Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Кәдімгі жебіршөп шөбі – трава тимььян ообыкновенного – Herba



бет20/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Кәдімгі жебіршөп шөбі – трава тимььян ообыкновенного – Herba 
Thymi vulgaris 
Кәдімгі жебіршөп – Тимььян обыкновенный - Thymus vularis.L
Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые - Lamuaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 50 см – ге дейін өсетін, күшті тармақталған жартылай бұта. Бұталары 4 қырлы, сұрғылт-түкті, қысқарған бүйір өркендері бар. Жапырақтары ұсақ қарам-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, жоғарғы жапырақтарының қуысына гүл шоғыры құрай орналасқан. Гүл тостағаншалары мен гүл тәжі қос ерінді; гүл тәжі ашық күлгін немесе қызғылт, кейде ақ түсті. Жемісі – ценобий, 4 тұқымды, гүл тостағаншасына толық орналасқан. Маусым-шілдеде гүлдейді. Таралуы. Отаны – Испания мен Францияның оңтүстігі, онда ол құрғақ, ашық тау етектерінде өседі. Ресейде Краснодар өлкесіжәне Украина мен Молдваның оңтүстік аудандарында мәдени өсіріледі.
Дәрілік шикізаты. Бірінші орымды өсімдік толық гүлдеп тұрған шағында, екінші рет күздің аяғында өсімдік толық өсіп болғанда жинайды. Өсімдіктің шөптесін бөлігін орады. Шөбі (Herba Thymi) кептіріп сорттайтын машинада ірі сабақ бөліктерінен тазартады. Дәрілік шикізаты бүтін және жапырақтары, гүлдері мен жіңішке бұталаларының кесінділеріне тұрады. Жапырақтары қысқа сағақты, ұзын кері жұмыртқалы немесе ұзын-қияқты, ұзындығы беті 5-10 мм, екі жағынан дақтар жауып тұрады, үстіңгі беті жалаңаш, астыңғы беті қысқа түкті, шеттері тегі ішке қарай қайырылып тұрады. Жапырақтары өте хош иісті.

Химиялық құрамы. Гүлдеп тұрған шөбінде 0,8-1,2% эфир майы табылған. Негізгі компоненттерге тимол (40% дейін) карвакрол, n-цимол, бұдан басқа монотерпендер; линалоол, γтерпинен, терпенеол (4%)DL-пинен, L-борнеол, сонымен қатар сесквитерпен кариофиллен бар. Шөбінде урсол және олеанол қышқылдары мен фенол қосылыстары (флавоноидтар, кофеин, хлорген хин қышқылы) бар.
Қолданылуы. Шөбінен алынатын сұйық экстрактысы бронхитте және көк жөтелде қақарық түсіретін дәрмек ретінде пайдаланатын (Пертуссин» препараттарының құрамына кіреді. Эфир майы түрлі ысқылауға пайдаланатын линименттер құрамына енген. Эфир майы тимол алу үшін қолданылады. Бірақ соңғы кездері тимолды м-крезолды синтездеу арқылы алады. Тимолды ауыз қуысының, таңдай мен жұтқыншақтың кілегей қабаттарын дезинфекциялау үшін, тіс тәжірибесінде кариозды қуыстарды дезинфекциялау және дентинді анесезия парфюмерияда тіс пасталары мен шаюға арналған дәрмектер дайындау үшін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет