Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Таралуы. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Ашық, күн жақсы түсетін жерге қажет. Құрғақшылық кезінде суару керек. (суармалы дақыл). Дәрілік шшикізаты



бет19/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Таралуы. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Ашық, күн жақсы түсетін жерге қажет. Құрғақшылық кезінде суару керек. (суармалы дақыл).
Дәрілік шшикізаты. Жемістері (Fructus Foeniculi)бір мезгілде піспейді, шеткі бүйір шатырларында жемістері ортаңғы шатырларындағы жемістерінен 10-20 күн кеш піседі. Шикізаттың шығынын болдырмау мақсатында ортаңғы шатырларындағы жемістері піскеннен кезде арнайы қайта жабдықталған комбайндармен жинайды. Бункерден шыққан жемістерін тез арада жабық қырмандарға дәнді толық кептіру және тазалау үшін жеткізеді. Басқа шатыршагүлділердің жемістеріне қарағанда фенхель жемістері ірі, ұзын, цилиндр тәріздес, аздап иілген, ұзындығы 4-10 мм, ені 2-4 мм. Олар екі жартылай жемістерге оңай бөлінеді, жеміс сыртындағы 5 ұзына бойына сыртқа шығып тұратын қабырғаларының үшеуі дөңес жағында және екеуі шетінде орналасқан. Жартылай жемістерінің көлденең кесіндісінен эфир майы бар 6 каналардан көрінеді, олардың төтеуі дөңес жағында, екеуі тегіс жағында орналасқан. Жемістерінің түсі сұрғылт – жасыл түсті, иісі мен дәмі анистің иісі мен дәміне ұқсас.Жемістерінің ластану деңгейі мен ылғалдану дәрежесіне қарай фенхель екі класқа бөлінеді. Медициналық мақсатта 1 кластық фенхельды ппайдаланады оның ылғалдылығы 14% - дан аспайды, ластану қоспанысың мөлшері 1%- дан аспауы керек, эфир майының қоспасы 2%-дан аспауы керек. Эфир майының жемістегі мөлшері 3%-дан аспауы керек. Эфир майы су буымен айдау және одан әрі оны ректификациялау арқылы алынады. Майы түссіз, 3-100С қатаяды.
Химиялық құрамы. Жемістерінде 3-5% эфир майы бар, оны құрамына анетол (50-60%), фенхон, α-пинен, камфен, басқа майлар кіреді. Жапырақтарында эфир майы, каротин, С, В1, К, Е дәрумендері бар.
Қолданылуы.Фенхель препараттарының қақарық түсіретін, микробты жоятын, несеп айдайтын және түйілуді бәсеңдететін қасиеті бар. Асқазаан – ішек жолдары түйілгенде, бронхитте, ауыз қуысы мен тамақты шайқауға, сонымен қатар бүйрек және өт тастары дерттеріне пайдалануға болады. Фенхельдің жемістері орталық жүйке жүйелерін тыныштандырады. Шөбінен жасалған препараттарын асқазан-ішек жолдары дертін, әсіресі ішектің түйілуін емдеуге қолданады. Фенхель тәбет арттырады, ас қорыту жұмысын күшейтеді, асқазан мен ішектерді газдан босатады, сіңір тартылуды бәсеңдетеді және жояды, бала емізетін аналарға сүт шығуын көбейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет