Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Құрамында терпеноидтар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Сесквитерпендер



бет17/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Құрамында терпеноидтар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Сесквитерпендер
Түймешетен гүлдері – цветки пижмы – Flores Tanaceti
Кәдімгі түймешетен – Пижма обыкновенная – Tanacetum vulgare L.
Астрагүлділер тұқымдасы- семейство астровые - Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 50-150 см ұзын тамырсабағынан жіңішке шашақты тамырлар таралып өскен көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тік, жалаңаш. Жапырғы сағақты, ұзынша-жұмыртқалы, қос қауырсынды салалы. Гүл себеттерінің беті тегіс, жарытылай шар тәрізді пішіндес сабақтың ұзынша қалқан тәрізді орналасқан: сыртқы гүл ормандарының пішіні жұмыртқа қияқты, үшкір, ал ішкілері ұзын жұмыртқа тәріздес доғал, жоғары жағында және шеттерінде жіңішке ашық немесе бурыл. Гүлдері сары, түтікше тәрізді. Ұзынша келген жемістері шеттерінің ұсақ тісшелер көмкерген тұқымдар. Түймешетен шілде-қыркүйекте гүлдейді, жемісі тамыз-қазанда піседі.
Таралуы. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінен басқа жердің барлығында кездеседі. Орманды және далалы аймақтарда, орман алқаптарында, өзен жағалауларында, тау етектерінде, тау аралықтарында, жол жиектерінде, егістік шеттерінде өседі.
Дәрілік шикізаты. Гүлі ашылған гүл себеттірін (Flores Tanaceti) гүл сағағынсыз жинайды. Кептіргеннен кейін, олар шашылмауы керек. Гүл себеттері көлденеңінен 6-8 мм, жартылай домалақ формалы. Гүл табаны жалаңаш қияқты, сұр жасыл түсті гүл күлтешелерден тұратын гүл ормандарынан тұрады. Өзіне тән ысқылағанда күшейетін камфора иісі бар, дәмі татымды ащы.
Химиялық құрамы. Өсімдікте иілік заттар, танацет, галус, органикалық қышқылдар, минералды заттар, флавондар, майлар, алкалоидтар, ащы заттар – танацетин эфир майы – оның негізін 70%-ға дейін бициклды терпенді кетон, α-және β-туйон құрайды. Сол себепті өте улы. Туйонның басқа борнеол, пинен, камфора бар екені анықталады. Себет гүл шоғарында – флаваноидтар (лютенолин, кверцетин), иілік және ащы заттар бар.
Қолданылуы. Түймешетен препараттарын лямблиозда, холециститте, гепатитте, асқазан мен ұлтабардың жарасында, колитте қолданылады. Гүл себеттерінің тұнбасын сары ауруда, асқазан ішек жолдарының дерттерінде, әсіресе, асқазан қышқылдығы төмендегенде қолданылады. Халық медицинасында ауырғанда, подаграда, несеп тас ауыруларында қолданылады.
Шүйгіншөп тамырсабақтары тамырларымен-корневища с корнями валерианы-Rhizomata cum radicibus Valerianae
Дәрілік шүйгіншөп-Валериана лекарственная –Valeriana officinalis
Шүйгіншөптер тұқымдасы- семейство валериановые- Valerianaceae
Сипаттамасы:Биіктігі 1,5 м сабағы қуысты көпжылдық шөптесін өсімдік.Көлденең өскен тамырсабағынан көптеген жіп тәрізді тамырлар тарайды.Бірінші жылы өсімдіктің тамыр жапырақтары пайда болады, ал екінші жылы және одан кейінгі кезеңдері сабағы дамиды.Жапырағы қарама қарсы оналасқан,дара – қауырсын салалы,сағақты,жоғарғылары отырмалы.Гүлдері ұсақ ,қызғылт,сабақтың ұшына ірі қалқанша гүл шоғырын құрайды.Жемісі ұсақ ұзын жұмыртқа тәрізді тұқым.Маусымнан тамызға дейін гүлдейді.
Таралуы.Қазақстанда Жоңғар Алатауында,Іле,Күнгей Алатауларында,Қырғыз Алатауы мен Қаратауда кездеседі.Ылғалды орманды жерлерде өседі.Евразияда кеңінен таралған.
Дәрілік шикізаты.Шикізаты ретінде тамырсабақтары тамырларымен () жинайды.Жинауға қолайлы кезең қыркүйек айының екінші жартысы.
Химиялық құрамы.Эфир майының негізгі бөлігі болып борнилизовалерианат саналады.Майында бос күйінде және изовалериан қышқылының эфирі,монотерпенді спирт миртенол кездеседі.Бициклды монотерпендерден камфен және а – пинен,моноциклдық терпендерденден лимонен және спирт д-терпенеол кездеседі.Бұдан басқа үшциклдық сесквитерпен кессил спирті табылған.Жер үсті бөліктерінде негізгі тыныштандырғыш заттар валепатриаттар бар.
Қолданылуы.Ғылыми медицинада шүйгіншөптің сулы тұңбасы,микстурасы,тұндырмасы,экстрактысы жүйке жүйесінің қозуында кеңінен қолданылады.Халық медицинасында жүректің ақауында,ұйқысыздықта ревматизмде,қояншық ұстамасында кеңінен қолданылады.
Арша жемістері – плоды можжевельника – Fructus Juniperi
Кәдімгі арша – Можжевельник обыкновенный – Juniperus communis Киперистер тұқымдасы – семейсттво кипарисовые – Cupressaceae
Сипаттамасы. Мәңгі жасыл қылқанды бұта немесе биіктігі 10 м ағаш. Жапырағы өткір тікенді әр күлте басына 3 тікеннен орналасқан. Гүлдері қосүйлі аталық гүлдері қуыс сырға, ал аналық гүлдері шар тәрізді қуыс бүршік күйінде орналасқан. Бүршік жемістері жеке дара көбіне топталып орналсқан, домалақ, үнемі жапырақтарынан қысқа болады. Тұқымы 3-тен орналасып, ұзынша-үшбұрышты формалы, екінші жылы піседі. Маусым-шілде айларында піседі.
Таралуы. Тобыл, Есілде Көкшетау аудандарында кездеседі. Қарағайлы ормандарда кейде құрғақ тау беткейлерінде өседі.
Дәрілік шикізаты. Жемістерін (Fructus Juniperi) күзде толық пісіп болған кезінде жинайды. Жемістерінің иісі хош иісті, дәмі тәтті, татымды.
Химиялық құрамы. Жеміс жұмсағында 0,5-2% эфир майы табылған. Майлардың негізгі компоненттері-бициклды монотерпендер DL пинен, камфен, сабинен, жене олардың оттекті туындалары (борнеол және изоборенол). Сонымен қатар, моноциклді терпендерден L –терпинен, L-фелландрен, гипентен, DL-лимонен) және терпинол бар. Мұнан басқа бициклды сесквитерпен α-және β-кадинен табылған. Жемісінде 9% камедьтер, қант, пептинді заттар, органикалық қышқылдар (алма, сірке, құмырсқа) құрамы зеріттелмеген пигмент табылған.
Қолданылуы. Жемістерінің несеп айдайты, несеп жолдарын заласыздандырғыш, қақырық түсіргіш және асқорытуды жақсартатын қасиеті белгілі. Тұнбасы мен қайнатпасын медицинада және химиялық медицинада жүрек қызметінің жетіспеушілігенен болатын ісінулерде, митиоризмде, іш қатқанда, өт қабатындағы тас ауыруларында ішеді. Жемістерінен алынған эфир майын подаграда, аяқтың жансыздануында, невролгияда, ревмотизмде, полиартритте жағады. Халық медицинасында жемістерін асқазан , бауыр, тері дерттерінде (қышымады ттері бөрітпелерінде қолданады). Ерте кезден тәуір диуретик ретінде белгілі.
Иір тамырсабақтары – корневища аира – Rhizomata Calami
Батпақты иір – Аир болтный - ors calamus L.
Иірлер тұқымдасы – семейство ариоидные -
Сипаттамасы. Биіктігі 60-10 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қалың, өрмелеп өседі. Тамыр жапырақтары ұзын шоқ тәрізді, ашық көп түсті, жапырақтарының ұзындығы 1 м-ге дейін, ал ені 1-1,5 см ге дейін жетеді. Сабағы тармақсыз жасыл түсті үшкір қырлы. Гүлдері ұсақ қос жынысты, масқаты гүл шоғырын құрайды. Жемісі көп тұқымды құрғақ қызыл жиде.
Таралуы. Қазақстанда, Зайсанда, Алтайда, Ертісте, Жоңғар Алатауы мен Алматы облыстарында кездеседі. ТМД-ның Еуропалық бөлігенде, Орта Азияда, Кавказда, Батыс және Шығыс Сіберде, Қиыр Шығыста, Орталақ Америкада таралған өсімдік.
Химиялық құрамы. Тамырсабаақтары эфир майына өте бай. (5%дейін). Эфир майының құрамында сисквитерпенді лактондар: акорон, калакон жәнеде каламен, бициклдық монотерпендер D-α-пинен (1%), D-кампен (7%), D-камфора (9% дейін), борнеол (3%).
Сонымен қатар гликозид акорин, иілік заттар, аскорбин қышқылы (150 мг/ 100г – ға дейін) және басқада заттар табылған.
Қолданылуы. Ғылыми медицинада иірдің препараттарынын хош иісті ащы заттар ретінде бүйрек, бауыр, өт қабының дертерінде тәбет ашу үшін асқорытуды жақсарту үшін, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанда тонусты көтеру үшін пайдаланады. Иірдің тұнбасын қақарық түсіруге, қабынуға қарсы, инсектицидті, ішек – құрт ауыруларына қарсы ішеді. Иір суды микроорганизмдерден тазартып оны ішуге пайдалы етеді. Иірдің тамырларынан алынған ұнтағын іріңді жараларды жазу үшін себеді. Тұмауды эподемиясы кезінде пропилактика ретінде иірдің тамырсабақтарын кесіп алып шайнайлы.
Андыз тамырсабақтары мен тамырлары –корневища и кори девясила – Rhizomata et radices Lnullae
Биік андыз - Девясил высокий – lnulla helenium L
Астрагүлділер тұқымдасы - семейство астровые - Asteraceae
Сипаттамысы. Жуан, етженді көпбасты тамырсабағымен одан таралған аздаған тамырлары бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары бірнеше және олардың биіктіктері 1,5 м сырты әжімді жапырақтары ұзын сағақты, жапырақ тақтасы ұзын-жұмыртқа ұштары үшкірлеу, ұзындығ 50 см. Сабақ жапырақтары ірі жоғары қарай кішірейе бастайды, отырмалы, сабақты жартылай орай орналасқан. Гүл себеттері ірі, шеңбері 7 см, алтын – сары түсті, бір – бірден орналасқан себетінің орамдары жартылай омалақ терепица тәрізді көпжылдық, күлтелері шалқайыңқы орналасқан, жұмыртқа тәріздес, киіз түктес. Шеткі гүлдері жалған тілді, ортаңғылары - түтікті. Шілде-қыркүйекте гүлдейді.
Таралуы. Кавказда, Украйнада, Белоруссияда, Батыс Сіберде және Орта Азияда таралған. Өзен жағалауларында, ылғалды шалғындарда, орманды алқаларда өседі.
Дәрілік шикізаты. Тамырсабақтары мен тамырлары (Rizomata et radices Lnulae) әртүрлі формада ұзындығы 20 см, қалыңдығы 1-3 см өте қатты, сырты сұр-қоңырқай көлденең әжемді, сынығынан қарағанда сарғыш-ақ түсті қоңырай түсті жылтыр дақтары бар (эфир майлы ұялары). Иісі күшті, хош иісті ерекшелігі сонша диагностикалық белгісі ретінде пайдалануға болады.
Химиялық құрамы. Тамырлары мен тамырсабақтарында алантты эфир майы 1-3% бар. Майдың қиыршық бөлігі геленин деп аталады. Ол бициклды сескватерпинді қосылыстардан, лактондардан – алантолактоннан слиненуындыларынан тұрады.
Тамырлары мен тамырсабақтарында 40% дейін инулин бар.
Қолданылуы. Қақырық түсіргіш ретінде тыныс алу ағзларының дерттерінде қолданылады. Қайнатпасы немесе түрлі қықырық түсіргіш жинақтар құрамына енеді. Құрамындағы эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы, ішек құрттарына қарсы әсері бар. Бұнысы алантолактондарға байланысты. Жаңа галенді препараттар «Аллантон» құрамында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет