Бақажапырақтар тұқымдасы – семейство родорожниквые – Plantaginaceae
Сипаттамасы.Тамыржапырақтары көптеген және бірнеше гүл сабақтары цилиндр тәрізді масақпен бітетін көпжылдық шөптесін өсымдік. Гүлдері ұсақ, пленкалы, ашық-қоңырқай түсті. Жемісі 8-13 тұқымды қорапша.
Таралуы. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі.
Дәрілік шикізаты. Жапырақтары (Folia Plantaginis) кең жұмыртқа немесе кең ллипс тәрізді кең ұзын сағаққа жіңішкеріп біткен, шеттері тегіс, ұзындығы 20 см дейін, ені 3-10 см дейін. Түсі жасыл немесе қоңырқай түсті. иісі әлсіз. Дәмі әлсіз ащы.
Химиялық құрамы. Өсімдік құрамында шырыш, каротин, К-дәрумені, аскорбин қышқылы, гликозид аукубин, лимон ққышқылы, аздап иілік заттар бар.
Қолданылуы. Жапырағы жөтел жинағының құрамына енген. Сулы тұнбасын бронхиальды без секрециясын күшейтеді, мұнда қықырық жұмсарады, оның жөтел кезінде бөлінуі жеңілдейді. Препараттың спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсері бар.
Жалбызтікен тамырлары -Корни алтея – Redices Althaeae
Дәрілік жалбызтікен - Алтей лекарственный – Althaea officinalis L.
Армиян жалбызтікені – Алтей армиянский - Redices Althaea Ten.
Құлқайыырлар тұқыымдасы – семейстао мальвовые – Malvaceae
Сипаттамысы. Екі түрі де қысқа көп басты тік орналасқан тамырсабақтарымен тамырлары тармақты: бас тамырдың жоғары жағы ағаштанған, ббүйір тамырлары – ірі, сөлді, ашық-сары түсті, қалыңдығы 1,5,2 см, ұзындығы 50 см. Сабақтары бірнеше, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтарының шеті бүтін, езекті орналасқан, ұзынсағақты, масатты тәрізді түктелген; төменгі жапырақтары жүрекше-жұыртқа тәрізді, 3 салалы; жоғарылығы – үшбұрышты-жұмыртқаша аздап3 алалы; армияндық жылбызтікеннің жапырақтары терең 5 салаланған, салаларының ұшы үшкірлеу шеттері өткір тісті. Гүлдері жоғары жапырақтарының қойныныда, сабақ ұштарында орналасқан. Олар масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды; гүл тостағаншалары қос абатты ішкілері 5 күлтелі, сыртқалары 9-12 бөліктен тұрады; үл тәжі күңгір-алқызыл, 5-бөліктен тұрады; аталығы күлгін көптеген түтікше жіптерімен бірігіп өскен аналығының түйіні жоғары жағында. Жемісі – схизокарпий (бөлекті қорапша); гүл табанымен біріккен бірнеше мерикарпиден тұрады, олар жеміс піскенде үзіліп шашылып қалады.
Таралуы. Дәрілік жалбызтікен ТМД-ның еуропалық бөліктерінде, Украинада, Белоруссияның оңтүстік аудандарында, Солтүстік Кавказда, Поволжьде өседі. Кейде Шығыс және Батыс Сібірде кездеседі. Армян албызтікені дағыстанда, Арменияда және Грузияда өседі. Краснодар өлкесі мен Украинада мәдени түрге енгіізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |