Гинкголар класы бір қатардан (Gіnkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегі флорада кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Gіnkgoaceae).
Гинкго класының қазіргі кезде екі телімді гинкго (гинкго двухлапостной
– Gіnkgo bіloba) деген бір ғана т‰рі кездеседі. Бұл т‰р жабайы т‰рінде Оңт‰стік-Шығыс Қытайдың тауларында ғана өседі, ол жерлерде қылқанжапырақтылармен және жалпақжапырақтылармен бірге орман т‰зеді. Гинкго көп уақыттан бері Қытайдың қоңыржай климатты аудандарында мәдени жағдайға ауыстырылған (оның тарихи XІ ғасырға дейін барады). Кейіндеу гинкгоны жапондықтар мәдени жағдайға ендірген, ал 1727 ж. ол Батыс Европаға әкелінген, сөйтіп ботаникалық бақтарда және парктерде өсіріледі. БОР-дың территориясында гинкго Қырымда, Кавказда негізінен ботаникалық бақтарда және парктерде өсіріледі. Бізде Алматының ботаникалық бағында да аздап отырғызылған, бірақ бұл жерде ол өте нашар өседі. Гингко өте ұзақ өмір с‰ретін өсімдік. Қытайда, Жапонияда және Кореяда 1000 жылдан астам уақыт өсіп тұрған көптеген гинкго ағаштары белгілі. Қысқасы қолайлы жағдайда гинкго ағашы адамдардың көптеген ұрпағына қызмет етеді.
"Гинкго-тірі қазба т‰ріндегі өсімдік". Бұрынғы геологиялық дәуірлерде, әсіресе мезозойда, гинкголар жер бетінде кең таралған өсімдіктер болған. Гинкголардың негізгі таралған жерлері Евразия және Солт‰стік Америка болған, сонымен бірге олар оңт‰стік ендіктерде де кездескен. Гинкголардың 17 туысы сипатталып жазылған. Нағыз гинкголардың алғашқы рет палеозой эрасының қабаттарынан, карбонның ‰стіңгі қабаттарынан (Dіchophyllum туысы) және пермнің төменгі қабаттарынан (Sphenobaіera туысы) табылған. Гинкголар бор дәуірінен бастап өле бастаған.
Gіnkgo bіloba - жапырағы т‰сіп қалып отыратын, биіктігі 40м болатын ағаш, діңінің жуандығы 4,5 м жетеді. Гинкго жақсы бұтақталатын ағаш, оның сабақтары мен бұтақтары қалың пирамида тәрізді бөрікбас (крона) т‰зеді. Екі т‰рлі өркені болады -ұзарған және қысқарған. Ұзарған өркендерінде жапырақтары шашыраңқы орналасады, ал қысқарған өркендерінде олар 3-5-тен топтасып шоқ т‰зіп орналасады. Жапырақтарының сағағы болады, ал тақтасының формасы веер тәрізді. Жапырағының ‰стінгі ұшы көп жағдайда екі телімді, ал қысқарған өркендерінде біршама тұтас болып келеді. Жапырақтары дихотомиялы ж‰йкеленеді. Көктемде және жазда жапырақтары ашық жасыл, к‰зде сарғыштау т‰стен қанық-қызылға дейін өзгереді.
Гинкгоның сабағының анатомиялық құрылысы қылқан жапырақтыларға өте ұқсас. Сабағында нашар жетілген өзегі болады. Одан шетіне қарай радиальды қабырғаларында көмкерме саңлаулары бар трахеидтерден тұратын, екінші реттік с‰рек орналасады. Соңғы с‰регінде жіңішке өзектік сәулелері болады. Одан әрі камбий және қабық орналасады.
Гинкго екі ‰йлі өсімдік. Аталық "г‰лшоғыры" сырға тәрізді (97,1-сурет) болады. Сырғалары қысқарған сабақтың жоғарғы ұшында орналасады. Сырғаның ұзын өсінде микроспорофиллдері орналасады. Әрбір микроспорофиллдің жалпайған жіпшесінің төменгі жағында әдетте екіден (кейде 3-7) микроспорангийлері болады. Микроспораларының ауа қуысы (қапшығы) болмайды.
Микроспора микроспорангийдің ішінде өсіп аталық өскіншеге айналады. Бұл жағдайда алдымен проталлиальдық клетка бөлініп шығады, бірақ ол көп ұзамай бұзылып жойылады. Содан соң, екінші проталлиальдық клетка бөлініп шығады. Қалған ядро тағы бөлініп, екі клетка т‰зіледі: ‰лкен антеридиальдық және вегетативтік (гаусториялық). Соңғысы тозаң т‰тігінің клеткасына сәйкес келеді. Осындай ‰ш клеткалы жағдайында, өскен микроспоралар микроспорангий жарылғаннан соң сыртқа шашылады да желмен тұқымб‰ріне барып т‰седі. Бұл жерде аталық гаметофиттің одан әрі дамуы жалғасады (98,1,2-сурет).
Тұқымб‰рінің саны екеу болады, олар дихотомиялы бұтақтанған сабақшаның басында жетіледі (97,4-сурет). Әрбір тұқымб‰рі т‰п жағынан сақина тәрізді, белдемемен (валик,воротничок) қоршалған, олар редукцияға ұшыраған мегаспорофиллдер. Осындай мегаспорофиллдердің жиынтығы қысқарған сабағының жоғарғы ұшында, жасыл жапырақтардың қолтығында орналасады (97,3-сурет). Тұқымб‰рі (мегаспорангий) қалың интегументпен қоршалған, оның жоғарғы жағы бірікпеген болады. Бұл жерде жіңішке канал (т‰тік) - тозаң тесігі (микропиле) көрінеді. Одан әрі нуцеллус орналасады. Нуцеллустың ‰стіңгі клеткалары ериді де тозаң камерасы (қуысы) т‰зіледі (97,7-сурет). Сәл төмендеу нуцеллусте мегаспораның аналық клеткасы т‰зіледі, ол бөлініп төрт гаплоидты мегаспора береді. Оның жоғарғы ‰шеуі көп ұзамай өледі, ал төменгісі бөліне бастайды. Бұл жағдайда алдымен ядро т‰зіледі, содан соң барып олардың арасында көлденең перделер пайда болады. Нәтижесінде көп клеткалы эндоспермнің жоғарғы жағында әдетте екі архегоний жетіледі. Архегонийде жұмыртқа клеткасы, құрсақ канал клеткалары және мойын клеткалары болады (97,7-сурет).
Желмен тұқымб‰ріне т‰скен микроспора, тозаң тесігі арқылы тозаң қуысына өтеді, осы жерде оның қабықшасы жарылады, сөйтіп вегетативтік (гаустариялық) клетка өсе бастайды, ол жіңішке бұтақшаларының (отросток) көмегімен нуцеллустың ұлпасына енеді. Осы бұтақшалардың көмегімен, аталық гаметофит нуцеллустың клеткаларынан қоректік заттарды алады. Антеридиальдық клетка екі клеткаға бөлінеді: тірсек клеткасына және сперма т‰зетін клеткаға. Соңғысы ұлғайып өсіп бөлінеді, нәтижесінде екі қозғалғыш сперматозоидтар т‰зіледі, олардың алдыңғы жағында бір топ талшықтар пайда болады (98,4-сурет). Гаустория (тозаң т‰тігі) ұлғайып өседі, оның төменгі ұшы архегонийге қарай бағытталған. Тозаң т‰тігінің ішінде проталлиальдық клетканың ядросы, тірсек-клеткасының ядросы және екі сперматозоид болады, олар жалпы плазманың ішінде ж‰зіп ж‰реді. Одан әрі тозаң т‰тігінің ұшы жарылады, оның ішіндегі заттары эндоспермнің жоғарғы жағындағы шұңқырға т‰седі. Осы жерде сперматозоидтар біраз уақыттар
бойы ж‰зіп ж‰реді, содан соң оның біреуі архегонийдің жұмыртқа клеткасына бағытталадыда, онымен қосылып ұрықтандырады.
Ұрықтанған жұмыртқа клетка бөлінуге кіріседі. Көп ұзамай жалпы плазманың ішінде көптеген ядролар т‰зіледі. Содан соң ядролардың арасында перделер т‰зіледі, нәтижесінде ұрықтың көп клеткалы ұлпасы (ткань) пайда болады. Бұл ұлпаның астыңғы клеткаларынан тамырша, сабақша және ұрықтың тұқымжарнақтары пайда болады, ал ‰стіңгі клеткаларынан, созылып ілекер (подвеска) т‰зіледі.
Тұқым интегументтен пайда болған қалың қабықпен қапталған. Қабықшаның сыртқы бөлігі етженді болады; оның астында қатты тасты қабықша және ішкі жұқа жарғақ қабат орналасады. Тұқымның ұрығы эндосперммен қоршалған болады (98,5-сурет).
Қазба т‰рінде табылған Baіera-ның (триастың ‰стіңгі қабаттарынан табылған) жапырақтары бірнеше рет тілімделген, ал аналық стробилінде (шишки) көптеген тұқымб‰рлері болған. Гинкголарға тағы бірнеше туыстар жатады, олар да жапырақтарының қалдықтарымен белгілі. бұлар байера (Baіera) эретмофиллум (Eretmophyllum), гинкгодиум (Gіnkgodіum), глоссофиллум (Glossophyllum), сфенобайера (Sphenobaіera), тореллия (Torellіa).
Олардың ең алғашқы, ерте пайда болғандарына сфенобайера жатады, ол перм дәуірінің қабаттарынан табылған, басқаша айтқанда палеозой эрасының соңында өмір с‰рген. Біздерге белгілі қазба т‰ріндегі гинкголардың ішіндегі ең жасы Флорина гинкгосы (Gіnkgo florіnіі), ол Батыс Европада плиоценнің қабаттарынан табылған және эпидермисінің құрылысы бойынша қазіргі кезде өсетін т‰рімен көп ұқсастықтары бар.
Гинкголардың басқа ашықтұқымдылармен филогенетикалық байланысы т‰сініксіздеу. Әдетте оларды с‰рек құрылыстарының ұқсастықтарына қарап, кордаиттерден шығарады. Бұл белгісі гинкгоны қылқан жапырақтылармен де жақындастырады. Бірақ гинкголардың тұқымды папоротниктермен ортақ белгілері бар (көбеюі, тұқымб‰рінің құрылысы). Соңғы кездері кейбір ботаниктер гинкголарды тіптен эволюцияның макрофиллді тармағына (линиясына) жатқызып, оларды Cycadopsіda-лардың арасына кірістіреді.