Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Беннеттиттер тұқымдасы (беннеттитовые) - Bennettіtaceae



бет132/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Беннеттиттер тұқымдасы (беннеттитовые) - Bennettіtaceae


Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің тобы ыстық және құрғақ климатты облыстарда өскен. Вильямсониядан айырмасы сол, бұл тұқымдастың т‰рлерінің діңдері әрі жуан, әрі қысқа болады (биіктігі 1 м- ден аспайды) әдетте олар бұтақтанбайды. Осындай діңдердің басында бір рет қауырсындалған ‰лкен жапырақтары бөрікбас т‰зеді (крона). Ең көлемді және кең таралған туысына цикадеоидея (Cycadeoіdea) жатады. Цикадеоидеяның стробилі (шишкасы) қос жынысты болған. Стробилінің құрылысы жалпы барлық басқа беннеттиттердің стробилдерінің құрылысымен бірдей. Бірақта осы уақытқа дейін стробилдің ашылғаны кездеспеген. Цикадеоидеяның бір ғана діңінде 600-дей стробил т‰зіледі екен.
Белгілі америка ғалымы Д.Уиландтың тұжырымдауы бойынша цикадеоидеялар жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер болған. Бірақ америка палеботаниктері Т.Делевориастың және басқалардың соңғы кездердегі зерттеулері цикадеоидеялардың стробилдерінің (шишки) құрылысы жөніндегі біздің көзқарасымызға елеулі өзгерістер ендірді. Бұл ғалымдардың пікірі бойынша цикадеоидеялардың микростробилдері біршама к‰рделі болып қалыптасқан арнайы маманданған құрылым (орган). Әрбір микроспорофилл ортасын алып тастаған апельсиннің шырынды бөліктеріне (дольки апельсина) ұқсас болған. Бұл қуыс (“терезе”) бірінің ‰стіне бірі екеу-екеуден жұптасып, радиальды бағытта орналасқан шабақтармен (“перекладинками”) толтырылған. Осыларға сопақша болып келген спорангийлері бекінген. Әрбір стробилдің барлық микроспорофиллдері т‰п жағынан бір-бірімен біріккен болып келеді. Т.Делевориастың пікірі бойынша цикадеоидеялардың стробилдерінің құрылысы, олардың желмен тозаңдану м‰мкіндігін жоққа шығарады. Бұған цикадеоидеялардың тозаң дәндерінің ‰лкен болуы, 40-90 мкм-ге жетуі дәлел болады (қазіргі кездердегі желмен тозаңданатын өсімдіктердің тозаң дәндерінің мөлшері 30мкм-ден аспайды). Осыған байланысты цикадеоидеялар негізінен өзін-өзі тозаңдандыратын өсімдіктер болған деген көзқарас қалаптасып отыр. Алайда олар оқтын-оқтын насекомдар мен тозаңданып отырған. Шындығында цикадеоидеялардың насекомдармен зақымданған стробилдері жиі кездеседі (шамасы бұлар қоңыздар болса керек). Насекомдарды шамасы тұқым табанының, микроспорофиллдерінің шырынды ұлпалары, бәлкім тіптен тұқымб‰рлерінің өздері еліктіретін болса керек.
Беннеттиттердің ең ‰лкен және аса кең таралған туысы цикадеоидеяның (Cycadeoіdea) тасқа айналған діңі Солт‰стік Американың территориясында жиі кездеседі. Сонымен бірге олардың қазба-қалдықтары Батыс Европада, Италияда, Монголияда, Индияда және Жапонияда кездеседі.
Шамасы беннеттиттер тұқымды папоротниктерден шыққан болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет