°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет59/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
 
Лириканың тақырыптық тҥрлерi 
Азаматтық лирика – лирикалық поэзияның заман жайын, әлеуметтiк 
мәселелердi қозғайтын үлкен бiр саласы, қоғамдық ӛмiрдiң кӛкейкестi 
мәселелерi, халық тағдыры мен мүддесi, оның келешегi арқау болған саяси-
әлеуметтiк лирикамен астасып жататын сарын. Ол ӛмiр жӛнiнде, халықтың 
тағдыры туралы ой-толғамдардың ақынның ӛз кӛңiл-күйiмен терең ұштасып 
кӛрiнуi арқылы жасалады. Мұнда адамның белгiлi-бiр дәуiрге байланысты 
ой-арманын мақсатын жырланады, жалпы әлеуметтiк мәселелер жайында 
толғанады, яғни халық қамын, оның қоғамдық халi арқау етiледi. Ақын заман 
сырын ашып, оның қайшылықтары мен кемшiлiктерiн кӛрсетедi, алға, 
болашаққа жол сiлтеп, ой қозғайды. Бұл – декабрист ақындар, сондай-ақ 
Пушкин, Лермонтов, Некрасов поэзиясында жиi кездесетiн тақырып. Қазақ 
поэзиясында Абай, Сұлтанмахмұт, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов 
поэзиясында әлеуметтiк маңызға ие болған лирика. 
Әлеуметтiк лирика – қоғамдағы, адамдардың қарым-қатына-сындағы 
елеулi құбылыстар халықтық, ұлттық мүдде туралы ақынның толғануы, 
тебiренуi; азаматтық парыз, ар-ождан, қауым алдындағы жауапкершiлiк
қоғам кӛтерiп отырған әр алуан жайлар, рухани жүк мазмұны болып 
табылатын лирика; халықтық, адамгершiлiк iзгi ойлар мен сезiм басым 
сарын. 
Саяси-әлеуметтiк лирика – кезеңдiк поэзияның саяси мәселелерi 
кӛтерiп, әлеуметтiк мақсат-мүдделердi паш ететiн саласы. Қоғам ӛзгерiс 
алдында, бұқара толқын үстiнде тұрған алма-ғайып кезеңде белсендiлiгi арта 
түсетiн лирика. Кеңес дәуiрiнде идеологиялық қысымның ырқымен қазақ 
поэзиясы ұраншылдыққа, даурықпа мақтанға кӛп ұрынған лириканың түрi. 
Философиялық лирика – ақындарды ой азабына салған ғалам сыры, 
тiршiлiк құпиясы, жазмыш жұмбағы туралы ӛлеңдер; терең ойлы 
шығармаларға мейлiнше бай қазақ поэзиясында қазiргi түсiнiкте Абай 
ӛнернамасынан басталып, Шәкәрiм, Мағжан творчествосында жалғасын 
тапқан лириканың түрi. Бұл–болмыс, ӛмiр, тағдыр жайын толғайтын, 
философия мен поэзия арасындағы мәңгi бiрлiктiң айғағы. Еуропа мен орыс 
әдебиетiнде Греция мен Рим дәуiрлерiнен келе жатқан философия-лық 
ағымдардың арнасында ӛркен жайған. Ж.Баласағұнның “Құтты бiлiк”, 
Қ.А.Ясауидiң “Диуани Хикмет” атты еңбектерi мен Әлiшер Науаидiң 
гуманистiк тұрпаттағы туындылары философиялық лирика-ның үлгiлерi 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет