Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Жұпаргүл шөбі – трава душицы – Herb Origani



бет22/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Жұпаргүл шөбі – трава душицы – Herb Origani
Кәдімгі жұпаргүл – Душица обыкновенная - Origanum vulgare Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые - Lamuaceae
Cипаттамасы. Биіктігі 35-60 см, сүйкімді иісі бар, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы тармақталған. Сабағы тік өскен, сыртын түк басқан төрт қырлы. Жапырағы жұмыртқа тәрізді, шеттері тісті, сағақты. Гүлдерінің түсі күлгін түсті, сыпырғы гүл шоғырын құрайды, гүл тәжі қос ерінді күлгін-қызғылт түсті. Жемісі төрт жаңғақшадан тұрады. Шілдеден бастап қыркүйекке дейін гүлдейді.

Таралуы. Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе, Тобылдың, Есілдің, Ертістің жағалауларында, Семей ормандарында, Көкшетауда, Ақтөбе облысында, Алтайда, Тарбағатайда, Жоңғар мен Іле Алатауларында таралған. Өсімдік құрғақ ашық жерлерде, дала шалғындарында, бұта араларында, орман алқаптарында өседі.
Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herb Origani) гүлдеп тұрған кезінде шілде мен тамыздың алғашқы жартысында жинайды. Өсімдіктің жоғары бөлігін 20 см биіктікте кесіп алады. Шикізатын шатыр астында жақсы желдетілген көлеңкелрде қағазға немесе матаға жұқалап жайып кептіреді.
Химиялық құрамы. Шөбінің құрамында 1,2% эфир майлары, илік заттар, аскорбин қышқылы, флавоноидтар бар. Эфир майының құрамында ароматты фенолдар (тимол корвакрол), сесквиттерпендер, еркін спирттер мен геранилацетат бар.
Қолданылуы. Медицинада шөбінен алынған тұнбаны қабыну кезінде қақырық түсіргіш дәрмек ретінде, ішке атониясында, тәбет болмағанда ішеді. Халық медицинасында жұпаргүлдің шөбін тер айдайтын және несеп жүргізетін, асқазан ішек жолдарының ауыруларында, құяңда, қояншықта, туберкулезде жинақ құрамында пайдаланады.

Мия тамырлары, Маньчжур аралия тамырлары, Бүйрек шәй жапыра қтары, Көкшегүл тамырсабақтары тамырларымен, Қырықбуын шөбі, Женьшень тамырлары.
Мия тамырлары- корни солодка – Radice Glycyrrhizae
Жалаң мия - Солодка голая – Glycyrrhiza glabra .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет