Дастандар



бет28/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
ӘЛЕК


I

Отырды хан ызамен арпалысып,


Ашуы аяз болып арқа қысып.
Желекті найзасымен жерді соғып,
Шеруін шатақ ойдың тарта түсіп.

Хан отыр қабақ түйіп қара бұлттай,


Аслан тұр хандай неге қарауытпай?
Түндігін ақ орданың түтек басты,
Далаға қаһар кетті тарап жұттай.

Қиналған қалың жұртқа қияң-қырда,


Қан бүркіп отырды хан қиялында.
Сақ кезеп садақтарын сырттандары,
Байлаулы жолбарыс тұр үй алдында.

Хан Жошы арыстандай аласұрған,


Хабар жоқ жорықтағы баласынан.
Қасында нояндары әмір күтіп,
Сескеніп отыр ханның қарасынан.

«Ханзада қандай торға арандады?


Қалайша қырық батыр оралмады,
Хан ұлын адастырған қандай сиқыр?» –
Бүлік ой хан басында борандады.

Ай болды жасауылдар атқа мінді,


Қамысы талай көлдің ақтарылды.
Өлігі ханзаданың жатыр ма деп,
Сілікті тіміскілер бақта гүлді.

Абыздың алжып айтқан аңызымен,


Құйғытты хабар тарап аң ізінен.
Ұйғырдың сәуегейі жөнін болжап,
Жол кешті әулиенің ауызымен.

Жындарын жиды желден бақсы біткен,


Май құйды, отқа шаман тақсыретпен.
Сыйынды сүлдесіне кәрі маңғұл,
Бір хабар естімеді тақсыр күткен.

Қанталап мысық көзі, хан сызданды,


Қалайша ұлынан ол аңсыз қалды?
Қыпшақтың қолтығына тыңшы тығып,
Бегіне Хорезмнің жансыз барды.

Бәрі де дәл айтпады жаңсақ білді,


Жөн таппай жортуылдар самсап тұрды.
Жүрген бір бөгде болса, бұғаула деп,
Аңдытты аламанға алшақ қырды.

Тау шіркін тітіренді тықпадым деп,


Сілкінді жер ұлыңды жұтпадым деп,
Еркесі ен даланың жел жүгірді,
Аударып атынан мен жықпадым деп.

Қақырап кеудесінде қаңтар бүлік,


Отырды ордасында хан тарылып.
Сусынан сырттандардың сағы сынып,
Сарғайды сыртта халық қаңтарылып.

«Тәңір-ау, ұшты қайда мұзбалағым?


Желден де басқан ізін қызғанамын.
Садаға – жосығына жөңкілген жұрт,
Садаға – күмбездері жүз қаланың.

Сүлдем-ау, жортты қайда тас түлегім?


Қапыда қалай сынды жас тірегім?
Садаға – тобырлы көп төленгітім,
Жолыңа – кесілген көп бас тігемін.

Құрды екен сұңқарыма кім дұзағын?


Жын болса, оны көктен қуғызамын.
Жан болса, тірі жүрген өзі түгіл,
Бабасын көрден жұлып тұрғызамын!

Қарсы бір қарады ма жау бетіме?


Жаралған жаһан менің нәубетіме.
Қай дұшпан қас қылды екен еркі жетіп,
Шыңғыстың шұбартөсті әулетіне.

Кетпесін кегім мәңгі ел есінен,


Арысын ашуымның елесінен.
Емшектен айырылсып нәрестелер,
Төл біткен ажырасын енесінен.

Ұлымның тартсын бірге ел де азасын,


Кектендім, кетіремін жер мазасын.
Ажалын аяулымның кім естіртсе,
Тілін кес, жендеттерім бер жазасын!»

Осылай ашу бүркіп ашынды хан,


Тік тұрды нояндары басын бұққан.
Жөнелді бәрі сыртқа мысықтай боп,
Алдынан арыстанның қашып шыққан.


II

Алапат басқан мынау елден алыс,


Жапанда жатты бөлек қалың қамыс.
Аясы аң мен құстың көлді қопа,
Тымаға, Елігімен болған таныс.

Ордасы қабан менен жолбарыстың,


Бұл жаққа баратұғын жол алыс тым.
Қуғыншы жортуылдап, жортпай мұнда,
Келген жоқ маңайына жолап ешкім.

Қасында отыр Елік тұман ойлы,


Доғарып домбырасын Тыма қойды.
Нажағай шарт етті ме күркесіне,
Қалайша қайран күйші тына қойды?

Құлан жоқ бұлықсыған кермесінде,


Тыманың күйік енген кеудесіне.
Шығанға телміріп бір қарап еді,
Құланы құйындатып келді есіне.

Ай өтті, сұмдыққа бұл шырмалғалы,


Сол хабар суық желдей сумаңдады.
Құлансыз, хан ұлынсыз бейуақытта,
Оралған қырық жігіт шығандағы.

Жай оғын төндіргендей дүлей аспан,


Өңдерін бәрінің де үрей басқан.
Жаңбырдай жамырасып жасауылдар,
Жұмбағын ханзаданың былай ашқан:

– Жұлдызы құдіреттің ағып түсті,


– Тәңірдің айы жерге жанып түсті.
– Жай түсті жолбарыстың саяғына.
– Жошының жүрегінен жалын ұшты...

– Шыңғыстың бәйтерегін дауыл жықты,


Көрген жоқ маңғұл мұндай ауырлықты.
Өлтірді құлан теуіп ханзаданы,
Жошыға сен жауап бер, дауы мықты.

– Түспейміз ханның ажал құрығына,


Бармаймыз оның қанды тұғырына.
Қопаға ханзаданы кеттік көміп,
Зытамыз енді өзіміз қыр құмына...

Солай деп қырық жігіт болды ғайып,


Сұмдық қой сыры мынау таңғажайып.
Құланын жоқтап шыққан күйші сонда,
Азасын аңызақ жел жонға жайып.

Шығанға қиялменен айсар қарап,


Есінен кетпейді сол сарсаң алап.
Жапанда жануардың ізі ғана,
Кетіпті аяғынан қан сорғалап.

Қанды ізін сүйіп күйші тебіренген,


Мұңдасқан ебелекпен, еру желмен.
Жүгірген құланым деп күйші талай,
Құйындап шаң тұрса да қоңыр белден.

Көрінбей кетті қайда шоқырағы,


Құраулап қырдан күнде шақырады.
Түн болса Елігіне мұңын шағып,
Күрсініп таңды көзбен атырады.

Қойды ол домбырасын жоғары іліп,


Күй қалды көкіректе доғарылып,
Шыдамай тебіренді жары сонда,
Пернесін жүрегінің қаға біліп:

– Түн болып түнердің ғой, Тымашым-ау,


Баттың ғой туман ойға түбі шыңырау.
Сөнді ме жүректегі шоғың сірә,
Салдың ғой күйге тұсау, тілге шырмау?

«Айналдым, құлыншақтай құланыңнан,


Оралса, сүйер едім құлағынан.
Айналдым, тұяғынан теңгеліктей,
Айналдым, жанған екі шырағынан.

Ол өлсе, басына мен табынар ем,


Терісін жарғақ етіп жамылар ем.
Жалғар ем, жал-құйрығын бұрымыма,
Тістерін шашпау етіп тағынар ем.

Разы бол, тұлпарына жел қанатты,


Жеріңнен жалмауыз сол жанды қақты.
Түлегін айдаһардың теуіп кетті,
Ханзада елді шаппай қанға батты.

Мінгізген құланыңа өзім едім,


Сұңқарым, торға түсіп езілмедің,
Сен үшін садаға деп сол бір тайды,
Өлерін ханзаданың сезіп едім.

Кетпеді ағып текке жұлдызымыз,


Еліңнен есе тапсын бұл мұнымыз.
Ардағым, сорлы жұртқа жөнелейік,
Күй болсын қанатымыз, дүлділіміз».

Айналып асылының зердесінен,


Шығарды күйші сонда шерді есінен.
Қайғыдан домбырасын ескек етіп,
Жөнелді жүйткігендей көл-көсірмен.


ІІІ

Жендет жүр Сыр бойында сілкіп қанжар,


Айдалған екі бетке мүскін жандар.
Шырылдап бөбек сайда, ана қырда,
Айнала азан-қазан, сыңсыған зар.

Бәріне хан қаһары бебеу берген,


Аржақта қозы маңырап көгенделген.
Шұрқырап жас құлындар матаудағы,
Шуылдап ұшқан құстар түгел көлден.

Айрылып ғашықтары сүйген тілден,


Сұлулар бұрымынан сүйретілген.
Шөл қағып жазирада шөккен ата,
Сақалын жендет жұлып, күйретілген.

Қайнатты талайлардын зығыр-кегін,


Жошының жын жұтты ма жүгірмегін?
Түте ме жүндей сабап, жебірлері,
Арқаның тұлақ болған ығыр жерін?

Шапқыншы жүгірсе де құйын құсап,


Ешбір жақ үн қатпады, тілін тұсап.
Тек қана ыңырсыды еңісте жұрт,
Басына қара бұлттан туырлық сап.

Ақ орда ажал еткен атын қырға,


Хан отыр қаһарына қатып мұнда.
Қарасын ханзаданың желден іздеп,
Ел жатыр белуардан батып мұңға.

Жошы хан шамырқанды шатырында,


Сәті жоқ шабуылға шақыруға.
Терісін сұр қабанның жамылды да,
Көмілді көрдей шерге ақырында.

Қасына ешбір жанды жолатпады,


Ызыңын масаның да жаратпады.
Орданың алдын баққан нояндардың,
Қылышы нажағайдай жалақтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет