдап кеншілердің шын ынтасын.
Ақанға сол тар забой ой түтеген,
Алатау аясындай көрінді кең.
Қаққандай жас қанатын шыңыраудан,
Екпінмен, келешектің еріне тең.
Қызық кой қиялымен есе білген,
Құздарды алыстағы кесе мүлдем!
Ах, Лера бұзды ойды: сын да жаңа
Заводта тетік темір кесегінен.
Мұны тез хабарлаған Байтасова,
Ал, Ақан, бұған дәлел айтасың ба?
Келіпті металл сенің тастарыңнан,
Тосыннан шырмалдың ба қайта сынға...
– Ақан кім? Дәлелдейді мына қылық,
Сендерде сөнген мүлде қырағылық! –
Деп Шәукен басты кәрі айғайына,
Ысқақ пен Русаковты сынап іліп.
Жүгірді Ақан жылдам, әлдеқайда.
Әлі де сұр қырсығы арылмай ма?
Мін таққан Әсияны, ар-намысты,
Асығыс алабұртып, алып ойға...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет