Дастандар



бет22/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Төртінші тарау

Көрсең сен күркіреген зеңбіректі,


Екпіні тітіренткен зеңгір көкті.
Көрсең сен жауынгерді жан таласқан,
Жаудырған жау шебіне сүргін оқты.
Сондай тап Ақан жатыр арпалысып,
Забойда, сом бұрғыны тарта қысып,
Зіркілдеп перфоратор зеңбіректей,
От қуат тегеуріні арта түсіп,
Соққылап жатыр құз-тас қабырғаны,
Бұрғының тұрқы узын, ауыр тағы.
Тұтып ол болат дүмін сол бұрғының,
Бір сағат иығынан аудармады.
Минутта батпан балға мың соғылып,
Алпауыт таудың төсін төнсе ұрып,
Мұның да сондай қатты әр соққысы,
Кемеңді кетер еді теңселдіріп!
Қарысып Ақан тұрды сол екпінге,
Инженер күндегіден бөлек мүлде,
Басында дулығадай сары каска,
Забойшы тұр иығын кезеп дүмге.
Тер ыршып маңдайынан тұр тіресіп,
Алдында тас қамалы құз сіресіп,
Жалаңдап көк сүңгісі бұрғысының
Бүйірін жатты таудың сүңгіп тесіп.
Иесі бұл забойдың Степан да
Тарлан да таңырқатқан іспен алда.
Тас түсіп иығына, сырқат еді,
Сол үшін Ақан бұрғы ұстаған да.
Маңдайы тершіп Ақан абыржыды, –
Бұрғының қандай сірә, ауыр зілі?
Табылса тәсілі бір жеңілтетін,
Көтерсе автоматпен дәу бұрғыны?
Осыны қазір Ақан ойлап тұрды.
Мың батпан жел екпінді айдап бұрғы.
Дүбірі иығына дүркін тиіп,
Ақанды ауыр зілі ойлаттырды.
Тұрған жоқ өзін аяп, сол себебі; –
Мыңдаған бұрғышының еңселері
Езілмей сом темірдің соққысына
Бейнетін техникаға берсе деді.
– Бүтін бе қарың, жігіт-оқымысты?
Сырттан кеп Ысқақ оның қолын қысты.
– Шырағым, қалам емес, бұрғы-болат,
Шыдайды мұндайға тек дәті күшті...


* * *

Ой басып жатыр еді, ұйқы аралас,


Әсия төсегінен көтерді бас.
Ысырды басындағы суық қолды,
Қараса, төне түсіп отыр Қараш.
Айналып айтылған бос әңгімеге,
Әсия неге бірге қалды деме?
Қараш та көпті білген епті жігіт,
Сөз табар тыңдатарлық әркімге де.
Қыз-жігіт шарап жұтса, шешім әзір,
Сондаймен кірленеді есіл әзіл,
Ери ме шарапқа қыз ырқы күшті,
Әсия жинай қойды есін қазір.
Ашуын үнсіз ғана тек білдіріп,
Ызбарлы көзбен қарап, кетті тұрып.
Әлде бір несиесі бар адамдай,
Қараш та едірейді, етті билік:
– Әсия, отыр, айтар тілегім бар?
– Жоқ, менің уақытым жоқ, тілек ұғар.
Оңаша қалдыр мені, – деді Әсия,
Түксиіп тұрды Қараш, – енді не бар?
Кінә не, еміренсе, мүсіркене?
Жоқ, іштен түтеп ескі кесір дәме,
Ашулы Әсияны жұбатқансып,
Аймалап қол жүгіртті төсіне де.
Көп сақтап, ынтығын ол сөндірмеді,
Сәті бір түсті ме деп, сеніп еді,
Әсия, өз үмітін бұлт басса да,
Бұған сәл ерімеді, егілмеді...
– Алдында біл, Әсия, қайғы барын!
Біл енді – үмітіңнен айрылғаның. –
Деп Қараш қайқаң етіп кетті үйден,
Сездіріп тағы ескі айбындарын...


* * *

Әсия тұрды байқап: – конвеермен


Ағылып ақша тастар келген өрден.
Жалт етіп жақұттай тас жөнеледі,
Үміттей ұстауға бір көнбей жүрген.
Тізіліп тас тобырдың бұл жасағы,
Көзінен қашып жылдам жылысады.
Сондай-ақ, бейне сеңдей соғылысып,
Жүрегін дамылы жоқ ой қысады.
Алдында тас түйгіш тұр, – сом құрышты,
Иірер кесектерді соғып күшті.
Құдды бір мұз жарғандай күтірлетіп,
Қарпиды темір келі – шойын тісті.
Талыстай ременімен жылжымалы,
Талқан тас жөнеледі жылжып әрі.
Әріде жалақтаған ақ алаулар,
Асайды түйірлерді шыжғырғалы.
Жүр қарап осыларды көз алмастан,
Опа емес,
ақша бетін тозаң басқан,
Шаң сілкіп шапшандаған кірпіктері,
Ал ойы тулай қашқан озар тастан.
Асыл кен ағылса да дәл аттасып,
Килігер арам тастар қабаттасып,
Сондай-ақ Қараш қалмай жүр соңынан,
Үміт пен өкінішке қанаттасып.
Құратын алдан оның дұзағы не?
Әлі де армандарын бұзады не?
Жалт берсе жалтыр тастай Ақан тағы,
Қайтпекші? Білмей қапа,
қыз әлі де...
Бөлді ойын ала-сапыран тас сырғанап,
Әсия люкке түскен тасты қарап
Тұр еді, сырт сарайға келіп жатыр
Кен артқан состав тағы бастырмалап.
... Сол жақтан тулай ағып тастар көшкен,
Құдды сол толқын ойдай бастан кешкен.
Әсия кетті шошып,
сатыр-күтір,
Люк іші бола қалды астаң-кестең.
Түсіпті кесек темір, бұзылды люк,
Сындырды тас түйгіштің жүзін ұрып.
Тоқталды тасқын ісі цехта айғай,
Сол айғай кетті ойды үзілдіріп.
Төтенше уақиғадай асығыс шақ,
– Бұл қайдан келген состав? –
Бастығын тап!
– Ақтаев бөлімінен! – Неткен шатақ!
Әсия тұрып қалды басын ұстап...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет