БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бас әріптің қолданылатын орындары Негізгі ережелерде, мектеп оқулықтары мен анықтағыш құралдарда айқын көрсетіліп, бұл қағидалар едәуір қалыптасып кетті. Жалқы есімдердің, қысқарған сөздер мен төл сөздердің, көпшілік жағдайларда өлеңнің әрібір жолының, сондай-ақ күрделі атаулардың – мемлекеттің, саяси ұйымдар мен кәсіпорындардың, оқу орындары мен мекеме, газет, журнал, кітап, шығарма аттарының бас әріппен басталып жазылатындығы жазу тәжірибесінде толық орын тепті. Әйтсе де осы мәселе төңірегінде арнайы еңбектерде шағын түрде айтылып, немесе мүлде қағыс қалып жүрген жайлар бар. Соның салдарынан бірақатар сөздер мен атауларды, мысалы, ордендер мен медальдардың аттарын, құрметті атақтарды, немесе орыс орфографиясы бойынша қос сөз болып, әр сыңары бас әріппен таңбаланатын жер-су аттарын жазуда қиындықтар байқалып жүр.
Төменде қазақ жазуында бас әріп арқылы жазылатын жалқы есімдер мен күрделі атаулардың негізгі түрлері топтастырылып беріліп отыр.
Орыс орфографиясына сәйкес бас әріппен жазылатын күрделі атаулар мен жалқы есімдер.
Республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен таңбаланады: Қырғыз Советтік Социалистік Республикасы, Моңғол Халық Республикасы, Югославия Социалистік Федерациялық Республикасы. Коммунистік және жұмысшы партиялар аттарының емлесі де орыс орфографиясымен бірдей, яғни бұнда «партия» деген сөзден басқасы бас әріп арқылы жазылады: Куба Коммунистік партиясы, Қазақстан Коммунистік партиясы, Ямайка Жұмысшы партиясы. Сондай-ақ ең жоғарғы сайланбалы партия, комсомол басқару органдарының күрделі атауларын жазуда да орыс емлесінің қағидалары сақталады: ВЛКСМ Орталық Комитеті, Совет Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросы.
Одақтық, республикалық, министрліктер мен мемлекеттік комитеттер, мекеме, ұйым, кәсіпорын және оқу орындары атауларының алғашқы сөзі бас әріптен басталып жазылады: СССР Құрылыс министрлігі, Жеңіл өнеркәсіп министрлігі, Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехника институты, Қазақстан Журналистер одағы. Бұндай күрделі атауларды жазуда орфс емлесі бойынша бас әріптен басталатын сөз бен қазақ емлесі бойынша бас әріптен басталатын сөздің бірдей болмайтындығын ескеру қажет. Мысалы, орыс тілінде «Государственный комитет Совета Министров Казахской ССР по кинематографии» деген күрделі атауда «Государственный» сөзі бас әріптен басталса, қазақша аудармасында «Кинематография» сөзінде жазылады: Қазақ ССР Министрлер Советінің Кинематография жөніндегі комитеті.
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет бабының аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі бас әріп арқылы таңбаланады: Министрлер Советінің Председателі, Совет Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері.
Жеке адамдардың социалистік құрылысты орнату және Отанды қорғау жолындағы ерліктері үшін берілетін ордендер мен медальдар ұш ыңғайда жазылады: а) алдыңғы сөзі бас әріптен басталады: Ленин ордені, Халықтар достығы ордені; ә) күрделі сөздің барлық компоненттері (орден деген сөзден басқасы) бас әріп арқылы таңбаланады: Еңбек Қызыл Ту ордені, Октябрь революциясы ордені; б) орденнің, медальдың аты тырнақшаға алынып, бас әріппен беріледі: «Құрмет Белгісі» ордені, «Даңқ» ордені, «Батыр ана» ордені және «Ана даңқы» медальдары. Жеке адамдардың қоғам мен халық алдындағы елеулі еңбектеріне орай берілетін құрметті атақтардың алғашқы сөзі бас әріптен басталып жазылады: Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ ССР-інің халық артисі. Сондай-ақ еңбек жетістіктері мен табыстары бағаланатын құрметті атақтардың алғашқы сөзі ғана бас әріптен басталады: Құрмет грамотасы, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
Бірінші сыңары батыс, жаңа, жоғарғы, қиыр, оңтүстік, орта, орталық, солтүстік, төменгі тәрізді сөздер болып келетін мемлекет, жер-су, қала аттарының әрбір сөзі бас әріптен басталады: Батыс Европа, Жаңа Зеландия, Жоғарғы Вольта, Қиыр Шығыс, Оңтүстік Корея, Орта Азия.
Араб тіліне тән артикльдер арқылы жазылатын қала, жер-су аттары, кітап, шығарма аттары, негізінен, өзге халықтар тіліне ортақ емлесін сақтайды: Эль-Кубейт, Эль-Джадида (қала аттары), Эль-Катиф (порт), «Фусул алмадани», «Дивани лұғат ат-түрік». Бірқатар жалқы есімдердің алдындағы артикльдер «қазақшаланып» («әл» түрінде), бас әріппен дефис арқылы жазылады: Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әл-Кимаки. Сондай-ақ араб халықтары тілінде «баласы, ұлы» деген мағынаны білдіретін «ибн» сөзімен келетін кісі есімдері екі түрлі ажызлады: а) «ибн» сөзі жалқы есімнің алдында келсе, бас әріппен жазылады да, есім мен әкесінің аты арасында (отчество құрап) жұмсалса, кіші әріппен жазылады: Ибн Сина, Ибн Рушд; Ахмед ибн Абдуллах – Ахмед Абдуллахтың баласы.
Достарыңызбен бөлісу: |