°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет34/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Қҧбылту, яки троп (грекше tropos-иiн, иiрiм) – сӛздердi тура 
мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде 
тiптi перделеп таныту, ойды ӛзгертiп, кейде тiптi ӛңiн айналдырып айту. 
Әдеби тiлдi ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңi – ең қарапайым түрi. 
Құбылтудың (троптың) түрлерi кӛп. Ең бастысы – ауыстыру, яки метафора 
(грекше metaphora ауыстыру-кӛшiру) – екi нәрсенi не құбылысты салыстыру 
және жанастырып – жақындату негiзiнде астарлы тың мағына беретiн бейнелi 
сӛз немесе сӛз тiркесi. 
Басқаша айтсақ, ауыстыру деген – сӛз мәнiн ӛңдерiнде ӛзгертiп айту, 
суреттелiп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу 
үшiн оларды ӛздерiне ұқсас ӛзге затқа не құбылысқа балау; сӛйтiп 
суреттелiп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын 
тереңдетiп, әсерiн күшейту. 
Мысал ретiнде Абай ӛлеңдерiнде кездесетiн жастықтың оты, жүректiң 
кӛзi, дүние есiгi, ӛмiрдiң ӛрi деген метафора үлгiлерiн атауға болады. 
Сондай-ақ: 
Гималай – кӛктiң кiндiгi, 
Гималай – жердiң түндiгi 
(I. Жансүгiров) 
Қыр тӛсiнде мӛлдiр айдын-ақ сынап, 
Жиегiнде жасыл кiрпiк – жас құрақ. 
(Ә. Сәрсенбаев) 
Сен жаралы жолбарыс ең, 
Мен киiктiң лағы ем 
(Пушкин-Абай) 
Күйдiрген хан мен қазыңды,
Күндеген талай патшалар 
Ұрлаттым гаућар тәжiмдi, 


45 
Қай жақтан табам, бәтшағар? 
Жоғалды алтын балдағым, 
Соғып ем кӛзiн лағылдан. 
Қ. Шаңғытбаев 
Ӛлеңдерде метафораның үздiк үлгiлерi. Қолданылған соңғы ӛлеңдегi 
ақынның гаућар тәж, лағыл кӛз, алтын балдақ деп отырғаны – 1964 жылдың 
жазында Алматының шығысындағы тау үстiнде қас пен кӛздiң арасында 
жоғалған Есiк кӛлi едi. Ақын қайғысының қаншалықты ауырлығын 
оқырманына ұлғайған метафоралар арқылы ұялата келiп, ең соңында “Есiгiм 
– есiл асылым, түскендей ағып кӛздерiм”, – деп аћ ұрғанда Сiз де амалсыз 
күрсiнесiз. 
Ауыстыру жеке сӛздерде немесе сӛйлем iшiнде ғана ұлғаюмен тынбай, 
кейде бүкiл шығарманың ӛн бойындағы бейнелеу тәсiлiне де кӛшуi мүмкiн. 
Соған байланысты соңғы жылдары әдебиеттануда метафора терминi жаңа
кең мағынада қолданылып жүр. Батыс Еуропада, Латын Америкасында 
роман жанрының соңғы мүмкiншiлiктерiн iздестiру нәтижесiнде туған 
бiрқатар шығармалар (Гессе, Маркес, Берхес, Карпентьер, Зюскин т.б. 
жазушылардың романдары) “метафоралық роман” деген сипаттамаға ие 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет