Дәрілік. Шикізаты. Көктемде, ерте жазда жапырақтарыы (Folia Farfarae) әлі үлкеймей трып (8-15 м көлденең) жоғары беті күңгірт – жасыл түсті, әрі жалаңаш кезінде жинайды.
Химиялық құрамы. Жапырақтарында 7-8% шырыштар (гидролиз нәтижесінде глюкоза, пентоза және урон қышқылдары түзіледі), щы глюкозидтер (2,6%), сапониндер, каротиноидтар, алмаа және жүзім қышқылдары қолданылады, инулин кездеседі.
Қолданылуы. Тұнбасы жұмартқыш, қақырық түсіргіш және қабынуға қарсы әсері бронхите, ларингитте, бронхоэктазда, өкпе абсцесінде қолданылады. Өгейшөп ертеден халық медицинасында кеңінеен қолданылады.
Жөке гүлдері – цветки липы-Flores Tiliae
Өзекті жөке – Липа сердцевидная – Tilia cordata Mill.
Жөкелер тұқымдасы – семейство липовые – Tiliaceae
Сипаттамысы: Жоғары ұшы аумақты ірі ағаш. Жапырақтары ұзін сағақты, жүрек тәріздес ұштары үшкірленіп біткен, күңгірт – жасыл түсті, жалаңаш, шеттері ара тісті. Жемістері – жаңғақтар; өсу ймағына байланысты маусым-шіілде айларында гүлдейді.
Таралуы. ТМД-ның Еуропалық бөліктерінің барлық орта бөліктерінде Батыс Сібір ене таралған, Кавказда, Қырымда өседі.
Дәрілік шикізаты. Гүлдерін (Flores Tiliae) гүдеу ортасында алғашқы гүлдері ашылып, қалғандары әлі қауызданып жатқанда жинайды. Көлеңкеліауада тез ептіреді. Қатты кеуіп кеткен гүлдері және дұрыс орамдау гүлдерінің түсіп қалуына әкеліп соғады.
Химиялық құрамы. Эфир майы (0,05%), полиохаридтер (7-10%), соның ішінде галактоза , рамноза, глюкоза, араабиноз, ксилоза және галактурон қышқылы; флавоноидтар (4-5%), соның ішінде гликозидтер кверцетин және кемпферол бар. Эфир майының ісі фарнезолға тән жұмсақ иісті.
Қолданылуы. Құрамындағы заттар қосылысы қабынуға қарсы, тұтқыр, иммунды реттейтін және басқа фармакологиялық қасиеттері бар. Жөке гүлдері шәй ретінде ішіледі (ыстық сулы тұнбасы) суық тигенде тер айдайтын және ауызды шааюға, тамақ ауыруында,демікпеде, катарактада қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |