Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Кәдімгі Анис жемістері, Фенхель жемістері, Кәдімгі жебіршөп шөбі, Жатаған жебіршөп шөбі, Жұпаргүл шөбі



бет18/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Кәдімгі Анис жемістері, Фенхель жемістері, Кәдімгі жебіршөп шөбі, Жатаған жебіршөп шөбі, Жұпаргүл шөбі.

Кәдімгі анис жемістері – плоды анис быкновенного – Fructus Anisi Vulgaris
Кәдімгі анис – Анис обыкновенный – Anisum vuigare Gaertn.
Балдыркөктер тұқымдасы – семейство сельдерейные - Apiaceae
Сипаттамысы. Биіктігі 60 см біржылдық шөптесін өсімдік. Төменгі тамыржапырақтары домалақ, ірі тісті, ортаңғылары үш салалы, жоғарылары 3 ұзынша қияқты бөліктерден тұрады. Гүл шоғыры күрделі шатырлар. Гүлдері ұсақ. Жемісі – салбыраңқы жеміс.

Таралуы. ТМД-ның Еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінде, Америкада өседі. Қазақстанда мәдени түрде өседі.
Дәрілік шикізаты. Шикізатын күнзенің шикізаты сияқты жинайды. Жемістері (Fructus Anisi vulgaris) жұмыртқа немесе кері алмұрт тәрізді ұзындығы 3-5 мм, ені 2-3 мм, жеміс аяқтары бетін жатыңқы қысқа түктер басқан, онда ұзына бойына ақ жіп тәрізді қабырғалар орналаласқан. Жемісі сарғыш-сұр түсті, қзіне тән хош иісі бар, дәмі тәтті-татымды. Эфир майының мөлшері ресми шикізатты 1,5%-дан төмен болмауы керек, ылғалдылығы 12%- дан доғары болмауы керек.
Химиялық құрамы. Жемістерінде 1,2-3% дейін эфир майы бар. Олардың негізгі компоненттері анетол (80-90%), метилхавикол (10%) табылған. Бұдан басқа майында анисты альдеги, анискетон мен анис қышқылы табылған.
Қолданылуы. Ғылыми медицинада анистің препараттарын іштің қатуында, басқа да асқазан ішек жолдарының жұмысының нашарлауында, гастритте, метеоризмде қолдануға кеңес береді. Анис жемістері асқорытуды қоздыратын асқазан жинақтарының құрамында кездеседі. Халық медицинасында анисті лактацияны реттейтін, әр түрлі тұздықтарға қосу үшін қолданады.
Фенхель жемістері – плоды фенхеля – Fructus Foeniculi
Кәдімгі фенхель – Фенхель обыкновенный - Foeniculum vulgare Mill.
Балдыркөктер тұқымдасы – семейство сельдерейные - Apiaceae
Сипаттамысы. Биіктігі 1 метрге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы көкшіл-сұр, жоғарғы жағы бұтақтанған, ұсақ сызықты. Жапырағы көп ойықты бөлікке бөлінген, үшбұрыш жұмыртқа пішінді. Шатырында 20-25 гүлден, гүлі сары, жемісі көкшіл-сұр, жылтыр. Шілдеде гүлдеп тамызда жемістенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет