Дастандар



бет32/41
Дата27.11.2022
өлшемі1,43 Mb.
#52906
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
1937
ЖАС КОММУНАР
(Париж Коммунасы оқиғасынан)15

Мен бүгін сонау мұңды сырға баттым,


Өткеннің түнегіне шырақ жақтым.
Елестеп қиялыма толқын тарих,
Бұлттары бұлдырады тұман жақтың.
Ол күні азаттықтың гүлі жанып,
Жауыздық өршеленген буырқанып.
Жаралы коммунарлар тебіренген,
Сыртында баррикадтың ыңыранып.
Сол күні Париж үстін тұман жапты,
Капитал оқ жыландай сумаң қақты.
Қарысқан қайран ерлер, – ер жұмысшы,
Атылған ажал оқтан құлап жатты.
Коммуна жалындатып от намысты,
Көшеден жарқылдаған шоқтар ұшты.
Сол күні қанды майдан толқынында, –
Коммунар, бір жас ұлан торға түсті.
Ол тұрды сұм ажалдын есігінде,
Тістенді, сұрамады кешірім де.
Ақырып жендет зұлым келген шақта,
Бір арман билеп кетті есін мүлде.
Тіл қатты офицерге қарап бала:
«Үйімде қалып еді зарлап ана
Сорлының сүтін еміп қоштасайын,
Жіберші, барып келем кәзір ғана».
– Жетімек, алдамақсың, – деді офицер.
– Ант етем, – деді бала, – тілегім бер.
– Қайда үйің?
– Фонтан жаны.
– Тез барып кел!
Сорлайсың, сәл кешігіп келсең егер!
Біткендей қанат енді ұшарына,
Зымырады анасынын құшағына.
...Еңіреп ана байғұс, сүтін иді,
Кеудесі толған еді құса-мұңға.
Аптығып айтты жылдам бала кекті,
Еңкілдеп көздің жасын ана төкті,
Жас ұлан құшағында, күйіп-жанып,
Күйдіріп елжіретті жан жүректі.
Жалынды қамқор ана бөбегіне:
«Жан ұлым, саған серттің керегі не? –
Бармашы, қайтып сонда, кел кетейік,
Орманның қалың жыныс әлеміне.
Жас ұлан, – деді, – мен сәбимін,
Несіне, өлемін деп құр налимын.
Өмірдің азабында қиналғанша,
Жанымды жағаласқан жауға қидым.
Қоршаған бұл әлемді қатал құрық,
Қуады бізді қашқын атандырып.
Қаңғырып айдалада өлгенімше,
Өлейін ерлерменен қатар тұрып!»

Жендеттер өлім күйін шырқап жатты,


Зеңбірек күркірейді бұрқап қатты.
Құныққан қанды өлімге әлгі офицер,
Баланы іздеп дереу, жалмаң қақты.
Сол бір сәт айғай-шулар тына қалды,
Офицер соған басын бұра қалды.
Жүгіріп өңі қашқан сол жас бала:
«Ал, ат!» – деп, қасқиды да тұра қалды.
Қайран қап қалың жендет аңтарылды,
Мылтықтар кезенді де, қаңтарылды.
Өр намыс, жас ұланның ерлігіне,
Кеңесін сұмырайлар қайта құрды.

Тістеніп жас коммунар тұр алдында,


Қорқу жоқ, жоқ қорғанар құрал мұнда.
Қандай күш, қандай ыза тістендірген,
Офицер, от көзінен сыр алдың ба?
Офицер қарауытып ойға кетті,
Жендеттің жауыздығы қайда кетті?
Қолдары қалтырады, өңі қашты,
Бір елес көз алдынан ойнап өтті.
Сұсты ұл, неткен бала, тастай қатқан?
От ыза сезілгендей қас-қабақтан,
Офицер тітіренді, сондай мың ұл,
Кектеніп ұмтылғандай басқа жақтан.
Офицер көздемеді жас ұланды,
Аспанға алтыатарын басып қалды.
Қалың бұлт арасына оқ жоғалып,
Дүние сақтап қалды қасық қанды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет