Құлмақ бүршіктері-шишки хмеля –Strobili Lupuli
Кәдімгі құлмақ-Хмель обыкновенный- Humulus lupulus
Тұттар тұқымдасы-семейство тутовые-Moraceae
Сипаттамасы.Екі үйлі,көпжылдық ұзын тамырсабақты шөптесін өсімдік.Сабағының ұзындығы 3-5 метр,кейде одан да көп,қырлы,өршелегіш,қырларында төмен қараған тікендері бар. Жапырақ түбі жүрек тәрізді ойық, жиектері ара тісті,сағақты. Жапырақ серіктері ланцеттей.Аталық гүлдері сабақың және бұтақтың ұшына шашақ сияқты жиналған. Аталығы шоқпарбас гүлсерігіне,жоғарғы жапырақтың қолтығына отырмалы орналасқан.
Маусым-шілдеде гүлдеп,жемісі шілдeтамызда піседі.
Таралуы. Қазақстан жерінде Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде,Тобыл,Есіл,Ертіс өзендерінің бойында,Семей қарағайлы орманында ,
Көкшетау,Ақтөбе,Мұғалжар,Батыс және Шығыс Сарыарқада,Алтай,Тарбағатай,Жоңғар,Күнгей,Қаратауда кнздеседі.Өзен аңғарында,сайларда,бұта аралығында,орман шетінде,бақа,бау-бақшада өсіп өнеді.
Дәрілік шикізаты.Құлмақ бүршіктері тұқым формалы жеміс серігі болып табылады және черепица тәрізді орналасқан жалпы осінен тұрады. Әр гүл жапырақтарынан жемісі –жаңғақтары пайда болады.Гүл жапырақтарын қалың сары бездер жауып тұрады. Құлмақтың бүршіктерін толық пісу алдында,жасыл-сарғыш түсті кезінде жинайды.
Химиялық құрамы.Құлмақ бүршіктері мен жеміс шоғырларында органикалық қышқылдар –валериан;эфир майы 0,23-1%,оның құрамында мирценол,гуметин,гераниол,мирцен,гумулон,лупулон,дипентен,линалоол;алкалоидтар –хумулан;В₁,В₃,В₆,С дәрумендері,иілік заттар 3,4%,флавоноидтар –астрагалин,изокверцитрин,рутин,кверцетин,антоциандар,халкондар,кумариндер,балауыз (воск),смола;дәндерінде алкалоидтар –горпеин;шыны майлар 24,4-128,5%,оның құрамында пальмитин,стеарин,олеин,менол,линолен қышқылдары бар.
Қолданылуы. Құлмақ препараттарын бүйрек дерттерінде,несеп айдауға,тәбетті күшейтуге және асқазан жұмысын жақсартуға дәрі ретінде қолданады.Өсімдіктің жеміс шоғырларымен қан қысымы артуын,ұйқы қашқанды булау арқылы емдейді.Құлмақ бүршіктерінің тұндырмасы қатерлі ісікке,әйелдердің етеккірі тоқтап,бала табудан қалған мезгілінде болатын ауруларына тыныштандырғыш және ұйықтатқыш дәрі.Болгарияда тері ауруларын емдейді.Жеміс шоғырларының құрғақ сығыны Венгрияда шығатын «Ховалттен»,Чехословакиядан –«Валоседан »,эфир майы,Германиядан шығатын «Валокордин» препараттарының құрамына қоспа ретінде кірген.Көп елдің фармакопиясында ресми дәрі.Өсімдік тұндырмасын халық емінде жара емдеуге,тәбетті күшейтуге,асқазанның,өт қабының,бүйректің,қуықтың қабынуына,өкпе құрт , бақатамақ,безгек,мерез ауруларына қарсы ұйықтатқыш,ауруды босататын,тыныштандырғыш дәрі ретінде пайдаланады.мен ерітінділер дайындайды.Оның қайнатпасымен қайызғақты жояды,шашты нығайтады,терінің қабынуын,безеуді емдейді.Құлмақ –улы өсімдің,сақ болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |