°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет57/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Лириканың тарихи тҥрлерi 
Ода (грек. Ode - ән) – есiмi елге тараған жеке адамдарды не батырларды 
мадақтаған я болмаса ел iшiндегi елеулi оқиғаларды дәрiптеген аса кӛтерiңкi, 
кӛңiлдi жыр. Әуелде Грецияда әр түрлi тақырыпқа арналып, музыкамен 
сүйемелдеп, хормен айтылатын ӛлең болған. 
Баллада (итал. Ballare - билеу) – оқиғаға құрылған лирикалық 
сарындағы ұзақ ӛлең; ақын ӛзiнiң кӛңiл-күйiн, толғанысын жырлап қана 
тынбайтын, сол сезiмдi туғызған себептердi оқиғаға айналдыра суреттеп 
кӛрсететiн поэзия жанры. Әуелде орта ғасырларда Францияда би үстiнде 
айтылатын оқиғалы жыр ретiнде пайда болған. Кейiн ӛткеннiң ерлiк iстерiн, 
қыз бен жiгiттiң қайғылы махаббатын, әруақ, жын-шайтан араласқан үрейлi 
оқиғалар жайлы елгезек сыр болып келетiн лиро-эпостық сипаттағы шағын 
сюжеттi ӛлең түрiне ауысқан. Мазмұны кӛбiне тарихи шындық, оқшау 
фантастикалық хал, ерлiк әрекет болып келедi. 
Идиллия (грекше eidyllion - суреттеу, сурет) – қарапайым еңбек 
адамының табиғат аясындағы қамсыз, алаңсыз ӛмiрiн суреттейтiн, алаңсыз, 
тыныш, тату-тәттi күй туралы ӛлең. Негiзiнен ақындардың, шаруалардың 
тыныш ӛмiрiн, табиғатқа жақындығын кӛтерiңкi леппен дәрiптей суреттеуге 
ұмтылуынан туған. Мұнда әлде бiр парықсыздау салтанат, қарекетсiз қызық, 
уайым қайғысыз қызғылт ӛмiр туралы; мал баққан, шӛп шапқан, егiн салған, 
балық аулаған адамдардың тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағындағы 
ӛтiп жататын сауық-сайран туралы сӛз болады. 
Сонет (итал. sonetto, sonare - сылдырау, сыңғырлау) – сӛздерi әуездi 
болып, ұйқастары ӛрнектi келетiн, сыңғырлап айтылуына назар аударылатын, 
ӛлеңнiң, шумақтың кестесi мейлiнше күрделi болып келетiн 14 тармақтан 
тұратын ӛлең. Алғашқы сегiз жолы катрен, кейiнгi алты жолы терцет деп 
аталады. Келiсiм кестесiмен, сазды үнiмен айшық ӛрнегi мен ойлы-күйлi 


70 
мәндi мағыналы, тармақтар саны қатаң сақталатын ӛлең бұл ӛлең түрi 
арнаулы ӛлшеммен, әр түрлi тақырыпқа жазылатын сыршыл ӛлең түрi болып 
келедi. XIII ғасырда Сицилияда туған, Данте, Петрарка кӛп жазған, батыс 
Европаның басқа елдерiне кең тараған, классикалық үлгiлерiн Шекспир 
жасаған. 
Арнау – әдеби шығарманың басында берiлетiн, сол шығарманың кiмге 
қандай оқиғаға байланысты екенiн кӛрсететiн, кӛбiнесе ӛлең түрiнде келетiн 
автор сӛзi. Сондықтан белгiлi бiр адамның бейнесiн мiнез-сипатын суреттеу 
мақсатымен жазылатын дербес поэзиялық туынды болып табылады. Мұнда 
автордың ӛз шығармасын белгiлi бiр адамға iзет-құрмет кӛрсетiп, сый ғып 
тартатыны туралы айтылады. Кейде арнайы шарықтау, кейде кӛлемдi лиро-
эпикалық шығармаға бет ашар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрiнде де 
жазылады. 
Элегия (грек elegeia - аянышты жыр) – кӛбiне тұңғиық ойға шолу, 
қамығу, жабығу сарындары басым, жабырқаңқы кӛңiл-күйiн, тiршiлiкке, 
тағдырға, табиғатқа мегзей қарайтын лирикалық толғаныс, нәзiк сыршылдық 
тән мұңды лириканың бiр түрi. Мысалы, Абайдың “Ауру жүрек ақырын 
соғады жай”, Мағжанның “Алдамшы ӛмiр” атты ӛлеңдерi. 
Эпиграмма (грек. Epigramma - жазу) – жеке адамға арналып айтылатын 
сықақ ӛлең. Мысалы,
Қайда Мағжан? 
Мағжан мынау 
Самолюбив, 
Очень ленив, упрямый паренек. 
Кӛрсе әйел, 
Кӛзi жоқ ол кӛбелек; 
 
Жолдан азып 
Закон жазып
Майқы боп 
Ақын Мәкең 
Отыр ма екен 
Қайқиып; 

Ақаң, Ақаң, 
Тiлек-батаң аққа жоқ. 
”Я, жаппар хақ, 
Мен шын нахақ”,- 
Де де жат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет